М. Тәнекеев. Қажымұқан Сабақтың мақсаты



Дата20.07.2020
өлшемі19,29 Kb.
#63353
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушының әр ойын жинақтап айта білуін және тарихи танымын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Шыдамдылыққа, ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, сызба, слайдтар, шығармашылық тапсырма.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Балалар бізге қандай сабақ?
2. Қазір қай ай?

3. Желтоқсанда қандай мерекелер бар?

- 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап кеттік. Желтоқсанның 16 - сы Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын тойлаймыз.
Әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде болашаққа қадам басқан біздің еліміз дамыған, білімді ел болуы керек. Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызда «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, «Білім шыңына» туымызды тігуіміз керек. Сонда біз өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға өз үлесімізді қосамыз.
- Бұл баспалдақпен көтерілу үшін әр баспалдақтың тапсырмаларын бірлесе отырып, орындауымыз керек.

1 - басқыш: Қына тасқа бітеді,


Білім басқа бітеді -, деп аталады.

Үй тапсырмасын тексеру;


А) Комбаттың әңгімесінің мазмұнын айту
Ә) Әлия кім? Оның ұқыптылығы неден байқалды?

2 - басқыш: «Жүйрік ойлы,


Тапқыр кім?

3. Ой қозғау:



  • Сурет салу неге жатады?

  • Өнердің тағы қандай түрлері бар?

  • Біз бүгін классикалық күрес өнерінің асқан шебері Қ. Мұңайтпасов туралы М.Тәнекеевтің Қажымұқан мәтінімен танысамыз.

Ірі денелі, балуан, дәу, қайратты,төзімді, күрескер

Қ. Мұңайтпасов – тұңғыш қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. Ақмола облысы Қараөткел аймағы Қоспа аулында дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 28 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын әйгілі сигизмунд белбеуін алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.


1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды.

3 - басқыш: Күш – білімде,


Білім – кітапта, - деп аталады.

5. Оқулықпен жұмыс:


1. Оқушыларға тізбектей оқыту
2. Сұрақтарға жауап беру

6. Сергіту сәті: Спорт туралы өз ойларын ортаға салу.


Денсаулық, өнер, ептілік, сұлулық, батырлық, шымырлық күштілік, шапшаңдық
7. Слайдпен жұмыс:

  • Қажымұқанның жетістігі

  • Қажымұқанның ескерткіші

  • Қажымұқан атындағы стадион

  • Лондон олимпиадасының чемпиондарымен таныстыру

Қажымұқанның палуандық жолы туралы

4 - басқыш: Көп білсең Шыңға жетерсің.

8. Топпен жұмыс

І топ. Даңқты жеңіс дегенді қалай түсінесіңдер? (Өз ойларын айту).

II топ. Қажымұқан туралы эссе жазу.

ІІІ топ. Әңгіменің әр бөліміне ат қою.


9. Шығармашылық тапсырма:



  • Кім? Қажымұқан.

  • Қандай? Ірі денелі, дәу, қайратты,төзімді, бауырмал.

  • Не істеді? Күресті, досына қиын кезде көмектесті, өгізшені бір өзі көтеріп ауылға апарды.

  • Кім үшін? Досы үшін.

III. Салауатты өмір салтын ұстану.

10. Сабақты бекіту:



  • Не білемін?

  • Не білдім?

  • Не білгім келеді?

Міне біз де «Болашақ баспалдағының» шыңы. – Бүгін біз өзіміздің біліміміздің арқасында «Білім шыңына» туымызды тіктік. Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға біз де өз үлесімізді қостық деп айта аламыз.

11. Үйге тапсырма: Қажымұқан мәтінін оқу, баяндау


«Спорт әлемі» тақырыбына әңгіме жазу. Балуанның басқа жетістіктері жайлы біліп келу.
12. Бағалау
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет