Ұлттық мәдени кеңістіктегі жалқы есімдердің прецеденттік сипаты


Түркістанның түбін түйе ғана шалады



бет15/15
Дата07.02.2022
өлшемі195 Kb.
#86624
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Жалқы есімдердің прецеденттілік сипаты

Түркістанның түбін түйе ғана шалады
Мәдени код: «Түркістан ертеде, барша түркі халықтары жайласқан ұлан-ғайыр өңірдің, Тұран елінің атауы болған замандарда, ол елдің бір шетінен екінші шалғай шетіне дейін тек түйе малын мінген жолаушы ғана жеткен, түйе керуені ғана шалып жете алған. Түркістан – түйе ғана шалып шыға алатын таулы, өзенді өлке, құмды, шөлді кең дала, ұлан-байтақ өлке дегенді аңғартады».
Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?
Мәдени код: «Ұлытау да, ұлар еті де қазақ ұғымында қасиетті мекен, қастерлі ас саналған. Ұлытау – қазақ халқының шоғырланып, бас қосқан, елдігін таныған, Ұлы атанған, түрлі-түсті металға, басқа да жер байлығына толы, қазақ хандарының мазар-кесенелері жатқан қасиетті Арқа өңіріндегі құнарлы өлке «Ұлытауда болдың ба?» дегенге барып саяды; сирек кездесетін ұлар құсы да осы Ұлытауды мекендейді екен. Оның бір қасиеті ұрғашысы таудың бір беткейінде, еркегі (қоразы) екінші беткейінде жасап, тек шағылысатын кезеңде ғана кездесіп (ұлардай шулап), басқа уақытта бөлек өмір сүреді екен. Оларды ұстап, шипалық қасиеті бар етін жеу де, осыған байланысты өте қиын көрінеді».
Бұл мәтелге байланысты айтылған пікірлерге қосыла отырып, Ұлытау мен ұлар құстың қасиеттілігін жоққа шығармай, қолдай отырып, Ұлытау, ұлар сөздерінің бас әріптері үндесіп, ұйқас мәтін құрып тұр, яғни бұл жерде ұйқастық соңғы рөл атқарып тұрған жоқ деген ойдамыз. Алайда бұл мәтіндегі Ұлытау да, ұлар да көпшілікке мәлім денотатты, деректі нысаналар, яғни ақиқат реалды жер, ол жердегі реалды құс та табиғатта бар. Сондықтан, бұл біздің ойымызша, прецеденттік статусқа ие мәтін.
Прецеденттік феномендердің түрлі мағыналық, құрылымдық, компоненттік трансформацияға ұшырау процестері негізінен БАҚ дискурстарында, көркем поэтикалық шығармаларда, саяси т.б. дискурстарда, сондай-ақ бақылауға бола бермейтін спонтанды тілдік айналымда жиі де нәтижелі қолданылады.
Прецеденттік феномендердің құрылымында өзегі мен перифериясын айыруға болады, сондай-ақ когнитивтік базаның өзегі мен перифериясындағы ПФ-ді бөліп көрсетуге де болады. Диахрондық тұрғыдан қарастырар болсақ, перифериядағы ПФ уақыт өте келе, когнитивтік базаның өзегіне қарай жылыстап, жақындай түседі де, кейбір ПФ керісінше, өзектен периферияға қарай жылыстайды. Мәселен, кеңес дәуірінде қалыптасқан, кезінде өзекті болған прецеденттік есімдер, прецеденттік жағдайлар мен прецеденттік мәтіндер халқымыздың қазіргі когнитивтік, негізгі танымдық қорынан өзінен-өзі шеттеп, алыстатылып барады, мысалы, тың игеру, бюроға салу, бесжылдық жоспар және т.б.
Байқағанымыздай, қазақ тілі қорында прецедентті феномендердің біраз бөлігін тұрақты тіркестер мен фраземалар құрайды екен, яғни ішкі мағынасы онимдік бірлікпен байланысты болып келетін фразеологиялық бірліктер көптеп кездеседі. ПФ құрылымында біз екі код түрін ажыратамыз: мәдени код пен лингвистикалық код. Зерттеуші Р. Авакованың жұмысында құрамында онимдік бірліктері бар фраземалар арнайы топ ретінде кеңінен қарастырылғандығын және фраземалардың семантикалық құрылымындағы ішкі формаға тереңдеп барғандығын атап өту керек [39, 53-67 б. б.]. Біз жұмысымызда ПФ-нің ішкі формасын лингвистикалық код деп ықшамдап алып отырмыз. Алайда сөздің ішкі формасы мен оның семантикалық өрісін құрылымдайтын лингвистикалық код бара бар ұғымдар ма, қайсысы кеңірек, статусы қандай деген мәселе арнайы зерттеуді қажет етеді.
Прецеденттілік табиғатының біз қозғаған мәслелердің сыртында қалған көптеген теориялық мәселелері болашақта кешенді түрде зерттелуі тиіс. Мәселен, ПФ-дің іштей өзара ауысу аймағын анықтау, диахрондық-синхрондық сипатын айқындау, қабылдау инварианттарының құрылымдалуы, жеке, әлеуметтік және халықтық когнитивтік базада ПФ ықшамдалу (минимизация) ерекшеліктері, өзге ПФ атамай-ақ тек прецеденттік есімдер құрылымын, оның грамматикалық, коннотациялық, метафоралық, метонимиялық сипатын, тілде «жаңғырып» отыру ерекшеліктерін (көптеген көрнекі мысалдар негізінде, бұл әсіресе көркем және публицистикалық, саяси дискурстарда сәтті болмақ), ондай жаңғыру түрлерінің сипаты т.б. мәселелерді қазақ тіл білімі аясында зерттеу қажеттілігі күмәнсіз.
Жалпы этнологиялық кеңістік, оның ішінде ұлттық топонимдік кеңістіктің категориялық аймақтарға бөлінуі, концептуалдану үдерісі ұлттық менталитет ерекшелігімен айқындалады. Қоршаған дүние әмбебаптық категориялдық аймақтарға бөлшектенеді және концептілік өрістерге ұйымдасады, сөйтіп халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылымдалып, өрнектеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет