Ұлттық мәдени кеңістіктегі жалқы есімдердің прецеденттік сипаты



бет10/15
Дата07.02.2022
өлшемі195 Kb.
#86624
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Жалқы есімдердің прецеденттілік сипаты

Қазақтың мұңы – Қаратау... Қазақ халқының басынан өткен 1723 ж. зұлмат ұлттық когнитивтік базада берік орныққандығы белгілі. Сондай-ақ ол тарихи оқиға зар мен шерге толы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді .
Прецеденттік мәтіні арқылы өзектеледі. Жеке авторлық мәтінде мұндай ПЖ интертекстуалдық сипатқа ие болып, ассоциация арқылы өзге ұқсас жағдаятқа қатысты қолданылады, мысалы:
Еске түсті «шұбырынды ақ табан»,
Отыз екінші жылдар ел-жұрт қақсаған.
Прецеденттік есімдер, сонымен қатар мақал-мәтелдер түріндегі прецеденттік мәтіндермен байланысты келетіндігін айтқан болатынбыз. Ондай прецеденттік мәтіндердің мазмұны тілдік және мәдени кодтар арқылы ашылады. Мақал-мәтелдердегі прецеденттік есімдерге академик Ә.Қайдардың еңбегінде кеңінен түсініктемелер берілген.
Ақ Еділдің өзі болмасақ та, бұлағымыз,
Ақылды бастың өзі болмасақ та, құлағымыз.
Бұл мәтіндегі мәдени код: «көшпелі қазақтар ғасырлар бойы Алтай мен Еділ арасын жайлаған, Еділ бойында мемлекетін құрған кең-байтақ ел еді. Орыс келіп, құтты қонысы – Еділден қазақтарды қуа бастағанда: «Біз де осы екі өзеннің бойында өмір кешкен елдің ұрпағы едік, ақыл-парасатымызбен тіршілік еткен жұрт едік!» деп айтқан қайғылы зары осылай болған».
Барар жерің Балқан тау, о да біздің көрген тау...
Мұндағы тілдік код: «біздің де көзіміз көрмеген, аяғымыз баспаған жер жоқ бұл әлемде; сіздер көшіп бара жатқан Балқан тау да біз үшін жат емес» деген көшпелі халықтың, көне ата-бабаларымыздың үдере көшкен түркі елін көріп айтқан бір сөзі болса керек».
Ал мәдени код: акад. Ә.Қайдар бұл мақал-мәтелге қатысты мынадай экстралингвистикалық, тарихи деректер келтіреді: «1) бұл тарихи мақал аңыз-әңгімелерде әртүрлі түсіндіріледі. Соның бірінде: бір кезде Бала Әмір мен Еділге ілескен ғұндар әулеті Еуропаның көп жерлеріне дейін барыпты. Тарихшы Геродоттың мағлұматында скифтер (сақтар) де Ұрымға дейін барғандығы, ұрымдықтарға логикалы (жүйелі) сөйлеуді үйреткендігі айтылады. Енді бір аңызда: «Шыңғыс ханның жаугершілік жорығынан дүрліге көшіп-босқан қазақтардың алды Қызылқұм, Қарақұм шөлдерінен өтіп, Түрікмен жеріндегі Балқан тауына (Небитдаг қаласына) дейін барып қайтыпты» делінеді (Н.Төреқұлов). Тағы бір аңызда: Сарыарқада да Балқан тауы болған (С.Қондыбай) делінсе, Башқұрт жерінде де (Асылыкөл маңы, Даулекан ауданында да), Челябі обл., Дема өзені аңғарында да Балқан таулардың барығы да айтылады. Бұл таулар «байлық, жерұйық, космостың таза кеңістігі, жалпы ғаламның моделі» деген символдық, мифтік мәнге ие екендігі мегзеледі». Төмендегі:
«Беталды – Қаратау»
тіркесіндегі мәдени код: «қазақ халқының басынан өткен шапқыншылық, ашаршылық т.б. қиын-қыстау тарихи жағдайлардың бірінде үдере көшкен, өз мекенінен басы ауған жағына қарай босып шыққан, Қаратаудан басқа барар жері жоқ жұрттың бағыт-бағдарын анықтайтын, бұрын-соңды белгілі болып қалған жолды мегзейтін сөз».
Жоғарыда келтірілген Қаратауға қатысты тарихи кезең – прецеденттік жағдаятқа байланысты ПЕ деп есептейміз.
Бетпақтың шегі жоқ,
Ел қонарлық жері жоқ.
Мұндағы тілдік код: «атақ-даңқы жер жаратын, дүние-байлығы мол бола тұрса да, бірақ елге істер жақсылығы жоқ, қайырым-шапағаты аз адамдардың да болатынын аңғартып тұр».
Ал мәдени код: «Орталық Қазақстандағы шөл даланың ұшы-қиыры жоқ кең болса да, ел қонатын шұрайлы жері (көгалды ойпаты) болмайды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет