М. Ж. Байғалова атындағы қазақ тілі мен әдебиеті



Дата01.04.2022
өлшемі9,94 Kb.
#137629
Байланысты:
-1483662744.rtf, 284592

М.Ж.Байғалова атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
олимпиадасының марапаттау рәсімі
Слайд жүргізіледі.

ЖҮРГІЗУШІ:
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.


Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
Қадірлі ұстаздар, Бүгінгі білім додасына қатысушы жас өрендер! 7-8-сынып оқушыларына арналған Мапруза Жармағанбетқызы Байғалова атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасына қош келдіңіздер!


ЖҮРГІЗУШІ: Алғашқы сөз гимназиямыздың директоры Қалдыбаев Шоқан Түймебайұлына сөз береміз.


ЖҮРГІЗУШІ: Алғаш рет 2008-2009 оқу жылыннан бастап мектебімізде 7-8-сыныптар аралығында Мапруза Жармағанбетқызы Байғалова атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасы дәстүрлі түрде өтіп келеді. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, облысымызға еңбегі сіңген ардагер ұстазымыз Олимпиадаға есімі берілген. Бүгінгі таңда осы игі іс-шара облыстық деңгейде мектебімізде екінші жыл жалғасын табуда.


ЖҮРГІЗУШІ: Мектебіміздің, туған өлкеміздің абыройын асқақтатар болашақ сайыс қырандарын танып, шығармашыл, дарынды балаларды қалыптастыру мақсатын көздейтін олимпиадаға 7-8-сынып оқушыларынан 20-дан астам оқушы қатысуда.

ЖҮРГІЗУШІ: Олимпиада екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезеңде эссе жазса, екінші кезеңде қазақ тілі мен әдебиетінен берілген 5 тапсырма бойынша білімдерін ортаға салып, бақтарын сынайды. Бүгінгі олимпиадаға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сарыбаева Баян Жұмашқызы

  2. Мапруза Жармағанбетқызы Байғалованың шәкірті, мектебіміздің түлегі, әділ-қазы алқасының мүшесі мүшесі Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Оразханова Майгүл Иранғайыпқызы

3. Мапруза Жармағанбетқызы Байғалованың шәкірті, мектебіміздің түлегі, әділ-қазы алқасының мүшесі Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің PhD докторы, доцент, Сағынтаева Жұлдыз Қайратқызы
ЖҮРГІЗУШІ: Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда. Бүгінгі сайыста әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталатын болады. ды. Олимпиада қорытындысы Алтынсарин гимназиясының инстаграм парақшасына жарияланады.

ЖҮРГІЗУШІ: Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді. Тәуелсіз еліміздің ұлдары өжет, қыздары қайратты, халқы қаһарман екендігімен әрқашан да мақтана алатындай болайық.

ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Терең білім – жылдар жемісі,
Оқушы мен мұғалімнің жемісі.

ЖҮРГІЗУШІ: Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында. Болашақта халқымыздың ұлылығын паш ететін, әлемге ұлықтайтын, өңіріміздің намысын қорғайтын нағыз сайыпқырандары Сіздерсіздер. Білім додасында сәттілік серіктерің болсын!

ЖҮРГІЗУШІ:
Жастығыңды ізденуге арнаңыз,
Білімдарлық танытыңыз, талмаңыз.
Асуларын білімнің бағындырып,
Өрлей бер, өркендей бер самғаңыз!




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет