Мақалада қазақ әдебиетінің классигі Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына психологиялық талдау жасалады



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата22.12.2023
өлшемі286,01 Kb.
#198443
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Без названия
1547197784, ибб срсп Аралбек Г., 7 ктп, Реабилитация неврологических больных, промывания желудка, 7 кесарево сечение, кері байланыс 2023, 7Б 20.11.23ж


© 2021 Al-Farabi Kazakh National University 
ISSN 1563-0323, eISSN 2618-0782 Филология сериясы. №2 (182).2021 https://philart.kaznu.kz
108
ҒТАМР 17.07.65 https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph12
Б.Б. Баязитов
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
е-mail: bayazitov.b@kaznu.kz
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ»
РОМАНЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ
Мақалада қазақ әдебиетінің классигі Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына 
психологиялық талдау жасалады. Зерттеу барысында шығарма кейіпкерлерінің ішкі әлемі мен 
мінез-құлқы қарастырылады, уақыт пен кеңістік категорияларының ерекшелігі мен табиғатына 
сәйкес сол дәуірге тән халықтың дәстүрлері мен өмір салты сипатталады. Жұмыста романда 
бейнеленген барлық адамдардың көңіл-күйі мен ойлары ашылады, олардың сана ағымы көрсетіледі. 
Қазіргі әдебиеттануда ұсынылған көркем шығарманың психологизмін зерттеудің әртүрлі әдістері 
мен тәсілдерін қолдану негізінде жазушы шығармашылығында көркемдік құралдарды үйлесімді 
қолдану дәлелденді. Мақалада идеяны іске асырудың толықтығы, автордың көркемдік шешімінің 
жетілуі кейіпкерлердің психологиялық жағдайын, олардың айналасындағы әлемді, олар өмір 
сүретін дәуірді шебер сипаттау арқылы қол жеткізілетіні көрсетілген. Талдау барысында Әмірші 
образы жан-жақты күрделі образ екені айқындалды. Көркем шығарма психологизмі пәнаралық 
зерттеулерді талап ететін ғылым саласы ретінде әлем және қазақ әдебиеттануында негізгі зерттеу 
нысанына айналып келеді. Қазіргі уақытта әдебиеттің әртүрлі жанрларында психологизмнің 
жаңа сипаты көрініс табуда. Әдебиеттануда психологиялық талдаудың инновациялық әдістері 
мен тәсілдері белсенді дамуда. Қазақ әдебиетінде Ә. Кекілбаев шығармашылығы өзінің 
психологизмнің жарқын мысалы бола алатындығымен ерекшеленеді. Шығармадағы әр деталь, 
көркемдік шешім оқырман қабылдауында эстетикалық әсер қалдырады. Зерттеу қорытындысы 
жазушы романы арқылы көркем шығарма мен психологизмнің ажырамас бірлікте болатынына 
көз жеткізеді.
Тірек сөздер:
роман, психологиялық талдау, кейіпкер, образ, характер.
B.B. Bayazitov
Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty 
е-mail: bayazitov.b@kaznu.kz


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет