М. Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді



бет1/6
Дата15.06.2022
өлшемі364,67 Kb.
#146633
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БМ-41 Ерболқызы А педагогика курсовой (1)



КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Дамыта оқыту бүгінгі күнде өзекті мәселердің бірі болып отыр. Өйткені, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының төмендеуі, оқуға деген құлықсыздығы және таным қызығушылықтарының даму деңгейінің төмендігі. Педагог өзіндік жұмысқа кіріскен кезде, жетістікке жету үшін тек білім мен қабілет жеткіліксіз екенін жылдам анықтайды. Дамыта оқытудың әдіснамасы – бұл сапалы жаңа білімнің жүйесі, ол консервативті педагогикалық сана мен білімнің, негізгі жаттап алу, репродуктивтімен ешқандай ортақтығы жоқ, оқу әрекетінің түбегейлі керісінше қалыптасуын ұсынады.
Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.
Көптеген жаңа әдістемелердің қатарында дамыта оқыту білім сапасын көтеру жағынан жетекші орында.
Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді.
М.Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:
1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;
2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;
3) өзіндік шығармашылық шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық жоғары деңгейі.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттенуі әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Бүгінгі күнде дамыта оқытудың бірнеше теориялары анықталып, жүзеге асуда. Онда балаға қоршаған ортамен ара қатынаста болатын өзіндік субъектінің рөлі тағайындалады. Оның бәрі нақты зерттеуді қажет етеді. Мұғалім өзінің сабақты ұйымдастыруға деген қатынасын өзгертіп, меңгерілетін технологияға толықтай енуі қажет, тек қана дамыта оқытудың принципін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқу процесінде оны шығармашылық түрде қолданылуы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дамыта оқыту технологиясын айқындау.
Міндеті: 1.Комплексті даму жүйесі негізінде мақсатты бағытталған даму.
- мазмұнның мақсаттылығы және жүйелілігі.
- жоғарғы деңгейдегі қиындықта оқу.
- теориялық білімнің жетекші рөлі.
- материалды жылдам меңгеру.
- оқу процесінің өзін оқушының мойындауы
- жаппай дамытуды көздейтін жүйелі жұмыс.
- оқыту мазмұнының маңыздылығы және мәселелігін талдау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет