Лудомания (ойын құмарлық, гэмблинг). Лудомания, немесе ойын құмарлық, гэмблинг лат тілінен Homo ludens – ойнаушы адам)



бет1/2
Дата04.09.2022
өлшемі23,08 Kb.
#148706
  1   2
Байланысты:
игра


Лудомания (ойын құмарлық, гэмблинг).
Лудомания, немесе ойын құмарлық, гэмблинг лат.тілінен Homo ludens – ойнаушы адам) – « субъекттің өмірінде басым роль ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлық». Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілді.
Қаламыздың әр бұрышында букмекерлік кеңселер салынып, саны жыл санап артып келеді. Осының салдарынан оңай жолмен ақша тауып, құмар ойынға құныққан жастарымыз көбеюде. Бәс тігіп, түнімен букмекерлік кеңсені торуылдап, уақытын текке өткізген жандарды көргенде налитының анық. Қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар лудомания дейді. Ал, еліміздегі желпілдеген жастарымыздың бұл дертке шалдығуының себебі не?
Ойын автоматтары дүниежүзінде бұрыннан кең таралған.
Ойын барысында эмоционалды босаңсу, жағымсыз проблемалардан алдану, уақыт өткізу ретінде қарастырылуы проблеманы шиеленістіреді. Сонымен қатар, ойынға қатысушылар, алкоголь және басқа психобелсенді заттарды тұтынады, әрине бұл деген қауіпті.
Ойынға құмарлықтан жеке тұлғаралық қатынастар қиындығы, жиі ажырасулар, еңбек тәртібін бұзу, жұмыс орнын жиі ауыстыру т.с.с.
Құмар ойындар бүгінгі таңда ең көп таралған тәуелділіктің бірі болып табылады. Бұл әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі әртүрлі жастағы адамдарға, балалық шақтан ересекке дейін әсер етеді.
Нашақорлық пен алкоголизмде физикалық белгілер ауыр жағдайды көрсетсе, құмар ойындарда бұл байқалмайды.
Статистикаға сүйенсек, жасөспірімдер құмар ойындарға көбірек бейім.. Негізінен ер адамдар зардап шегеді. Құмар ойындарға тәуелділікті тудыратын ең жаман нәрсе - аурудың дамуының басында оны тану мүмкін еместігі.
Адам үнемі қобалжуды бастан кешіреді. Ол клубқа келіп, компбютерлік аппаратқа отырғанда, оның одан сайын толқуы, әрі ставканы көтеруге итермелейді. Оны белгісіз бір күш ұстап тұрғандай.
Мұндай адамның үнемі ойы бар: келесі ойынға ақшаны қалай алуға болады, нені сатуға болады, нені кепілге қоюға болады, тіпті ұрлап кетеді.
Соның салдарынан құмаршының ісі одан сайын ушыға түседі. Ол отбасынан (егер әйелі толық тәуелді болмаса), балаларынан, достарымен және жолдастарымен қарым-қатынасынан, жұмысынан айырылады. +
Құмар ойындарға тәуелділіктің белгілері: ұзақ уақыт бойы жұмысына, материалдық жағдайына және отбасылық қарым-қатынасына зиян келтіретін ойынға тәуелді; ойнауды тоқтатқысы келеді, бірақ тоқтата алмайды; туыстарына, достарына қарыздар; оларға уақытын қайда өткізгені және ақшаны неге жұмсағаны туралы өтірік айтады; жеңген жағдайда да тоқтай алмайды, одан да көп ұту мақсатымен ойынды жалғастырады, нәтижесінде қызыға түседі.
Құмар ойындардан тәуелділіктің қалыптасу факторлары мен белгілері.
Қазіргі уақытта тәуелділіктің бірнеше факторлары бар.
Оларға отбасындағы дұрыс емес тәрбие, оның ішінде қамқорлықтың жеткіліксіздігі, қарым-қатынастың тұрақсыздығы, қатыгездікпен қосарланған шамадан тыс талаптар. Ата-аналардың, таныстардың ойындарға қатысуы, үйде баланың немесе жасөспірімнің көзінше жиі ойындар ойнауы т.б.
Сонымен бірге құмар ойындарға тәуелділіктің (людомания, ойынға тәуелділік) пайда болуының бірнеше негізгі себептері анықталды.

Ең алдымен, бұл жалғыздық сезімі. Жалғыздық сезімі адамды ойынға алғаш рет баруға мәжбүрлейді, ал ойын барысында алған әсерлері мен сезімдері оны қайтадан ойынға қайта оралтуға мәжбүр етеді.


Қанағаттанбау сезімі. Бұл сезім адамның ойында өзін көрсетуге итермелейді. Шынайы өмірде жеткіліксіз түсінілген, өзіне көңілі толмайтын адам ойында өзін көрсетуге тырысады, онда шынайы өмірге қарағанда «жеңімпаз» болу әлдеқайда оңай. Оның ойындағы нәтижелері неғұрлым табысты болса, соғұрлым ол оған қайта-қайта оралғысы келеді.
Оңай пайда табу сезімі. Бұл, ең алдымен, ойын автоматтары, казино ойындары және т.б. сияқты құмар ойындарға қатысты. Бір рет жеңіске жеткеннен кейін және мұндай оңай ақшаға ие болудан адреналинді сезінген адам ойында өзінің жетістігін қайталауға тырысады, алайда жиі сәтсіздікке ұшырайды.
Адамдар тәуелділіктің барлық түрлеріне оңай бейімделеді. Құмар ойындарға тәуелділік есірткі немесе алкоголь сияқты кез-келген басқа тәуелділіктері бар адамдар үшін қауіп болып табылады.
Ойыннан арылу - ойыншының өзі мұндай қадамды шешуі керек, туыстарының ешқандай көндірулері көмектеспейді. Қателіктен арылуға деген ұмтылыс пен маманның кәсібилігі ғана тұрақты нәтиже береді.
Құмар ойыны өте ауыр ауру екенін білуіңіз керек. Ал, егер сіз өзіңіздің туысыңыздан, танысыңыздан немесе жақын адамыңыздан құмар ойындарға тәуелділік (людомания) белгілерін байқасаңыз, оны дереу емдеу үшін шаралар қабылдауыңыз керек. Әйтпесе, құмар ойындар (людомания) орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін.

Құмар ойындарға тәуелділікті психиатрлар, наркологтар, психотерапевтер емдейді, емделудің сәттілігі ең алдымен науқастың емделуге деген ұмтылысының қаншалықты шынайы екендігіне және дәрігердің науқасты осы дертті жеңуге қалай қызықтыратынына байланысты.


Бабаларымыз: «Ойынға ойсыз құмар», – деп текке айтпаса керек. Өткенімізге үңілсек, құмар ойнау деген атау қазақ ұғымында болған емес. Бұл – бүгінгі қоғам дерті. Өкінішімізге қарай, алдыңғы буын ағаларымыздың жүрген ізіне соңғы буынның ере алмауы қатты қапаландырады. Бабаларымыздың салған жолын жалғай алмай жүрміз. Көпке топырақ шашудан аулақпын, әрине, қоғамда ұлтым деп ел намысын ұлықтайтын дарынды мен жалындыларымыз баршылық. Дегенмен де құмар ойынның жетегінде кеткен жандар үшін оңай жолмен ақша табатын букмекерлік кеңселер бүгінгі қоғамдағы қайратсыз азаматтарымыздың жұмыс орны болып алғандай. Осы жайтқа қарап отырып, «Алаш ойлаған болашағымыз күңгірт пе?» деп күйінемін. 
Жастарымыздың құмар ойынға неге құмартатынын білу мақсатында қаламыздағы букмекерлік кеңселердің біріне бардым. У-шу халық. Бірі қуанып, бірі қапаланып жүр. Бірақ шаттанғандардан қап деп сан соғып жатқандар көп. Ұтылғандар сыртқа шығып шылымын шегіп, бойындағы ашуын басқандай болады. Онсыз да санасы уланған жас енді денсаулығына зиян келтіруде. Ұтқандар еселеп ақша тігіп әуре. Оңай жолмен ақша табудың көзін тапқан кеңсе бәс қоюға спорттың барлық түрін енгізіп қойған. Тіпті, құмар ойынның қатарына қазақтың ат спорты да еніп кеткен. Ең сорақысы, кеңсенің ішінде бәс тігіп сабылып жүргендердің басым көпшілігі қазақтың тепсе темір үзетін зіңгіттей қара домалақ жігіттері. Білім іздер шағында баз кешіп, сол баяғы желкесінен тартқан жалқаулығы мен енжарлығының арқасында оңай жолмен ақша табудың амалын іздеп жүргенін көріп жаның ауырады. 
Көзбен көрген жайтқа намыстандым. Қазақ жастарының бұл жолға түсуіне не себеп? Осыны білу мақсатында кеңсенің ішіндегі тізілген компьютерлердің біріне отырдым. Жанымда көз майын тамызып отырған жаннан ойнау ережесін сұрадым. Замандасым Мұхтар: «Ойбу, бауырым, алдымен куәлігіңді алып келіп тіркелуің керек. Содан кейін спорттың жілігін шағып, майын ішетін мықты психолог болуың керек. Қай спортта кімнің жеңіске жететінін білу маңызды. Мұнда тек спортты жақсы болжайтындар жиналады», – деп марқая сөйледі. «Ойпырмай, құжаттарыңды жинап құдды жұмысқа кіргендей келеді екенсің?» – дедім. Мұхтар: «Мұнда бірінші рет келгенде ештеңе түсінбейсің», – деді. «Сен де алғаш осылай келген шығарсың?» Сәл үнсіздіктен кейін Мұхтар: «Иә, алғаш сен сияқты қызығушылықпен келдік. Спортты жақсы түсінгендіктен білімділігімді осылай арттырсам несі айып деп ойладым. Сөйтіп жүріп, қыруар қаржыны да желге ұшырдық. Тіпті, студент кезде оқудың ақшасын тігіп ұтылған кездер де болды. Енді соны еселеп қайтару жолында жүрміз», – деді. Ол қайтпайды-ау дедім ішімнен, күрсініп. Қалтасын қағып барын тігіп жатқан замандасымды көріп шыдай алмай кеңседен шығып кеттім. 
Иә, алғаш қызығушылықпен бәс тігіп, кейін ойынға тәуелді болып қалғандар қаншама? Құмар ойынға бейімделу кезеңінің бірі – жалындаған жастық шақ. Адамның қызығушылығын арттырып, құмарлыққа тез үйрететін де осы кез. Санаңды улап, құмар ойынға үйір қылып жіберетіні шүбәсіз екенін біле тұра сол жолмен жүресің. Жігерлі кезеңде ой-өрісің дамитын шақта өміріңді арзан тіршілікпен өткізсең, егде жасқа келгенде сан соғып өкінерің хақ. Бұл қазаққа бөгде елден келген жат қылық. Өзгенің қаңсығын таңсық қылуға бейімделген жастардың еліктеушілігі. 
Пайғамбарымыздың жастарға қарата айтқан хадисінде: «Арзан ойын-күлкі мен тән ләззатына құмартпайтын, қызуы мен қызығы мол жалындаған жастық шағыңда нәпсіқұмарлыққа салынбай, Хаққа құлдық ұрып өткізуге бекінген жасқа Раббың дән риза болады», – дейді. Иә, мейірімді Алланың шапағатына бөлену үшін нәпсіқұмарлықты тыйғанымыз абзал. Өзгеге еліктеймін деп лудомания дертіне шалдықпаңыз. Қазаққа бәсеке көрсе бәс тігетін емес, спортты серік еткен жігерлі жастар қажет.
Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.
Егер де:

  • саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса

  • сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса

  • әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса

  • сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса

  • саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе

  • жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса

  • сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.

Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет