Мақалада бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу мәселесі зерттеледі



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата04.12.2023
өлшемі422,83 Kb.
#194871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
admin, ##default.groups.name.editor##, Болысбаева А.К.
квал тест айдана, сұрау әдістері, домашнее задание (2)
Тақырыпты таңдауды дәйектеу және 
мақсаты мен міндеттері 
Студенттердің жоғары оқу орнына бейімделу 
түсінігі біраз еңбектерде қарастырылған. 
Бірқатар авторлар университетке бейімделу – 
академиялық нәтижеден басқа да көптеген фак
-
торларды талап ететін күрделі, көп қырлы болып 
келеді деп есептейді (Baker, 1984).
Бірінші курс студенттерінің жоғары оқу 
орындарына, жоғары білім жүйесіне бейімделу 
процесін көптеген ғылымдар саласы зерттейді. 
Педагогика ғылыми тұрғысынан алғашқы оқу 
жылындағы студенттердің бейімделу процесінің 
құрылымы бойынша жүргізген зерттеуде автор 
студенттердің жоғары білім беру мекемелерінде 
оқуға бейімделуінің мәні оқытушылардың білім 
мен білік дағдыларын студенттерге тікелей 
беруінде ғана емес, сонымен бірге әр студенттің 
жеке тұлғасын дамытуда, оның әлеуметтік 
тәжірибесін байытуда деп көрсеткен (Badelina, 
2020: 474). Жаратылыстану ғылымдары бой
-
ынша жоғары білім алушы бірінші курс 
студенттерінің бейімделуіне әсер ететін фак
-
торлар бойынша зерттеулерде студенттердің 
бірінші оқу семестрінде бейімделуі тұлғалық, 
институционалдық және академиялық фак
-
торлар ықпал ететін күрделі процесс ретінде 
қарастырылады (Birzina, 2019: 358). Бірқатар 
зерттеушілер алғашқы оқу жылын бастаған 
студенттердің білім алуда жетістікке жетуін жан-
жақты қарастырып, өз бетімен жұмыс жасау, 
уақытты және топтық жұмысты басқару сияқты 
дағдыларында өздеріне жақсы баға беретін сту
-
денттер университетте алғашқы оқу жылында 
жетістікке жетуі мүмкіндігін айтады (Goldfinch, 
2007: 271). Бірінші курс студенттерінің 
бейімделуіндегі алаңдаушылық сезімдерін 
зерттеген авторлар негативті бағалауға деген 
қорқыныш неғұрлым аз болса, студенттердің 
академиялық бейімделуі және институционал
-
ды бейімделуі соғұрлым жақсы болады, ал теріс 
бағалаудан қорқыныш соғұрлым жоғары бол
-
са, академиялық бейімделу және жеке-эмоци
-
оналды бейімделу соғұрлым төмен болады деп 
жазады (Arjanggi, 2016:34). Пандемия салда
-
рынан туындаған қашықтықтан оқыту кезінде 
студенттердің жоғары оқу орнына, жоғары білім 


154
Бірінші курс студенттерінің жоғары білім беру жүйесіне бейімделуі (қашықтықтан оқыту контексінде)
беру жүйесіне бейімделуі мәселесін зерттеу 
үшін осыған дейін ғылыми кеңістікте онлайн 
оқыту туралы жинақталған тәжірибелерге шолу 
жасау қажет. Онлайн курстарда студенттердің 
жетістікке жетуіне әсер ететін факторла
-
рын зерттеген бірқатар авторлар мотивация-
ны әрбір білім беру ортасының маңызды 
компоненті ретінде қарастыра келе, моти-
вацияны студенттердің жетістікке жетуін анық-
тайтын негізгі факторлардың бірі деп анық тайды 
(Yukselturk, 2007: 72). Ал басқа бірқатар зерттеу-
лерде студенттердің күтілімдері нің қанағаттан-
дырылуының олардың онлайн-курстарында 
жетіс тікке жетуіне ықпалы қарастырылады 
(Baturay, 2015: 9). Бірінші курс студенттерінің 
онлайн әлеуметтік бейімделуі бойынша зерттеу 
жүргізген авторлар білім алушылардың ака-
демиялық қабілеттері сияқты индивидуалды 
сипат тамаларын академиялық нәтижелердің 
алғышарттары ретінде қарастырады (Krasilnikov, 
2017: 327). Студенттердің онлайн білім беруге 
қосылуы туралы қарастырған автор академиялық 
ұжымның білім алушыларға онлайн оқыту ту
-
ралы нұсқаулықтарды әзірлеуі студенттердің 
жоғары білім беру жүйесіне қосылуын арттыра
-
ды (Coates, 2006: 167). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет