Lythrum salicaria L. дәрілік өсімдігінің геоботаникалық және фитохимиялық ерекшеліктері


Зерттеу материалдары мен әдістері



бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#117752
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
статья
Кескін карта а Солт стік Америка, Орталы ж не Шы ыс Азия тарихи
Зерттеу материалдары мен әдістері

Lythrum salicaria L. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округінде жиналды. Lythrum salicaria L. түрінің толық морфологиялық сипаттамалары анықталады. Фиксацияланған өсімдік мүшелерінен кесінділер жасалды. Дайын препараттар мен кесінділерді нысанды жабын әйнекпен жауып, МС-300 (MICROS, Austria) микроскобының көмегімен дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық зерттеу техникасы бойынша зерттелді. Жапырақтардың анатомиялық құрылысын микротом көмегімен мұздатқыш құрылғы ТОС-2-де дайындалды. Статистикалық талдау үшін 15 өсімдіктен кесінділер алынып, 100-ге жуық астам препарат жасалды. Статистикалық өңдеу Лакин бойынша жүргізілді. Анатомиялық кесінділердің микрофотосуреттері САМ V400/1/3м видеокамерасы бар МС300 (Micros, Австрия) микроскопы арқылы суретке түсірілді. Лакин Г.Ф. мен Удольская Н.Л. әдістемелері арқылы, сонымен қатар, Microsoft Office Excel 2013 бағдарламасы көмегімен жасалды. Алынған суреттерді талқылау компьютерге жалғанған, ботаникалық және биология үшін арнайы жобалық қамтамасыз ету «ISCapture 4.1» программасы арқылы жасалды. Фитохимиялық зерттеулер масс-спектрометрикалық детекторлаушы газды хромотография (Agilent 6890N/5973N). Мәліметтерді өңдеуге ұстап тұру уақытын анықтау, масс-спектрикалық детектордың көмегімен алынған спектральды ақпаратты өңдеу кіреді. Алынған масс-спектрдің мағынасын ашу үшін Wiley 7th edition және NIST’02 кітапханалары қолданылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет