М. А. Асимов, Д. Х. Дощанов қаралы хабарды жеткізу



бет15/35
Дата09.03.2022
өлшемі3,57 Mb.
#134874
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Қаралы хабар жеткізу. Оқулық, (1)

Клиникалық мысал №1:
43 жастағы пациент онкологиялық диспансерде «3-ші дәрежелі асқазан ісігі» диагнозымен стационарлы емдеуде жатыр. Ол барлық қажетті дәрілерді, химиялық терапиялық емдеуді қабылдауда. Дәрігермен әңгімелесуде, ауру адам жабырқаушы көңіл-күйге, тәбетінің болмауына, өмір сүргісі келмейтініне шағымданады, өзімен болған қайғыға осы кезге дейін сенбейді. Көз жасын тыймай, темекі шегуді тастауға және спортпен шұғылдануға болатын уақытты есіне алады, өте қатты өкінеді.




Клиникалық мысал №2:
Жедел жәрдем бригадасы травмотологияның қабылдау бөліміне 22 жастағы ер адамды, ЖКО-нан кейін, бас, мойын және омыртқа жарақатымен алып келді. Ол есін жимай жатыр. Пульсы мен тыныс алуы жоқ. 10 минут өткеннен кейін, дәрігердің қарауынан соң, зардап шегуші қайтыс болды. Біршама уақыттан кейін, ауруханаға оның ата-анасы келді, өздерінің ұлдарын көргісі келді. Оларға қаралы жаңалықты естірткеннен және денесін көрсеткеннен кейін, қайтыс болған жігіттің анасы мәйітті қайталап қарауды сұрады және баласының әлі тыныс алып, күлімсіреп жатқанын айтты. Ал әкесі өзінің ұлының бір сағат бұрын тірі екендігін көргенін қайталап айтып, баласының өлімін жоққа шығарды. Қатар тұрған әпкесі бауырын көргеннен кейін, жылап, болған оқиға үшін өзін кінәлай бастады, оны достарымен серуендеуге жібермеген жағдайда, ештеңе болмайтынын қайталап айта берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет