Ұлттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру



бет7/7
Дата17.02.2017
өлшемі0,7 Mb.
#9712
1   2   3   4   5   6   7

7.18 «Ат омырауластыру»
«Ат омырауластыру» – жылқылармен итерісу, күресу. Бұл ат ойынға тек жігіттер ғана қатысады. Бұл ойын жасыл алаңда немесе басқа ыңғайлы алаңдарда өткізіледі. Ойында екеуі жарысады, бірақ қатысушылар саны шектелмейді.

Диаметрі 10м шеңберге екі атқа мінуші шығады. Бір-бірін шеңбер шекараларынан шығарып жіберу атқа мінушілердің тапсырмасы. Бұл үшін жылқының сирақтары шеңбер шекараларынан шыққаны жетер. Кімде осындай жеңістер көп болса, сол жеңімпаз атанады.

Күресте атқа мінушілер бір-бірін тигізбей, қолдарды бос, тек қана жылқының көмегімен қарсыласты шеңбер сыртына итеруге болады.
7.19 «Жігіт қуу»
Ойынға 10-12 адам қатысады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Жүргізушімен бір-бірінен 1-2ш қашықтықта көмбе (бөлік) белгіленеді. Біреуінде тұлып-таяққа бас киімді кигізіп қояды. Жүргізуші екіншісінде өзі қалады. Жүргізуші әрбір топтан екі атқа мінушіден шақырады және біреуіне белбеу береді. Жүргізушінің белгісі бойынша ойнаушылар екінші белгіге шабады. Қолындағы белбеуі бар атқа мінуші екіншісін көмбеге жеткізбеу үшін оны белбеумен соғады және екінші бөлікке кері шабады. Көмбеге жеткеннен кейін ол белбеуді бас киімге іліп қою керек. Екінші ойнаушы біріншінің қимылын қайталайды. Сосың ойынға келесі жұп кіріседі. Қарсыластарын ойыннан шығартпай олардың белбеулерінен көбірек тигізбей қашқан ойнаушылардың құрамасы жеңімпаз атанады.
7.20 «Жамбы ату»
Жамбы ату немесе нысанаға садақпен ату бұл Қазақстанда революцияға дейін ең тараған спорт түрі. Қазақтардың арасында көптеген мықты мергендер болды, өйткені нағыз жігітке іскерлік, күш және батылдық сапаларымен қатар дәлме-дәл тигізушілік ажырамайтын бөлігі боп саналатын. Жерде тұрып ату, ат үстінде отырып ату және атпен шауып келе жатқанда садақпен атудың бірнеше варианттары бар. Ақырғы уақытта жерде ату ең тараған болатын. Атудың нысанасы жамбы (күміс дөңгелек) қызмет ететін, қайсысын жұқа жіппен (аттын жалынан) үлкен бағананың кермесіне іліп қоятын. Нысанаға сирек мергендер ғана тигізетін. Жіпке көздеу ең рационалды болып саналатын. Ілініп тұрған дөңгелекті жерге құлату үшін жіпке дәлме-дәл атумен тигізу керек болатын. Қазіргі уақытта садақпен ату жарыстары Республикамыздың мемлекеттік спорткомитетімен бекітілген ережелер бойынша өткізеді. Олар (садақтан атудан көрі) нысанаға найзаны лақтырумен ат шабысты жөн көреді.
7.21 «Күміс алу»
Жігіттерге арналған спорт түрі. Салт атты жігіт жылқының толық жылдам шабысы уақытында жерде, орамалдарға түйіліп жатқан тиындарды бірінен соң оң жаққа және сол жаққа шапшаң еңкейіп көтеріп алады. Әрбір сәтсіз мүмкіндік үшін айып уақыты беріледі. Кім бір шабыстан ең көп орамалдар саның жинап алса, сол жеңімпаз атанады.

Қорытынды
Қазақтың ұлттық ырықты ойындарының барлық байлығының және оларды қолдануының ғасырлық дәстүрлердің, сонымен қатар ерекше бағалы ұлттық ырықты ойындардың қазіргі замандағы дене шынықтыру - спорттық жұмысын еңгізуінің ғылыми жазылуы және терең оқытуы керек. Ұлттық ойындар әр түрлі тарихи кезеңдерде халық тұрмысының және мәдениетінің нақты және объективті көрінісі болып келеді.

Ұлттық ырықты ойындары дене тәрбиесінің құралы ретінде кең қолданады. Ұлттық ойынның тарихи қалыптасқан компоненттері (мазмұны, түрі және әдістемелік ерекшеліктері) оны дене тәрбиесінің эффективті құралдарының бірі сапасында қолдануға рұқсат береді.

Бұл мұраны дұрыс қолдануы адамдардың қазіргі заманда өміріндегі өсіп келе жатқан ұрпақтардың, жастардың денелік және рухани тәрбиесін қолдайды және белсенді өмір жағдайларын қалыптастырады.

Әдебиеттер
1 Бородихин В. А. Биосоциальная реабилитация учащихся и студентов средствами физического воспитания и спорта. – Павлодар, 2001. –­ 210 б.

2 Былеева Л. В., Григорьев В. М. Игры народов СССР. – М., 1985. –­ 71 б.

3 Былеева Л. В., Коротков И. М. Подвижные игры. – М., 1982. –­ 127 б.

4 Валеология. Физическое воспитание. Спорт. Ежемесячный педагогический журнал. – 2004. – № 2. –­ 35 б.

5 Валеология. Физическое воспитание. Спорт. Ежемесячный педагогический журнал. – 2004. – № 9. –­ 42 б.

6 Воспитание школьника. Республиканский научно-методический журнал. – 2005. – № 3. ­– 32 б.

7 Горанько М. А. Организация и методика проведения урока по физическому воспитанию. Алматы, 1994. ­– 121 б.

8 Төтенаев А. Г. Қазақтың ұлттық ырықты және спорттық ойындары. – Алматы, 1995. ­– 83 б.

9 Кедрина Т. Я., Гелазония П. И. Большая книга игр и развлечений для детей и родителей. – М. : Педагогика-пресс, 1992. – ­ 68 б.

10 Клещев Ю. Н. Спортивные игры : учебное пособие для ВУЗов. – М. : Высшая школа, 1980. –­ 142 б.

11 Клещев Ю. Н. Игры народов СССР. – М., 1989. ­– 75 б.

12 Коротков И. М. Подвижные игры во дворе. – М. : Знание, 1987. –­ 97 б.

13 Қозыбаева М. К., Левшин А. И. Описание казахско-киргизских орд и степей. – Алматы : «Санат», 1996. –­ 153 б.

14 Ляха В. И. Физическое воспитание учащихся. – М., 2001. –­ 98 б.

15 Наурыз : жаңарған сал-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. – Алматы : РИК, 1996. –­ 40 б.

16 Подвижные игры : учебное пособие для инвалидов. – М. : Физическая культура и спорт, 1974. –­ 208 б.

17 Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып. – Алматы : РИК, 1996. –­ 40 б.

18 Спорттық Қазақстан. – Алматы : Қазақстан, 1969. –­ 260 б.

19 Харабуги Л. М. Теория и методика физического воспитания. – М., 1991. –­ 158 б.
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................3

1 Ұлттық ойындардың даму тарихы..........................................................4

2 Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде..................6

3 Қазақтың ұлттық ырықты ойындарын эмоционалды

халын реттеу үшін қолдануы...................................................................9

4 Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар

ойындарынан айрықша ерекшеліктері.................................................10

5 Қазақтың ұлттық ырықты ойындары...................................................11

6 Қазақтың ұлттық ойындары..................................................................12

7 Қазақтың ұлттық ат ойындары..............................................................41

Қорытынды.............................................................................................50

Әдебиеттер.............................................................................................51






Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет