Lythrum salicaria L. дәрілік өсімдігінің геоботаникалық және фитохимиялық ерекшеліктері



бет2/7
Дата08.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#117752
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
статья
Кескін карта а Солт стік Америка, Орталы ж не Шы ыс Азия тарихи
Түйін сөздер: Lythrum salicaria L., салыстырмалы анатомиялық құрылыс, фитохимия.





Кіріспе

Талжапырақ тергүл немесе жылаңқышөп (плакун-трава) (Lythrum salicaria L.) тергүлдер (Lythraceae) тұқымдасының тергүл (Lythrum) туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.


Халық медицинасында, сондай-ақ сәндік және балды өсімдік ретінде қолданылады. Өсімдіктің тергүл деп аталуы - жапырақтарынан көз жасы сияқты тамшы түрінде ағып тұратын, артық ылғалдан арылтатын ерекше механизмге байланысты.
Әдетте әртүрлі су қоймаларының жағалауларында, батпақтардың жиегінде және басқа да ылғалды жерлерде кездеседі. Әсіресе жарығы мол, ылғалды және құнарлы топырақта жақсы өседі.
Халық медицинасында тамыры пайдаланылады, ал тамыры болмаған жағдайда шөптің өзін қолданады. Қайнатпасын жатырдан қан кеткенде, зәр айдауда, венерологиялық ауруларда, ауыз қуысы жараларында ішке қабылдайды. Тамыры мен шөбінің қайнатпасын әлсіз балаларды шомылдыру үшін, сондай-ақ балалардың спазмофилиясы кезінде ванналар дайындайды. Тамырдың тұнбасын қабыну ауруларында, бас ауруы кезінде қабылдайды, сондай-ақ соққыдан кейінгі көгерген жерге басады. Тамыр қайнатпасы халық медицинасында құтырған жануарлар тістегенде және жылан шаққанда қолданылады. Медоносты өсімдік, шірнеліктер, сондай-ақ тозаңдар береді. Балы хош иісті, қою сары түсті, тұтқыр (ауыз қуырады).
Гүлдері жеуге жарамды. Гүлдері мен тамырлары сірке суымен өңделген тағамдық бояғыш ретінде пайдаланылады, олар тері мен қағазға арналған өте күшті сары бояу береді. Сәндік өсімдіктер ретінде қолданылады.
Талжапырақ тергүлдің емдік қасиеттері халық медицинасында кеңінен қолданылады. Жас тамырлары мен жапырақтарын ұсақтап қан кетуді тоқтату үшін ашық жараларға басады. Талжапырақ тергүл шөбінің қайнатпалары мен тұнбаларын жаппай қан кету, геморрой, меноррагия, гастралгия, гастроптоз, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының және жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы қабынуларында, диарея, асқазан және ішек қан кетуі кезінде қолдануға ұсынылады. Оны эпилепсия және басқа да жүйке ауруларында, сергітетін және жалпы күшейтетін дәрі ретінде ішеді, несеп айдауда қолданылады. Сірке қышқылына тұндырылған тергүл тамырын бас және асқазан ауруларына, қабынуға қолданады.
Талжапырақ тергүлден жасалған ванналар варикозды жаралар, экзема, құрысулар (судорога) кезінде қабылданады. Мұндай қайнатпаларға гипервозды немесе әлсіз балаларды шомылдыру ұсынылады. Жер үсті бөліктерімен компресс жасау арқылы ұшықтарды, іріңді жараларды емдейді. Кептірілген шөптің ұсақталған ұнтақтарын іріңді жараларға себеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет