М. Әділов 1, Ш. Құрманбайұлы



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата15.08.2023
өлшемі0,71 Mb.
#179851
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тілтанымда мақала Абай русизмдер

Партия
«тартыс». Қазіргі тілдегі 
партия
сҿзінің мағынасы ҿзгерген, саяси термин ретінде 
қолданылады. Ал ақын тілінде ол «тартыс» деген негізгі мағынада пайдаланылған секілді:
Барымта мен 
партия
/ Бҽрі мастық, жҧрт қҧмар.
Сыпыра елірме, сҧрқия / Кҿп пияншік нені ҧғар? 
Бҧл кірме сҿздің жоғарыдағы мағынасына қатысты ойды ғалым С.Исаев мақаласында арнайы 
атап ҿтеді: «Партия сҿзі Абай шығармаларында айтыс, тартыс, жік мағыналарында 
қолданылғанын «Болды да партия Ел іші жарылды. Ҽуремін мен тия, Дауың мен шарыңды» деген 
мысалдар кҿрсете алады. Демек ХХ ғасырға дейін қазақ тілінде партия сҿзі қазіргідей екінші 
мағынада емес, тек бір-ақ мағынада жік, жікшілдік, байлар тартысы дегенді білдірген» (Исаев, 
2014: 504).
Пошал
«кет, жҿнел, жоғал» (АбайТС, 424). Орыс тіліндегі 
пошѐл
сҿзін Абай 
пошал
деп 
ауызекі тілдегі формасындай жҧмсады. Кейінгі жинақтардың барлығында да осылай беріліп жҥр. 
Орыс тіліндегі вариантына жақындатып ҿзгертілмеуі ол сҿздің эмоционалдық-экспресивтік 
бояуынан болса керек:
Еннатайына кҽлкҽусар / 
Пошал
дереу кҥнҽкар,
Аяғын ойлап айтқаны / Ҽні шаны кҥлаптар (Абай, 1961: 64).
Праматой
«шынайылықпен, турашылдықпен».
Қазіргі жинақтарда орыс тілінің емлесі бойынша 
прямотой
деп жазылып жҥрген бҧл кірме 
форма Абайда негізінен айтылуы бойынша жазылғанға ҧқсайды: 
Я ҿз бетіңмен тҽуекел / Занимайса 
праматой
Жеңіл кҿрме бек керек / Оған да ғылым оған да ой (Петек, 2023: 117). 
Сакрат
«Сократ, ежелгі грек ойшылы». 
Абайда осы кҥнгі орысша жазылып жҥрген кейбір кісі есімдері де қазақ айтылымына қарай 
жазылған, мҽселен «Сократ» аты 
Сакрат
деп тіркелген: 
Сакратқа
у ічкізген Ійон Аркдіні отқа ҿртеген Ғисаны дарға асқан, пайғамбарны тҥйенің 
жемтігіне кҿмген кім (ҒК 55/10).
Бҧл есім кейде 
Соһрат
деп те жазылады: Бір кҥні 
Соһрат
һакім бір аристодим деген ғалым 
шҽкіртіне (ҒК72/11).
Қазіргі кҥні орыс тіліндегі форма бойынша 
Аристотель
деп жазылып жҥрген аттың қара 
сҿздерде 
Аристодим
деп келгені де Абайдың шетелдік кісі аттарын қолданудағы ерекшелігінің 


ISSN 2411-6076, еISSN 2709-135X TILTANYM № 2 (90) 2023 https://www.tiltanym.kz
70
© А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
бірі. Мысалы: «Бір кҥні Соһрат һакім бір 
Аристодим
деген ғалым шҽкіртіне һҧдай тебҽреке уа 
тағалаға қҧлчылық қылмақ турасында айтқан сҿзі» (ҒК.72/11). 
Жаңа басылымдардың барлығында орысша дыбысталғандай 
Зевксис
деп жазылып жҥрген 
атау қолжазбада қазақ тілінің дыбысталу заңымен тіркелген.
Гомерге бейтчілігі себеблі, Софоклге трагеди себеблі, йағни біреунің сыфатына тҥшмеклік, 
Зефҥксізге
сҧретчілігі себеблі таңырқаймын деп (ҒК 72/15).
Дегенмен тҥпнҧсқадағыдай жазылғандары да біраз кездеседі, мҽселен, Гомер, Софокл 
есімдері сол кҥйінде хатқа тҥскен: 
Гомерге
бейтчілігі себеблі 
Софоклге
трагеди себеблі (ҒК. 
72/15).
Cалдат
. Бҥкіл жинақтарда орыс тіліндегі жазылуы бойынша «солдат» деп беріліп жҥрген сҿз 
1907 жылғы Мҥрсейіт қолжазбасында 
салдат
деп жазылған:
Нoғaй дегенше нoхaй десеңшi, тҥкке ыңғaйы келмейдi, 
сaлдaт
нoғaй қaшқын нoғaй, 
бҧхaлшiк нoғaй деп... 
Нoғaйғa қaрaсaм 
сaлдaтдықғa
дa шыдaйды, кедейлiкге де шыдaйды қaзaғa дa шыдaйды, 
мoллa медресе сaқдaп дiн кҥтуге де шыдaйды, еңбек қылып мaл тaбудҧң дa жѳнҥн сoлaр бiледi 
сaлтaнaт ҽсем де сoлaрдa (2-қара сҿз) (Петек, 2020: 54). 
Жҽне де кейбiр қaзaқлaр aғaйыны менен aрaздaсқaндa сенiң oсы хoрлығыңa кѳнгенше 
бaлaмды 
сaлдaтқa
берiп бaсымa шaш қoйҧп кетпесем бе? деушi едi (25-қара сҿз) (Петек, 2020: 55). 
Самародной
«таза, қоспасыз, саф». Орыс тіліндегі 
самородный
сҿзі Абай ҿлеңдері 
жинақтарында орысша қалпында беріліп жҥр. Ал 1909 жылғы алғашқы араб жазулы Петербор 
жинағында 
самародной
деп жазылғанын байқадық:
Самародной
сары алтын / Саудасыз берсең, алмайды / Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны / Садаға кеткір сҧрайды / Самарқанның бҿзіне (Абай, 1909: 35).
Сомалау
«бағалау, қҧнын есептеу, нарықтау». Орыс тіліндегі 
сумма
сҿзі Абай тілінде сол 
дҽуірдің ҿзінде 
сома
тҥрінде қҧбылып, оған «ла» етістік тудырушы жҧрнақ жалғанып, бір жаңа 
етістік жасалған: 
Ҽркімнің ҿз іздеген нҽрсесі бар / 
Сомалап
ақшасын содан алар 
Біреу ҧқпас бҧл сҿзді біреу ҧғар / Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар (Абай, 1977: 64).
Қолжазбада кей жолдардың реті осы кҥнгіден ауысып жазылған: 
Һҽр кімнің ҿз іздеген нҽрсесі бар / 
Ақчасына сомалап
содан алар 
Біреу ҧғар бҧл сҿзді біреу ҧқпас
/ Бағасын пайым қылмай аң таң қалар (қолжазбадан).
Ыстаршын
. Орысша 
старшина
термині қазақ даласында ертерек уақыттан бері «старшын» 
деп қолданылып келеді. Патша ҥкіметінің қазақ жерін отарлау саясатын жҥзеге асырған ҽкімшілік 
жҥйесі қызметшісінің атауы ретінде қолданылған бҧл атау Абай шығармаларынан екі жерде 
ыстаршын
(
астыршын
да болуы мҥмкін) деген нҧсқада кездестіреміз:
Орыс сияз қылдырса / Болыс елін қармайды.
Қу ыстаршын, аш билер / Аз жҥрегін жалғайды (Абай, 1909: 16).
Ыстаршын, биді жиғыздым / «Береке қыл» деп, «бекін» деп,
«Ат жарамды, ҥй жақсы / Болсҧн, бҽрің кҥтін» деп (Абай, 1909: 19).
Сол кезеңде қазақ даласында 
старшын
сҿзі кең таралып 
ыстаршын, астыршын
деген 
фонетикалық тҧлғаларында жҧмсалғаны аян. Мҽселен, Абайдың жеті буындық ҿлеңінің ҥшінші 
жолы алты буынмен жазылған: 
Орыс сияз қылдырса / Болыс елін қармайды.
Қу старшын, аш билер / Аз жҥрегін жалғайды. Алайда 1909 жылғы алғашқы басылымында 
араб жазуымен 
ыстаршын 
деп жазылғанын кҿреміз, сонда «ы» дыбысымен қосылып жазылғанда 
ҿлең буын жағынан да ҧйқасады.
ХІХ ғасырда белсенді жҧмсалған 
старшын
сҿзі ХХ ғасыр басында кҿбіне 
ауылшы 
сҿзімен 
ауыстырылғанға ҧқсайды. Мҽселен, Ҽ.Бҿкейхан 
ауылшы 
терминін орыс тіліндегі «старшина» 
сҿзінің баламасы ретінде қолданады: «…Сотты да ауылшыны да сҿкті»
;
«Башқырлар ауылшыға 
жабылып сҿйлеп жатыр
; «
Бҿрікті алдына алып ауылшы да отыр, қолын қарнында қусырып 
кҥледі» (Бҿкейхан, 2016: 273). Осы аудармасында Ҽ.Бҿкейхан «старшина» сҿзінің орнына 
«ауылшы» сҿзін 14 рет қолданады. 


ISSN 2411-6076, еISSN 2709-135X TILTANYM № 2 (90) 2023 https://www.tiltanym.kz
71
© А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
Сҿз басындағы с/ш-мен басталатын сҿздердің алдына «ы» дауыстысын қосып айту керек 
деген мҽселені Н. Тҿреқҧлҧлы кҿтереді: «Ауропа сҿздері де араб-парыс сҿздеріндей ҿзгеруге тиіс. 
Бҧл да жалғыз қазақшаға қарай қойылған принсіп емес, барлық тілдерде бар жалпы заң. 
Пырансоздың la station деген сҿзін тҥрік истасион деп, орыс станция деп, қазақ ыстанса деп алып 
отыр. Осылай болған соң Ауропа сҿздері де белгілі бір жобамен ҿзгертіліп алынуы тиіс» 
(Тҿреқҧлов, 2006: 25). 
Ысдраваймыслящий
«зерек, ҽр істі ақылмен ойлап шешетін адам». Орыс тілінің емле заңына 
сай 
здравомыслящий
деп жазылып жҥрген бҧл сҿз 1909 жылғы баспада сҿз басына «ы» дыбысы 
қосылып, қазақы нҧсқада жазылған:
Айтыңызшы болсаңыз
Ысдравай мыслящий
Ақыл айтпай ма ағасы (Абай, 1909: 52).
Ал 1907 жылғы Мҥрсейіт қолжазбасында оның 
ыздраваймыслашчы
деген тҥрде жазылғаны 
байқалды
Айтҧңызчы болсаңыз / 
Ыздраваймыслашчы
/ Ақыл айтпай ма ағасы (қолжазбадан).
Ысшот
«есеп, шот». Абай ҿлеңдері жинақтарында ақын қолданған орыс сҿздерінің 
бірқатары орыс тілінің орфографиялық ережесіне сҽйкес ҿзгертіліп берілген. Кейінгі жинақтарда 
«қатесіз» беріліп жҥрген орысша кірме сҿздер, 1909 жылғы басылымда қазақ ауызекі тілінде 
жазылған. Сондай мысалдардың бірі осы 
ысшот
сҿзінің қолданысы. Орыс тілінде 
счет
деген сҿзді 
айнытпай сол қалпында жазу Абай дҽуірінде мҥмкін емес еді. Орыс тіліндегі сҿздерді 
тҥпнҧсқасынан айнытпай беру процесі кейінгі кездері белең алған болатын. Ал Абай дҽуірінде 
орыс сҿздері «қазақы» нҧсқада айтылуы бойынша жазылған. 1909 жылғы жинақтан да соны 
кҿреміз. Мысалы:
Я байларға хызмет қыл / Ерінмей шауып желуге.
Алал жҥріп, алал тҧр / 
Ысшотың
тура келуге (Абай, 1909: 52).
Оны 1907 жылғы Мҥрсейіт қолжазбасынан 
ышчотың
деп оқуға болады:
Алал жҥрҥп алал тҧр / 
Ышчотың
тура келуге
Жанҧңа жақса соңынан / Жалқауланба еруге (Петек, 2023: 117).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет