М. Р. Балтымова ілияс есенберлиннің тарихи романдары: шеберлік пен көркемдік монография


§2. Тарихи шындық – уақыт пен кеңістік аясында



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата24.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#193335
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
treatise214183
Презентация 3
§2. Тарихи шындық – уақыт пен кеңістік аясында 
Әдебиет – қоғам айнасы, белгілі бір дәуірдің көркем шындығы 
болғандықтан, оны құрайтын көркем шығармалардың әрқайсысының 
көтеретін жүгі бар. Ал тарихи роман өз бастауын әдебиет пен тарихтан 
алады. Академик С.Қирабаевтың пікірінше: «Тарих пен әдебиет – ежелден-
ақ егіз ұғым. Көркем әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесі оларды тіпті 
туыстырып жіберді» [41, 21-б.]. Тарихи романның авторы хақиқи тарих 
деректеріне сүйене отырып, ойдан шығарылған өмірді суреттейді. Егер 
тарихшы өткен өмірді археологиялық қазбалар, жылнамалар мен деректер 
бойынша қайта құратын болса, тарихи романның авторы қайта құруға 
жатпайтын ақтаңдақтарды толықтырып, көркемдейді. Сөйтіп, тарихи 
шындықты оқырманға жақын, ұғынықты, әрі нанымды етеді.
Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар қатары күннен күнге толығып 
келеді. Қазақ әдебиетінде тарихи тақырыптарға қалам тартқан М.Әуезов 
(«Абай жолы»), Ә.Нұрпейісов («Қан мен тер»), Ш.Мұртаза («Жұлдызды 
көпір», «Тамұқ», «Қыл көпір»), І.Есенберлин («Алмас қылыш», «Жанталас», 
«Қаһар», «Алтын Орда»), Ә.Әлімжанов («Жаушы», «Ұстаздың оралуы», 
«Махамбеттің жебесі», «Отырардан келген сый»), Ә.Кекілбаев («Аңыздың 
ақыры», «Үркер», «Елең-алаң»), С.Сматаев («Елім-ай»), Х.Әдібаев 
(«Отырардың 
ойраны»), 
Б.Жандарбеков 
(«Томирис»), 
М.Мағауин 
(«Аласапыран»), Д.Досжанов («Жібек жолы»), С.Мұқанов («Аққан 
жұлдыз»), Д.Әбілев («Ақын арманы», «Арман асуында», «Баянауыл 
баурайында»), А.Тоқмағамбетов («Жыр күмбезі»), Ә.Әбішев («Найзағай»), 
С.Жүнісов («Ақан сері»), З.Ақышев («Жаяу Мұса», «Шынардың шыбығы»), 
Ж.Молдағалиев («Дала қоңырауы»), Қ.Жұмаділов («Тағдыр», «Соңғы көш», 
«Дарабоз»), Х.Есенжанов («Ағайынды Жүнісовтер», «Ақжайық», «Көп жыл 
өткен соң»), Ж.Тұрлыбаев («Райымбек»), Қ.Толыбаев («Әсет»), А.Нұрманов 
(«Құланның ажалы»), Д.Досжан («Жібек жолы», «Абай айнасы»), Ж.Ахмади 
(«Шырғалаң», 
«Дүрбелең»), 
Ұ.Доспанбетов 
(«Қызыл 
жолбарыс», 
«Абылайдың ақ туы»), Х.Әдібаев («Отырар ойраны»), Б.Қыдырбекұлы 


28 
(«Алатау»), С.Елубай («Ақ боз үй»), Қ.Мұханбетқалиұлы («Тар кезең») 
туындылары тілі, стилі, бейнелеу тәсілдері жағынан келгенде ерекше 
құрылған. 
Бұл романдардың көпшілігінің тақырыбы да, мазмұны да тарихта 
болған тұлғалардың бейнесін жасауға арналған, сондықтан олар нақты 
тарихи романға жатады.
Қазақ тарихи романдарын зерттеу проблемасына өзек еткен еңбектер 
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастау алады. Бұл кезеңдегі Қ.Жұмалиев, 
М.Қаратаев, З.Ахметов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Р.Бердібай, Е.Лизунова, 
Л.Әуезова, М.Атымов, Н.Ғабдуллин, Ш.Елеукенов, Х.Әдібаев еңбектерінде 
тарихи роман жанрының белгілі бір проблемалары қарастырылды.
Ал тарихи романдарды негізгі проблема етіп алып, жанр теориясы 
тұрғысынан қарастырған және жекелеген шығармаларды талдаған 
еңбектердің бас бастауында Ш.Елеукеновтің «Казахский роман и 
современность» (1968), М.Атымовтың «Қазақ романының поэтикасы» 
(1975), Р.Бердібайдың «Қазақ тарихи романы» (1979), Т.С.Сыдықовтың 
«Қазақ тарихи романы» (1996), Қ.Алпысбаевтың «Тарихи шығарма: таным 
мен көркемдік» (1999) еңбектерін айтуға болады.
Тарихи проза мазмұнының күрделенуімен бірге оны негізгі проблема 
етіп алып, жанр теориясы тұрғысынан қарастырған және жекелеген 
шығармаларды талдаған, жан-жақты зерттеген ғылыми ізденістер саны өсті. 
Бұл ретте Л.М.Әуезованың еңбегінде кеңес дәуіріндегі әдебиеттің 
романдарындағы тарихилық мәселесі және тарихи романдардың ерекшелігі 
зерттелген. Ол кеңестік тарихи романдардың вальтер-скоттық типтегі 
классикалық романдардан ерекшелігі оның негізін ойдан шығарылмаған 
шынайы тарихи оқиғалар, өзінің заңды дамуындағы халық өмірі 
құрайтынын, ал кейіпкерлері тарих сахнасында белгілі болған тұлғалар және 
ойдан шығарылған кейіпкерлер болатынын атап өтеді [42, 4-б.].
Ал белгілі ғалым Р.Бердібай өзінің «Қазақ тарихи романы»
монографиясында М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан бастап көптеген 
тарихи романдарды жан-жақты зерттеп, талдаған. Ғалым Ж.Дәдебаев «Өмір 
шындығы және көркемдік шешім» атты зерттеуінде тарихи романдарды 
қолданылған фактілері мен құжаттарына байланысты деректілігі тұрғысынан 
қарастырып, көркем бейнені жасау принциптерін зерттейді. Тарихи роман 
жанрын зерттеушілердің бірі Т.Сыдықов «Қазақ тарихи романы» атты 
еңбегінде тарихи роман жанрын жаңаша зерттей отырып, оның табиғатын 
терең аша білген. Қазіргі зерттеушілердің бірі Қ.Алпысбаев «Тарихи 
шығарма: таным мен көркемдік» монографиясында қазақ әдебиетіндегі 
тарихи тақырыпқа жазылған туындыларды көркемдік, кезеңдердің 
байланысы 
тұрғысынан 
қарастырады. 
Тарихи 
роман 
жанрын 
зерттеушілердің арасында қазақстандық компаративист-ғалым Қ.Б.Оразаева 
«Историко-биографический роман в русской и казахской литературах XX в.: 
Ю.Н.Тынянов и М.О.Ауэзов, сравнительно-типологический анализ» атты 
докторлық диссертациясында белгілі жазушылар Ю.Тынянов пен 


29 
М.Әуезовтің тарихи шығармаларының негізінде қазақ және орыс 
әдебиеттеріндегі тарихи-биографиялық романдарды салыстыра зерттей 
отырып, 
салыстырмалы-типологиялық 
зерттеу 
әдісін 
қолданады. 
Б.К.Майтановтың «Псхологический анализ в казахском историко-
революционном романе» атты докторлық диссертациясында кейіпкер 
тұлғасын, оның характерін ашуда қолданылатын психологизм тәсілі туралы 
жан-жақты айтылады. Ал А.А.Мәуленовтің «Қазіргі қазақ прозасындағы 
аңыздар мен мифтердің көркемдік қызметі» туралы зерттеуінде тарихи 
шығармаларға тарихи деректерден кейін өзек болатын мифтер, аңыздар мен 
әпсаналар 
туралы 
жан-жақты 
мәлімет 
берілген. 
Зерттеуші 
С.Қ.Мұхтарованың «Қазақ тарихи прозасындағы би-шешендер образы» 
жайындағы зерттеу еңбегінде тарихи шығармалардағы қазақ халқының 
қайраткерлерінің бейнесі жан-жақты зерттелген. Ал Т.М.Демежановтың 
«Художественная интерпретация образа Кенесары Касымова в казахской 
литературе», Л.А.Серғазының «М.Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясының 
тарихилығы» 
атты 
кандидаттық 
диссертацияларында 
Кенесары 
Қасымұлының қазақ тарихында алатын орны және оның бейнесін өзек еткен 
тарихи шығармалар жан-жақты қарастырылады және қазақ тарихи 
прозасындағы барлық жетістіктер туралы нақты, терең айтылады. 
Тарихи романдардың кейіпкері ең алдымен тарихтың өзі, ондағы 
тарихи оқиғалар. Тарихи романшы өз шығармасында өткенге үңіле отырып, 
оны оқырман үшін бүгінге көшіреді. Тарихи романдардың ғажайыптығы 
сонда – бұл жерде өткен өмір өзінің сырларын жоғалтпайды. Тарихи 
романшы өткен дәуірдің бояуын беру үшін сөз, киім, дәстүр үлгілерінің 
ерекшелігін сақтап және бұл ретте қазіргі оқырманға түсінікті болуы үшін 
роман тілінің тым архаизмденуіне жол бермейді. Тарихи романдарда тарихи 
оқиғалар орнына келтіріліп, тарихшының міндеті орындалады және 
адамдардың ойлары мен сезімдері қалпына келтірілуі арқылы роман жазу 
ерекшелігі сақталады. Роман жанрын терең зерттеген ғалым М.М.Бахтин 
тарих пен тарихи тұлғалардың, қайраткерлердің жеке өмірінің бірігуін 
тарихи романның ерекшелігі ретінде санайды және ұзақ уақыт бойы таза 
тарихи сюжеттің орталық және жалғыз тақырыбы соғыс болғанын айтады. 
Сондықтан да ғалымның пікірінше тарихи романшылар тарихи тұлғалардың 
жеке өміріне тоқталмай, тарихи шындықты бейнелеуге күш салған. 
Біздің ойымызша, тарихи роман жанрындағы тарих пен әдебиеттің
өзара байланысына келетін болсақ, бұл өзара сабақтастық пен жалғастық 
дәстүрінде жүзеге асырылады. Яғни тарихи роман авторы нақты 
құжаттармен, тарихи деректермен жұмыс жасай отырып, тарихи шындықты 
бұрмаламау мақсатын және роман техникасын, оның көркемдігіне 
қойылатын талаптарды ұмытпайды. 
Бұл ретте әзірбайжан ғалымы Я.И.Ахундов өзінің «Азербайджанский 
советский исторический роман» тақырыбындағы диссертациясында роман, 
соның ішінде тарихи роман мәселесенің ұдайы әдебиеттанудың күн 
тәртібінен түспейтіндігін айта келіп: «Тарихи роман тарихы мен поэтикасы 


30 
мәселелерін жалпы роман проблемасынан бөлек қарастыруға болмайды», – 
деп қорытынды жасайды [43, 3-б.]. 
Демек елдің, халықтың тарихын көркемдеп жазу, санаға рухани 
мұраларды сіңіру, тарихи тұлғалардың көркем бейнесін қалыптастыру, 
тарихымыздағы елеулі жеңістер мен жетістіктерді сипаттау, ақтаңдақтарды 
анықтау, ата-бабамыздың, абыз аталарымыз бен әзиз аналарымыздың 
ерлігін, өрлігін бейнелеу арқылы әдебиет тарихпен біте қайнасып, рухани 
сананың тәрбиешісі болады. Қазіргі жаһандану үрдісінде Қазақстанда ұлттық 
құндылықтар мен халықтық белгілерін сақтай отырып, әлемдік сахнадан 
көріну мақсатында халқымыздың сан талайлы тағдырының айнасы тарих 
бедерлерін көркемдеп көрсету «ардың ісі әдебиеттің» де алдында тұрған 
басты міндеттердің бірегейі болып отыр.
Кеңес дәуіріндегі тарихи романдарға қандай да бір тарихи оқиғаның 
мәнін айқындап, содан адамзатқа қажетті әлеуметтік-адамгершілік сабақ 
алуға тырысу тән болды. Бұл кезеңде тақырыптық және идеялық мазмұнына 
қарап, тарихи романдарды нақты тарихи, тарихи-ғұмырнамалық, әскери-
тарихи, тарихи-революциялық деп бөлуге ден қойылды.
Кейінгі орыс тарихи романын зерттеушісі М.Серебрянский бұл 
жанрдың шешуші белгісі бірнеше кейіпкердің тарихи реалдылығына 
байланысты десе, 50-80-ші жылдардағы зерттеушілер Р.Д.Мессер, 
Г.А.Ленобль, В.Д.Оскоцкий, А.И.Пауткин, Л.М.Чмыхов, А.И.Филатовалар 
тарихи романның басқа да белгілерін көрсетеді, олар: деректілік, 
оқиғалардың автордан тарихи қашықтығы, оқиғалардың тарихилық 
дәрежесі, уақыттардың (бейнеленген уақыт пен автор уақыты) сәйкестігі, 
көркем қиял дәрежесі, кейіпкер характері (ол көрнекті тұлға ма, әлде көп 
байқалмайтын тұлға ма), саналы тарихилық, дәуір бояуы. Осы белгілердің 
сарасына сала отырып, орыс тарихи романының қазіргі заманғы жағдайын 
анықтауға тырысады.
Әдеби үдерістің маңызды белгілеріне жемісті әсер етіп және көптеген 
жеке стильдердің бейнесін көріктеген стильдік тенденция тарихи-
аналитикалық бағыт болды. Зерттеуші Р.В.Комина өмірді нақты бейнелеуге 
ғана емес, сонымен қатар уақыттың алдыңғы қатарлы қоғамдық 
қайшылықтарын, әлеуметтік қозғалыс үдерісіндегі характерлері мен 
типтерін талдауға ұмтылу аналитик-жазушылардың пафосына айналғанын, 
яғни М.Горькийдің, М.Шолоховтың, А.Толстойдың, Л.Леоновтың және т.б. 
көрнекті жазушылардың шығармаларын сол кездегі қоғам дамуының күрделі 
жағдайларын дамытуға бағытталғанын айтады. Сөйтіп көркем ойлаудың 
тарихи-аналитикалық типіне ұмтылу бірте-бірте әрқилы тақырыптағы және 
жанрлық формадағы шығармаларды қамтыды [44]. 
Ал қазақ әдебиетінде өткен тарихтың бейтаныс беттерін бейнелеуге, 
ұлттық мемлекеттіктің бас бастауында тұрған көрнекті тұлғалар өміріне 
деген қызығушылық ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Бұл 
жағдайлар әдебиетте тарихи танымды тереңдетуге ұмтылған эпикалық 
шығармалардың жазылуына түрткі болды. 


31 
Академик З.Қабдолов былай дейді: «Кең көлемді ... эпостың бұл 
түрінде жазылған шығармалар шындықтың жекелеген эпизодтарын 
суреттеумен тынбайды, әдеби шығармаларға арқау болған адам мен қоғам 
тіршілігін мейлінше кең қамтып, алуан-алуан даму кезеңдерімен тұтас 
жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жинақтайды. Адам мен қоғам 
өмірінің қандай ақиқаты болсын, мұнда бүкіл тамыр тереңімен

қопарыла 
көрсетіледі де, оқырманның көз алдында өзгеше бір әлем, бүтін бір тіршілік 
дүниесі пайда болады» [45]. 
Қазіргі қазақ романдарының біразы XX ғ. 90-жылдары мен XXI ғ. 
басында жарыққа шықты. Тарихының жаңа кезеңіне көшкен, байырғы жолы 
бұған 
дейінгі 
талай 
мыңжылдықтардан 
басталған, 
қалыптасқан 
мемлекетіміздің, қазақ ұлтының көркем әдебиеттегі бейнеленуі сөз 
арқауындағы дәстүрлі шығар-машылық үрдіс аясында қарастырылады. 
Эпикалық шығармашылық үрдіс әдебиетіміздің Қазақ хандығы (ХV-XVIII 
ғғ.) және ХІХ ғасырлар кезеңдеріндегі авторлы шежірелік шығармалар 
Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ шежіресі», Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм 
хандар шежіресі», т.б. қисса-дастандар, тарихи жырлар жанрлары арқылы да 
жалғасты. Қазақ романистикасының қалыптасу, даму тарихында ХХ 
ғасырдың бас кезіндегі эпикалық шығармалар айрықша орын алады. 
Шәкәрімнің «Әділ–Мария» романының сюжеттік-композициялық 
желісінде ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ауылдарына ортақ өмір 
шындығының оқиғалары арқау етіп алынған. Көлемді прозалық 
шығарманың мазмұны мен пішіні жүйесінде классикалық әдеби 
шығармаларға тән әртүрлі көркемдік әдістер тұтастығымен жазылғандығы 
байқалады. Романның идеялық-композициялық желісін құрайтын мынадай 
мәселелер айқын қамтылған: біріншісі – ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығы 
шамасындағы қазақ ауылының көшпелі тұрмыс жағдайының (қыстау мен 
жайлау арасындағы көшу-қону, малды жаю, т.б.) көріністері; екіншісі – 
қазақтың ұлттық-этнографиялық, ата-бабалық салт-дәстүрінің негізгі оқиға 
нысаны болғандығы. Басты кейіпкерлер Әділдің әкесі Жақсыбай мен 
Марияның әкесі Бақтыбайдың әуелі құда болып келіскені сюжеттік байланыс 
ретінде көрінеді. Шәкәрімнің «Әділ–Мария» романындағы Шыңғыстауды 
кейіптеу тәсілі сипатымен бейнелеген жерлері қазіргі қазақ романдарына 
көркемдік негіз болғаны айқын байқалады. Мысалы, «Әділ–Мария» 
романында басты кейіпкерлердің түнгі табиғат аясындағы қауышу сәтін 
лирикалық-психологиялық бейнелеудің лирикалық және кейіптеулік 
тұтастықпен өрілген көркемдік-әсерлілік сипаты айқын: «Міне, осы іңірде 
туған толық Ай дәл Марияның қысылып ұялғанындай қып-қызыл болып 
туса да, көтеріле келе бозарып, жоғарылағанда, әбден бойы үйренгендей 
маңқиып, жер жүзіне сүттей тұнық сәулесін түсіріп, Айдың бетіндегі кісі 
пішінді қожыры қырындай қарап, «Әділ мен Марияның алғашқы 
қосылғанын көрмейінші!» – деген сияқтанды-ау! Сонда, кәрі Шыңғыстау, 
сен алыстан мұнарлатып, басыңды күнбатысқа беріп, көлденең сұлап: «Әділ 


32 
мен Мария былай жатсашы!» – дегендей бөктердің аласа адырын бауырыңа 
қысып, төстегі елге жантая қарап жатпап па едің?». 
Шәкәрімнің «Әділ–Мария» романындағы ұлттық-этнографиялық 
ерекшелік-тердің суреттелуі де эпикалық шығармадағы тарихилық 
шынайылығын аңғартады. Профессор Б.Майтановтың «Әділ–Мария» 
романына байланысты айтқан пікірі де осы шығарманың ұлттық және 
әлемдік әдеби үдеріс сабақтастығына негізделген жаңашылдығын 
дәйектейді: «Көркемдік баяндау құрылымы жағынан «Әділ–Марияның» екі 
түрлі өзгешелігі айдай анық. Бірі – композициялық жүйедегі пейзаж 
қызметінің ауқымы, екінші – диалог формасын пьеса үлгісіндей алу». 
Жинақтап айтқанда, Шәкәрімнің «Әділ–Мариясы» мен қазіргі қазақ 
романдары поэтикасындағы сабақтастық ұлттық әдебиетіміздің көркемдік 
үрдістері жетістіктерін дәлелдейді.
Қазақ тарихының бұрын жан-жақты қамтылмаған жақтарын кеңейте, 
тереңдете жазуда қаламгерлер сөз арқауындағы бірнеше ғылымдар 
салаларының тұтасуы жағдайында еңбек етуде. Ұлттық тарихтың көрнекті 
тұлғаларын, олар өмір сүрген қоғамдық-әлеуметтік ортаның қайшылықты, 
тартысты күрделі болмысын шығармашылық психологиясы көрігіне салып 
оқырмандарға ұсыну жауапты іс. Бұл орайда, әдебиеттанушы-ғалым 
А.Ісімақова: «Шығармашылық психологиясы (психология творчества) – 
суреткердің өмірді танудағы, мәдени қазынаны жасаушы ретіндегі жеке 
психологиясы, жаңа бір туындының қиялда туғанынан бастап, оның 
аяқталуына дейінгі динамика, яғни көркем шығарма жасаудағы жалпы және 
жекелеген заңдылық процесі» [46], - дейді. Демек, өмір шындығын тарихи 
шындық поэтикасы аясында бейнелеуде қаламгердің шығармашылық 
психологиясы ең негізгі шешуші қызметті атқарады. Қазіргі қазақ романы - 
ұлттық сөз өнері тарихындағы алдыңғы толқын суреткерлер қалыптастырған 
көркемдік үрдістің жалғасқан көрсеткіші. Әрине, қазақ сөз өнері алыптары 
да әлем әдебиеттеріндегі суреткерлер тағылымынан өнеге алды. Бұл орайда, 
қазақтың рухани мәдениеті тарихына қатысты жақтары жиі айтылатын 
А.С.Пушкин шығармашылығына назар аударуға болады. А.С.Пушкиннің 
прозалық шығармалары мен қазіргі қазақ романдарына ортақ тарихи 
шындық поэтикасының көркемдік үндестігі мәселесіне тоқталуға болады. 
Қазіргі қазақ романдарындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім 
мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырудың өзектілігі сөз 
арқауындағы осындай әлемдік классикалық үрдістер ықпалдастығы, 
сабақтастығы жүйесімен байланысты бағаланады. 
Қазіргі қазақ прозасындағы тарихи шындық поэтикасы бағдарымен 
жазылған І.Есенберлиннің «Мұхиттан өткен қайық», Ә.Нұрпейісовтің 
«Соңғы парыз», 3.Шүкіровтің «Сыр бойы», Қ.Шабданұлының «Қылмыс», 
Д.Досжановтың 
«Ақ 
орда» 
Р.Тоқтаровтың 
«Абайдың 
жұмбағы», 
М.Мағауиннің «Мен», Б.Тілегеновтің «Тұйық өмірдің құпиясы», «1986 
жыл», С. Елубаевтің «Ақ боз үй» және т.б. романдар ұлттық әдебиетіміздің 
әлемдік тәжірибедегі үлгілермен үндестігін айқын аңғартады. Аталған 


33 
романдардағы ұлттық тарихымыздағы қайраткерлер тұлғаларының, 
оқиғаларының барлығы да шындықты көркемдік шешіммен өрнектеудегі 
қаламгерлер шеберліктерін, өзіндік мәнер- машықтарын танытады. Бұл 
орайда, белгілі әдебиеттанушы ғалым, профессор Т.Н.Рахымжановтың пікірі 
эпикалық шығармалардың мазмұны мен пішіні жүйесіндегі өмір шындығы 
бейнеленуінде авторлық ұстанымдар табиғатын түсінуге бағдар береді: 
«Қазіргі романның көркем бейнеленген объектісі – қоғамдағы әлеуметтік-
психологиялық құбылыстар, адамның жан қозғалысы, орталық және қосалқы 
кейіпкердің ішкі «менінің» өсу, кемелдену эволюциясы болып табылады. Бұл 
пікір қазіргі қазақ романдарындағы тарихилықты, деректерді мол қамтып 
жеткізетін эпикалық авторлық баяндаулар болмысын дәйектей түседі. 
Әлем әдебиетіндегі тарихи шығармалар үрдісін ұстанған XX ғасырдың
90-жылдары мен XXI ғасырдың бас кезіндегі қазақ прозасының роман 
жанрындағы туындылары ұлттық сөз өнері қазынасын байыта түсті. Әлем 
әдебиетінің алыптары (Л.Толстой, А.Пушкин, Р.Тагор, Ә.Хэмингуэй, 
М.Әуезов, т.б.) шығармаларына тән тарихи шындық поэтикасы көркемдік 
үндестігі байқалатын қазақ прозасының жаңа туындылары тәуелсіз 
Қазақстан әдебиетінің өркениеттегі өзіндік тұғырын бейнелей түседі. Бұл - 
ұлттық мәдениетіміздің жалпыадамзаттық дамудағы жетістіктерінің нақты 
көрсеткіші. Әдеби процесс-әлем халықтары әдебиеттері дамуындағы елеулі 
туындылардың 
поэтикалық 
ерекшеліктері 
жинақтала 
танылатын 
шығармашылық ізденістер арналарын тұтастандыра танытатын ұғым. 
Профессор Т.Тебегенов: «Әдеби процесс – рухани құндылықтар тарихы... 
Әдеби шығарма – өткен мен бүгінді, болашақты тұтастай елестететін өзекті 
мәселелерді қамтитын көркемдік-эстетикалық тағылымы мол халық 
дүниетанымының айнасы» [47], - дейді. Демек, әдеби процесс ұғымының 
аясында 
халық 
тарихының 
барлық 
кезеңдеріндегі 
сөз 
өнері 
шығармашылығының үздіксіз дамуындағы қозғалысы, поэтикалық болмысы 
қарастырылады. Әрине, рухани мәдениеттің негізгі арнасы көркем 
шығармалар – үздіксіз туындап жататын әдеби даму қозғалысының жемісі. Бұл 
– әдеби процесс. 
ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар 
мазмұн, форма жағынан жаңа сапаларға ие болды, бұған қоғамдық-саяси 
және тарихи-әдеби факторлар әсер етті. Сөз бостандығы мен ой бостандығы, 
бұрын тиым салынып келген тақырыптарға еркіндік берілуі жазушылардың 
белгілі тарихи фактілер мен тұлғалар өміріне деген көзқарасты дұрыс 
бейнелеуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде тарих сахнасында тұмшаланып 
қалған бейнелерді жаңғыртуға, халық басынан өткен оқиғаларды шынайы 
бағалауға мүмкіндік берді. Қазіргі тарихи романдарда терең психологизмді 
қолдану, ішкі монологтың қызметін күшейтуге ұмтылу және әртүрлі әдіс-
тәсілдерді кеңінен пайдалану үрдіске айналды. Осындай жаңашыл сипаттар 
арқылы жазушылар халық ұлдарының бейнесін шынайы жасауға және тарих 
суреттерін дұрыс бейнелеуге қадам басты. Бұл ретте ұлттық характерлер 


34 
шынайы ашылып, оқиғаны бейнелеуде ұлттық дәстүр, рухани мұралар 
кеңінен қолданылды.
Автор өзінің тарихи романдарында бірнеше қызмет атқарады, ол – 
тарихшы, этнограф, архивтанушы, құжаттанушы, әдебиетші, публицист, 
ғалым-филолог. Бұл қасиеттер жазушының тарихи романды көп қырлы етіп 
кеңейтуіне және оның мазмұнын күрделендіруіне мүмкіндік жасады, осыған 
байланысты тарихи романдардың түрлері де өзгерді.
Көркем шығармадағы шындық пен реалистік мәселелер жөнінде
ғалым К.Сыздықов: «Көркем шығарманың қай түріне болса да қойылар ең 
үлкен талап – оның өмірге, шындыққа қатынасы, яғни онда өмір 
материалдарының іріктеліп, сұрыпталып алыну жолы», – деген пікір айтады 
[48, 146-б.]. 
Осы жерде тарихи романдарды зерттеуші Б.К.Базылова: «Тарихи 
романдарда қоғамдық-әлеуметтік дамудың белгілі бір тарихи концепциясы 
бейнеленеді. Өзінің тарихи романдарында жазушы өткенді шынайылықпен 
бейнелеуге тырысады, оның тұжырымдылығы тарихты білуі мен 
талантының өлшемімен бағаланады», – деп келтіреді [49, 4-б.]. Бұл пікір 
қазақ әдебиетіндегі тарихи романшылардың шығармашылығына тән, себебі 
қазақ тарихи романшылығына романтикалық сарында жазу тән емес, көбіне 
реалистік принцип басшылыққа алынады. 
Кейіпкердің ішкі әлеміне жиі үңілу, күрделі баяндаулар тарихи 
романдардың танымдық, зерделік белгілерін күшейтті. Сондықтан
туындының бойында әртүрлі жанрлардың жинақталуы тарихи романның 
мазмұны және түрі жағынан ерекше шығарма болуына септігін тигізді. 
Тарихи роман жанрының ішіндегі орын алатын жанрлық қозғалыстар 
оның мазмұнын байытып, формасын түрлендіріп, өткен мен бүгінді 
сабақтастық байланыста және мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында 
өзгеріске түсіп жатқан әлеуметтік-тарихи жағдайлар шегінде суреттеуге 
мүмкіндік береді. 
Зерттеуші М.Д.Яндиева ингуш әдебиетіндегі тарихи романдардың 
шығуын және көркемдік ерекшелігін талдай отырып, жанр аясындағы
дәстүрлер мен ізденістерді зерттей отырып, олардың 60-70 жылдардағы 
пайда болуын қарастыра отырып былай дейді: «Тарихи романдардың 
жанрлық ерекшелігі жазушыға тарихты тұтастай, нақтылы түрде сипаттап, 
ата-бабаларымыздың тарихи тәжірбиесін толық айшықтауды талап етеді» 
[50, 6-б.]. 
Әдебиеттанушы ғалым Қ.Ергөбек «Арыстар мен ағыстар» жинағында 
тарихи шығармалар туралы: «Әдебиет – күрделі құбылыс. Тарих – көш-
керуен. Кешегі табысымызға бүгін жаңаша қарап, басқаша безбендеп, қатал 
елеп-екшер жайымыз бар. Бізде тарихи туындылар енді-енді дендеп туа 
бастады», – деп жазады [51, 116-б.]. Ғалымның бұл пікірі қазіргі кезеңдегі 
тарихи романдардың формалық, мамзұндық, жанрлық жаңалықтарына 
байланысты айтылса керек. 


35 
Ілияс Есенберлиннің қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрын өз 
шығармасымен байытқан, әрі жанрдың дамуына үлкен үлес қосқан 
шығармалары ретінде «Көшпенділер» және «Алтын Орда» секілді тарихи 
трилогияларын 
айтуға 
болады. 
Осының 
ішінде 
«Көшпенділер» 
трилогиясында жазушы тарихи деректерді жеткілікті пайдалана отырып, 
қазақ мемлекетінің ХҮ-ХІХ ғасырлар аралығындағы қалыптасып, даму 
кезеңдерін көркем шындықпен шебер бейнелеп берді және қазақ халқының 
біртуар азаматтарының әдеби көркем тұлғаларын нанымды, әрі тарихи 
шындыққа бейімдей отырып жасады. Ілияс Есенберлиннің тарихи 
романдарының құндылығы сонда, жазушының бұл шығармаларына бес 
ғасырлық тарихтың елеулі оқиғаларын сыйғыза білуі оның тарих бедеріндегі 
маңызды, басты көріністерді дөп баса білгенін көрсетеді. Оның тарихи 
туындылары қазақ халқының тарихындағы елеулі кезеңдерді бейнелеген 
құнды туындылар болып табылады.
Бұл жерде жазушы Ілияс Есенберлиннің таланты айқын көрінді. Ол 
қазіргі қазақ әдебиетіндегі тарихи романның негізін салушылардың бірі 
болды. Ол алғашқылардың бірі болып қазақ халқының ежелгі бастауларына 
көз жіберіп, ұлттық тарихтың аз зерттелген парақтарын ашты. Оның 
«Көшпенділер» және «Алтын Орда» трилогиялары тарихи дәуірді 
бейнелеудегі айшықты бояуы мен көркемдігі жағынан қазақ тарихи 
прозасындағы көрнекті құбылыс болды. «Көшпенділер» трилогиясының 
тағдыры жеңіл болмады. Сыншылардың пікірі әрқилы болды, оған ашықтан 
ашық қарсы шыққандар да болды.
Шындығында 
Ілияс 
Есенберлиннің 
«Көшпенділер» 
(1976) 
трилогиясын құрайтын «Алмас қылыш» (1971), «Жанталас» (1974), «Қаһар» 
(1969) кітаптарының жазылуы жазушы зертханасындағы тынымсыз еңбектің 
нәтижесі ретінде ажарлана көрінгенімен, олардың әрқайсысының жарыққа 
шығуы, кейіннен трилогияға айналып, бүкілхалықтық қолдауға ие болып, 
әдебиет сынынан өтуінде көптеген қайшылықтар болғаны мәлім. Академик 
С.Қирабаев қазақ әдебиетінің кеңес дәуірі кезіндегі қоғамдық өмірдегі 
жағдайды былай сипаттайды: «50-ші жылдардың бас кезіндегі қазақ 
тарихына байланысты толқулар, көрнекті тарихшылар мен ғалымдардың 
қуғындалуы әдебиет алдында тарихи тақырыпты біржола жауып тастағандай 
еді. Орыс халқымен достықты жазған жекелеген шығармалар болмаса, қазақ 
тарихының көптеген күрделі мәселелері жабық жатты. Әсіресе Кенесары 
қозғалысының 
кертартпа-реакциялық 
тұрғыда 
бағалануы 
халық 
тарихындағы азаттық идеясын көтеруге тиым салды» [52, 154-б.]. Бұл 
ғалымның 
М.Әуезовтің 
«Хан 
Кене» 
драмасы, 
І.Есенберлиннің 
«Көшпенділер» трилогиясы туралы пікірі болатын. 
Осындай ұзақ үнсіздікті алдымен алпысыншы жылдардың аяғында 
Ілияс Есенберлин бұзды. Оның тарихтың ең бір даулы, қиын беттеріне 
арнаған «Қаһар» (1969) романы әуелде көп адамды шошытты, әрі таң 
қалдырды. Кенесары қозғалысының алғашқы халықтық сипат алғанын, 
тілектес жұрттың оның соңынан ергенін көрсете отырып, жазушы 


36 
Кенесарының хан көтерілгеннен кейін жеке бастың хандық мүддесі үстем 
бола бастағанын суреттеді. Бұрын хан, би, жырау сияқты ел билігіне 
араласқан адамдар тек үстем тап адамы есебінде теріс бағаланып келсе, 
қаламгер бірінші рет қазақ әдебиетінде олардың арман-тілегі, ісі, ой-пікірі 
халық тағдырымен байланысты болғанын ашты. Оның бұл ісін академик 
Р.Бердібай «Есенберлин ерлігі» атты мақаласында (Егемен Қазақстан, 2005, 
10 шілде): «Тарихшылардың өзі Кенесары туралы бір ауыз жылы сөз айтуға 
жүрегі дауаламай, үрейден арыла алмай жүрген кезде Ілияс Есенберлиннің 
«Қаһарды» жазуы шынында да, қаһармандық еді», – деп жазушының ерлігіне 
балайды. 
Жазушының «Хан Кене» деп атап, кейіннен цензурадан өтпеуі себепті 
«Қаһар» деп өзгерткен романы халықтың да, жазушының да қаһарын 
бейнелеуі деп ұғуға болады. Трилогияның соңғы кітабының бірінші 
жазылып, оның жарыққа шығуы өте қиын болғанын және оның 
маңыздылығын жазушы Ә.Нұршайықов әділ бағалаған: «Бір сөзбен айтқанда 
«Қаһар» шықпаса, «Көшпенділер» трилогиясы тумас еді. «Алтын Орда» 
трилогиясы да жазылмас еді. Онда қазақ әдебиеті гректердің «Иллиадасы» 
мен «Одиссеясы» сияқты екі мәңгілік кітаптан мақұрым қалар еді» [53, 5-б.]. 
Грек халқының ұлы ақыны Гомердің эллада халқын ұлықтауға 
арналған осы «Илиада» және «Одиссея» поэмалары тек Грецияның ғана 
емес, бүкіл Еуропа кеңістігін жайлайтын халықтар үшін де мақтаныш болып 
саналады. Себебі бұл поэмалар, біріншіден, ежелгі грек мифологиясының 
жаршысы, ал грек мифологиясы – барлық Еуропа әдебиетінің бастауы, 
екіншіден, осы қос поэмада ақын грек батырларының теңдессіз ерліктерін 
мадақтап, олардың өмірдегі серіктерін – аяулы жарларының батырларға 
деген адалдығын паш еткен. Жалпы осы екі шығарма грек тарихы мен 
әдебиетінің алғашқы және көркем, классикалық нұсқасы болып саналады. Ал 
жазушы 
Ә.Нұршайықовтың 
«Көшпенділер» 
мен 
«Алтын 
Орда» 
трилогияларын осындай биікке көтеруі – бұл шығармалар үшін артық 
айтылмаған. Аталмыш трилогиялар қазақ халқының қилы тағдырымен 
өрнектелген тамыры терең тарихының жапырағын жайып көрсетіп және 
халық мақтанышы – әділ хандарын, тура билерін, көмекей әулие 
жырауларын, қаһарман батырларын алты кітапқа сыйғызып, оны көркем 
кестелеп, халыққа өзінің тарихын қайтарды. Шынында жазушының бұл 
туындыларды тарихтың тасасынан алып шығып, ешқандай цензура мен 
сыннан қаймықпай жария етуі – оның бірінші ерлігі еді. Ал жазушының 
екінші ерлігі – тарихи романдарын әрқилы жанрда жазып, тарихи романға 
батыл жаңалық енгізгенінде, ал үшінші ерлігі – қазақ халқының күрделі 
тағдырын көркем бейнелеп және халық ардақтаған хандардың, батырлардың, 
билердің, жыраулардың айшықты галереясын жасағандығында.
Бұл ойды жалғастыратын академик Р.Нұрғалидың: «Ұлттық 
тарихымыздың терең қойнауларында қалған көп оқиғалардың елесі, 
өзгерген, бұрмаланған деректер, әр түрлі тілдерде жазылған, сан алуан, қолға 
түспейтін сирек кітаптарды, архив қазыналарын, оқылуы қиын 


37 
қолжазбаларды, әр жерде жүйесіз шашырап жатқан материалдарды тауып 
оқып, қорытып шығу үшін кеткен уақыт, жұмсалған қайрат, жасаған 
еңбектің өзі бір адамның ұзақ ғұмырына жетіп артылар шаруа» [54, 5-б.] – 
деген Ілияс Есенберлиннің еңбегіне берген пікірі көкейдегіні қозғайды. 
Себебі ауыз әдебиеті үлгісінде танылған ежелгі дәуір туралы тарихи роман 
жазуға қарағанда осы күнге дейін шығармалары, ерлік істері қағаз бетіне 
түсіріліп, тарих болып осы күнге жеткен орта ғасырлар, қайта өрлеу дәуірі, 
ағартушылық кезең туралы жазған нанымды, әрі шынайы шығатын секілді. 
Себебі тарихи роман тарих ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулермен 
тығыз байланысты. 
Жазушының барлық шығармашылық ғұмырының мәнді де, мағыналы 
кезеңі тарихи романдар жазуымен байланысты болған. Зерттеуші 
М.Жапанова Ілияс Есенберлин шығармашылығын әрқилы кезеңдерге бөліп 
қарастыра отырып, оның біріншісін – жазушы шығармашылығының 
романтикалық аспектісі (өзін өзі құрбан ету және ерлік көрсету тақырыбы, 
көркем образдардағы фольклоризация элементтері, жоғары мен төменнің 
қайшылығы); екіншісін – социалистік құрылысты дәріптеу, тың игеруді 
бейнелеу, рухтанған жеке тұлға мен қоғамның тартысы тақырыбы, 
үшіншісін және қарқындылау кезеңін тарихнамалық аспект (бұл жерде 
жазушы халық тарихымен айналысып, қазақ мемлекетінің тарихы және жеке 
тұлғаның тағдыры туралы жазады) екендігіне тоқталып өтеді [55, 4-б.]. 
Ал Ілияс Есенберлин шығармаларындағы қазақ интеллигенциясы 
бейнесінің типологиясы мен эволюциясын зерттеген Ж.Б.Ибраева осы 
тақырыпқа қалам тербеген Ілияс Есенберлин және т.б. жазушылардың 
шығармалары рухани құндылықтарды қайта қарап, мәдениеттің ұлттық 
ерекшеліктерін түсінуге, оның түп тамырын зерделеуге және халықтың 
санасын жандандыруға үлес қосқанын айтады [56, 19-б.]. 
Майталман жазушы Ілияс Есенберлиннің тағдыры да жеңіл болмаған. 
Өмір бойы үлкен ізденісте болған жазушының әр кітабы қоғамдық қызу 
пікірталасқа түсіп отырған. Тыңнан келген жаңалықты бірден қабылдау 
қиын ғой. Ол «Жанталас» романы баспаға жіберілмей, идеологиялық сын-
пікірлер көп айтылып, қайта-қайта тексерілгенде осындай қуғын-сүргінді 
көп көріп, әр кітабы үшін жанталасып, арпалыспен жүріп, күні өткен соң 
үшінші кітабын әдейі «Жанталас» деп атаған.
Қаһарман жазушы Ілияс Есенберлиннің қазақ әдебиеті мен тарихына, 
яғни мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесін өз кезінде кейбір сыншылар 
мойындап, кейбірі елемеуге тырысты. Дегенмен «қынынан суырылған алмас 
қылыштай жарқылдаған» үш роман – трилогия өзінің бағасын алды.
Ал тарихи роман жанрын зерттеп, оның ішінде қазақ әдебиетіндегі 
тарихи романдар туралы пікір айтқан ғалымдар И.С.Брагинский, 
З.С.Кедрина, З.Г.Османова, Ю.И.Суровцев өздерінің Орта Азия және 
Қазақстан советтік социалистік республикаларының құрылғанына 50 жыл 
толуына орай Ашхабадта өткен (1974 жыл, мамыр) жазушылардың аймақтық 
конференциясында жасаған баяндамасында тарихи шындықты бұрмаламау – 


38 
тарихи және тарихи-революциялық тақырыпқа жазылған шығармалардың 
басты ерекшелігі. Соның ішінде Ілияс Есенберлиннің «Хан Кене» 
романында Кенесары Қасымовтың бейнесін жасау үшін құжаттарды терең 
әрі жіті зерттегені осынау күрделі тұлғаның шынайы бейнесін жасауға 
септігін тигізгенін айтып өтеді [57, 68-77 бб.]. 
Жазушының «Көшпенділер» трилогиясынан кейін «Алтын Орда» 
трилогиясын жазуы оның қазақтың халық болып, Қазақстанның мемлекет 
болып қалыптасуын көркем туынды арқылы жан-жақты бейнелеуге 
ұмтылғанын байқатады. Жазушының екі трилогияға жеті ғасырлық тарихтың 
елеулі оқиғаларын сыйғыза білуі оның тарих бедеріндегі маңызды, басты 
көріністерді дөп баса білгенін көрсетеді. Оның тарихи туындылары қазақ 
халқының тарихындағы елеулі кезеңдерді бейнелеген құнды туындылар 
болып табылады.
Соның ішінде Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы оның 
жан-тәнімен беріле жазған туындысы болғанын автордың мына пікірінен 
көреміз: «Көшпенділерді» жазғандағы басты ойым, мына себепке тоқталды: 
қазақ халқының өткенінің тарихи анықтығы, оның мемлекет болып 
құрылуын батылдықпен бейнелеп көрсету. Ең бастысы бұл роман шаманизм 
философиясына қарсы қойылған. Көшпенді халықтар тарихтарынан 
айрылған сияқты. «Көшпенділер» – әр түрлі бұрмалауларға тура жауап. 
Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың 
бір бөлігі болып табылады». Себебі өз халқын шын жүрегімен сүйген 
жазушы: «Мен, тегінде, қазақ халқын данышпан халық деймін. Оның жыры, 
мақал-мәтелдері, ән-күйі шын даналықтың белгісін көрсетеді», – деп 
көкейдегісін айтады [58, 38-59 бб.]. Мүмкін жазушының тағы бір он жылдай 
ғұмыры болғанда, ол осы мыңжылдықтың басынан бастап арғы ата-
бабаларымыздың – ер түркілердің тарихын да жазып шығар ма еді?!
Жазушы Ілияс Есенберлиннің өткенге көзқарасы мен оның тарих 
ғылымымен 
байланысы 
туралы 
отандық 
әдебиетші-ғалымдардың 
еңбектерінде айтылады. Бұл пікірлер мынадай проблемаға кеп тіреледі, яғни 
тарихи романда қандай жағдай жоғары тұруы керек; тарихи шынайылық па, 
әлде жазушының көркемдік қиялы ма? Біреулері құжатқа негізделуінің 
маңыздылығын, басқалары көркемдіктің басымдығын қолдайды. Осындай 
сұрақтарға әр түрлі жауап бере отырып, зерттеушілердің ортақ пікірі тарихи 
романның негізгі критерийі тарихи шындық дегенге саяды. 
Трилогиядағы уақыт бедері бес жүз жылды қамтитындықтан, мұндағы 
оқиғаларды Шыңғыс хан әулеті кезеңі, Әбілқайыр хан кезеңі, Абылай хан 
кезеңі, Кенесары хан кезеңі деп қарастыруға болады. Жазушы трилогияда 
сюжеттердің 
бірізділігі 
сақталмаған, 
себебі 
Ілияс 
Есенберлин 
шығармаларында тарихи деректер мен архив құжаттары, шынайы фактілер 
көп кездеседі, сондықтан автор осы деректерді игеріп қана қоймай, 
суреттеліп отырған дәуірдің көркем шындығын берген.
Қаламгердің «Алмас қылыш» романындағы елеулі оқиғалар санатына 
Керей мен Жәнібек хандардың қазақ руларын бөліп алып, Әбілқайыр ханнан 


39 
кетісіп, қазақ хандығын құрғаны және Әбілқайырдың орнына немересі 
Мұхаммед-Шайбанидің отырып, хандық құрған кезеңін жатқызуға болады. 
Қазақ халқының тарихында қазақ хандығының құрылуы ерекше оқиға 
саналады.
Ал «Жанталас» романындағы негізгі оқиғалар ретінде Хақназар 
ханның билік құрған кезеңін және қазақ тарихындағы Абылайдың хандық 
құрғаны туралы баяндалады. Жазушы бұл романында Абылайдың хандыққа 
жету жолындағы әрекеттерін шынайы суреттей отырып, оның билік басында 
болып, жасаған әділдіктерін де ұмытпайды.
Сондай-ақ «Қаһар» романы ХІХ ғасырдағы қазақтың соңғы ханы 
Кенесарының билік құрған уақытын бейнелеуге арналады. Жазушы қазақ 
халқының тарихындағы осы бес жүз жылды суреттей отырып, қазақ 
хандығының оңайлықпен құрылмағанын және жан-жақтан анталаған азулы 
көршілермен араласудың қиын екендігін, сонымен қатар қазақ хандарының 
дипломатиялық шеберлігін, елі, жері, халқы үшін өмір бойы күресіп 
өткендерін трилогияның өн бойында баяндап отырады.
Автор қаламының шеберлігінен трилогияда сан ғасырлық 
оқиғалармен қатар, қазақтың біртуар батырлары, әулие жыраулары 
бейнеленеді. Автор бұл шығармада қазақ хандарының ақылгөй Асан Қайғы, 
Қазтуған жырау, Қотан жырау, Бұқар жырау секілді даналардың кеңесімен 
ел ішіндегі тыныштықты, тұтастықты ұстай білгенін көрсетеді.
Жазушы тарихи уақыт пен кеңістікті қолдана отырып, өткен күннің 
оқиғаларын кейде монолог, кейде айтыс өнері, кейде сұхбат түрінде беруге 
ден қояды. Бұл тарихи шығармаға тән қасиет. 
Ал романды талдаудағы салыстырмалы-тарихи әдіс шығарманың 
сюжетінде жазушының суреткерлік қиялы тарихи материалмен тығыз 
байланыста екендігін айғақтайды. 
Демек Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында әлем, 
дүние, өмір мен өлім, тағдыр, тарихи жолды таңдау мәселесі мәдени-
философиялық тұрғыдан қарастырады. Бұл романдағы қазақ халқының өткен 
(ретроспективті) тарихи суреті хандардың, халық арасынан шыққан 
тұлғалардың көркем фигураларымен, өткен дәуір адамдарының рухын, 
ұлттық санасын, ойлау жүйесін қалыптастырған көптеген этнографиялық 
детальдармен, салт-дәстүрлермен толыққан.
Трилогиядағы автордың баяндауы негізінен тарихта орын алған 
шынайы фактілерге сүйенеді, сондай-ақ мұнда көркем қиял да кездеседі. 
Автор тарихи қайнарларға сілтеме жасап, деректі фактілерді қолданады, 
кейде құжаттардың өзін, авторлардың атын немесе жылнамашыларды, 
тарихшыларды да келтіреді. 
Трилогияның өн бойында тарихи фактілердің ізін жоғалтып алмау 
және жалаң деректілікке ұрынбау үшін жазушы сан қилы әдіс-тәсілдерді 
қолдануға тырысқан. Мұнда кейіпкердің монологы («Алмас қылыш» 
романындағы Әбілқайыр ханның ұзақ толғанысы, «Жанталас» романындағы 
Бұқар жыраудың Абылай хан туралы ойлары), тарихи оқиғаларды бейнелеу 


40 
үшін диалогты («Алмас қылыш» романындағы Қотан жырау мен 
Қазтуғанның айтысы), көпүнділікті («Алмас қылыш» романындағы 
Әбілқайыр ханның өз қызымен кенет кездескендегі ханның, Саян 
батырдың, Гүлбаһрамның ойлары арқылы оқиғаны шиеленістіруі; Шах-
Будақтың асында Саян батыр қашып кеткендігі туралы хабарды естігенде 
Қобыланды батырдың, Ақжол бидің, Әбілқайыр ханның ишарат-қимылдары 
арқылы Асан Қайғының ертеңгі күннің күмәнді екендігі туралы ойға келуі), 
дєстүрлі емес коммуникацияны қолдануы (Шыњѓыс ханѓа Жошыныњ өлімін 
естірту үшін домбыраны пайдалануы), халықтың салт-дәстүрінің оқиғаны 
сөзсіз ұғындыратынын шебер көрсетуі (Ақжол батырдың қаралы ордасының 
сипаты: «Орданың сырты қандай болса, іші де сондай қан жылаған екен. 
Алтын, күміспен зерлеген қара сырлы уық, кереге, бақан. Абажадай қара 
шаңырақтан жерге салбыраған қара шуда жіптен өрген шашақты тұжырма. 
Үй іші адамның зәресін алып, құтын қашырғандай…» [33, 86-87 бб.]; 
Әбілқайыр ханның Жәнібек пен Керейді аңға шығуға шақырғандағы екі 
топтың киім киісі, адамдар саны, олардың бет бедерін суреттеу арқылы 
ханның шын ниетін көрсетуі; Жағанның отауына Жәнібек келгендегі 
әйелінің жүрісі арқылы жазушының Жәнібектің сезімін бейнелеуі) 
жазушының шеберлігін көрсетеді. Трилогияда нақты жылдарды көрсету, 
кейде құжаттардан үзінді келтіру секілді деректілік көп кездеседі, бұл 
жазушының осыншама ұзақ уақытты бір кеңістікке сыйғызу үшін жасаған 
әрекеті секілді. Себебі трилогияда уақыт бір орында тұрмайды, оқушы ХҮ 
ғасырда отырып, кейіпкерлердің монологы немесе диалогы арқылы одан 
бірнеше ғасыр бұрынғы кеңістікке түсіп кетеді, немесе жазушы нақты 
тарихи тұлғаларды бейнелегендіктен, абыздардың түс жору әдісі (Бұқардың 
Абылайдың түсін жоруы, Кенесарының түсі) арқылы болашақтағы, кейіннен 
тарихта нақты орын алған оқиғаларға көшіп кетеді, яғни трилогияда кеше –
бүгін – болашақ уақытының тізбегі қолданылған. Жазушы уақыт көшінің 
үздіксіздігін де, бір сәттілігін де сипаттаған.
Уақыт пен кеңістік – өнердің, соның ішінде әдебиеттің маңызды 
дүниетанымдық, идеялық-мазмұндық және композициялық характері. 
Оларды зерттеу шынайылықты көркем бейнелеу мүмкіндіктерін зерделеуге, 
көркем шығарманың ішкі әлемінің ерекшеліктерін зерттеуге, шығарманың 
мазмұны мен формасының күрделі мәселелерін шешуге зор қызмет 
атқарады. Көркем уақыт пен кеңістік мәтіннің күрделі құрылымдық бөлігі 
қызметін атқарады, ол шығарманың композициясын құрайды, соның ішінде 
баяндау, сөздік құрылымы, сюжеттің дамуы секілді мәселелерге әсерін 
тигізеді, олардың жанр құрайтын мәнінен басқа әдебиетте көркемдік қуаты 
да бар. Әдебиеттану ғылымында «хронотоп» ұғымының негізін салған 
белгілі ғалым М.М.Бахтин: «Хронотоп дегеніміз әдебиеттің формальды-
мазмұндық категориясы... Әдеби-көркем хронотопта кеңістік және уақыт 
белгілері мәнді және нақты тұтастық ретінде тоғысады», – деп келтіреді. 
Оның пікірінше көп жағдайда уақыт қатынасы кеңістіктен бөлек 
қарастырылып келді. Ол уақыт пен кеңістікті хронотоп (ежелгі грек тілінде 


41 
chronos – уақыт, topos – орын, кеңістік) деп атайды. Уақыт образы 
биографиялық (балалық шақ, жастық шақ, кемел шақ, кәрілік), тарихи (қоғам 
өміріндегі дәуірлер мен ұрпақтардың, ірі оқиғалардың алмасуы), ғарыштық 
(мәңгілік және әлемдік тарих туралы ойлар), күнтізбелік (жыл мезгілдерінің, 
күнделікті өмір мен мерекелердің ауысуы), тәуліктік (күн мен түн, таңертең 
мен кешкілік уақыт), сондай-ақ қозғалыс пен қозғалыссыздық туралы, 
өткеннің, бүгіннің, болашақтың арақатынасы туралы ойлардан жасалады. Ал 
кеңістік көркем шығармаларда әрқилы түрде көрініс береді: жабық пен ашық 
кеңістік, жер мен ғарыштық кеңістік, көзге көрініп тұрған шынайы және 
қиялдағы кеңістік, жақын мен алыстың заттығы туралы ой. Көркем 
шығармалардың әрқилы кеңістікті жақындататын және бір арнаға құятын 
мүмкіндігі бар. Ол хронотопты «уақыттық кеңістік» дей келе, уақыттық және 
кеңістіктік көзқарастардың өзара байланысын көрсетеді және хронотопты 
шығармашылықтың роман түрімен байланыстырады. Романдық хронотоп 
бейнеленген ситуацияның ерекшеліктерімен айқындалады, мұның қатарына 
«жеке тұлға, микроорта және бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынастағы орта 
кіреді». Осы жерде ғалым: «Хронотоп әдебиетте маңызды жанрлық мағынаға 
ие. Жанр мен жанрлық түрлер хронотоппен айқындалады», – дейді [59, 391-
406 бб.]. Хронотопты шығармашылықтың роман түрімен байланыстыра 
отырып, М.М.Бахтин роман ұғымын өте кеңейтті, сөйтіп оны Жаңа кезеңнің 
түгелдей дерлік әдебиетімен байланыстырды. Сонымен қатар ол 
хронотоптың ерекшелігін романның өте ертедегі типтерінде, яғни ежелгі 
грек, авантюралық-рыцарлық, авантюралық-айлакерлік, Рабле романдарында 
көрсетті. Ғалымның пікірінше шығарманың кейіпкерлері және мәтіннің 
басқа да компоненттері: кейіпкерлердің портреті, сөзі де хронотопқа ие.
Ал әдебиет теоретигі 
 
Б.В.Томашевский көркем шығармадағы 
фабулалық баяндау уақыты мен уақытты айыра қарау қажеттігін айтады. 
Яғни фабулалық уақыт – көркем шығармадағы оқиғаның болған уақыты, ол 
1) оқиғаның нақты уақыты, 2) оқиғаның жалғасу уақыты, 3) оқиғаның 
уақыты туралы әсер қалдырудан тұрады. Ал көркем шығармадағы кеңістікті 
ол статикалық (кейіпкердің бір жерге жиналуы, кездейсоқ кездесу) немесе 
кинетикалық (кейіпкерлердің бір жерден екінші жерге қажетті кездесулер 
үшін қозғалуы, яғни саяхат жасауы) деп қарастырады [60, 179-191 бб.].
Өз кезегінде ғалым В.В.Виноградов сюжеттердің даму жылдамдығын 
кейіпкерлердің психологиялық жағдайымен бірлікте қарастырады, бұл жерде 
шығармадағы көркем уақыт пен жазушының шынайылыққа қатынасы 
арасындағы байланыс туралы айтылады [61].
Бұл туралы теоретик ғалым В.Е.Хализев: «Көркем шығармалардың 
тұла бойында уақыт және кеңістік көріністерімен тізіліп тұрады, олар шексіз 
көп түрлі және терең мағыналы», – дейді, яғни көркем шығарманың 
хронотоптық бастауы оларға философиялық түр береді, ол шығарманың 
кейіпкерлері философиялық ойлауға икемді болмаса да, сөз тінін әлем 
образына, әлем бейнесіне шығарады. Уақыт пен кеңістік көркем шығармада 
екі түрлі көрініс табады. Біріншіден, мотив және лейтмотив түрінде (әсіресе 


42 
лирикада), олар кейде символдық мінезге ұласып, әлемнің бейнесін береді. 
Екіншіден, олар сюжеттің негізін құрайды [62, 212-214 бб.].
Орыс ғалымы Д.С.Лихачевтің пікірінше дәуірден дәуірге өткенде 
әлемнің өзгермелілігі туралы ойлар кеңейіп, тереңдей түседі, уақыт 
образдары әдебиетте барынша үлкен мағынаға ие болады, жазушылар 
қозғалыс формасының көптүрлілігін әлемді оның уақыт өлшемдерімен қамти 
отырып барынша айқынырақ және тебірене түсінеді [63, 209-219 бб.].
Ал 
ғалым 
Ю.М.Лотман 
әдеби 
шығармашылықта 
«кеңістік 
ұғымдарының тілі» алғашқы және негізгі болып саналатынын айтады. Ғалым 
көркем шығармадағы бағытты кеңістіктің, тұрмыстық және қиялдағы 
кеңістіктің, тұйық пен ашық кеңістік шекараларының көркемдік мәнін 
сипаттайды [64, 447-451 бб.].
Әдебиеттанушы ғалым А.Я.Эсалнек романдық хронотоптың өзіндік 
ерекшелігін жеке тұлғаның тағдырын әрқилы өмір жағдайларында әртүрлі 
қырынан қабылдауға және зерттеуге байланысты екенімен түсіндіреді [65].
«Хронотоп» ұғымы туралы өзінің еңбегінде ғалым Н.К.Гей былай 
дейді: «Әдебиет бір уақытта, бір сәтте болған жағдайды үздіксіз 
шынжырдың бойына созып, ал кейде әр уақытта болған және бір-бірінен 
алшақ жатқан жағдайды жақындатып, салыстырып, бірге жинақтауға мәжбүр 
болады» [66]. 
Бізге белгілі болғандай, хронотоп мәселесін қазақ әдебиетінде 
қарастырған ғалым М.Х.Хамзин: «60-80-ші жылдардағы қазақ романындағы 
қоғам мәселесін сөз еткенде, назарда ұстайтын философиялық ұғымдар: 
Уақыт пен Кеңістік бар. Уақыт пен Кеңістік сияқты философиялық 
ұғымдарды сөз етуіміздің төмендегідей себептері бар: біріншіден, біз сөз 
қылып отырған кезеңдегі қазақ романдарындағы осы қос ұғымның берілу 
сипаттары, яғни қаламгердің дүниетанымдық өре-деңгейі, екіншіден, жаны 
зұлымдыққа емес, жақсылыққа, ізгілікке бейім адам болмысынан туындаған 
күшті тұлғаны қаламгердің өз қиялындағы қоғамнан іздеудегі ізденістерді 
бағамдау», – дейді [67]. Ғалымның бұл пікірі қазақ романдарындағы уақыт 
пен кеңістіктің кеңейіп, барынша күрделене түскенін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет