Мақалада бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу мәселесі зерттеледі



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата04.12.2023
өлшемі422,83 Kb.
#194871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
admin, ##default.groups.name.editor##, Болысбаева А.К.
квал тест айдана, сұрау әдістері, домашнее задание (2)
Нәтижелер және талқылау
Зерттеу нәтижелері анықтағандай, сауал-
намаға жауап берген бірінші курс студенттерінің 
жартысынан көбі группаластарымен оқу жылы 
басталғалы бір рет қана кездескен. Бұл ең алды
-
мен, пандемия уақытында орын алған өзін-өзі 
оқшауланумен байланысты. Яғни студенттер 


155
А.К. Болысбаева
карантин талаптарын сақтау үшін студенттік 
кездесулерін барынша шектегені анықталды. 
Сонымен бірге, ауылда тұратын бірінші курс 
студенттерінің көпшілігінің өз үйінен онлайн 
оқу сынды территориялық алшақтық та өз үлесін 
қосады. Респонденттердің 36% дерлік ауылдан 
білім алып жатқандығы туралы баяндады.
Онлайн форматындағы сауалнамаға қатыс-
қан білім алушылардың көпшілігінің (81%) оқу 
жылы басталғалы өзінің оқу тобында 4 және 
одан да көп студенттермен достық қарым-
қатынас орната алғаны туралы айтады. Бұл 
студенттік топ ішіндегі ұжымында достық 
қарым-қатынас, олардың бейімделуіне қолайлы 
жағдай қалыптасқанын, яғни студенттердің 
бірін-бірі жылы қабылдағанын білдіреді. Бұл 
пікірімізді сондай-ақ, студенттердің топ ішіндегі 
атмосфераны қалай бағалайтыны туралы сұраққа 
респонденттердің 60%-ның өте жақсы және 33%-
ның жақсы деп анықтағаны да дәлелдейді. Жалпы 
алғанда, студенттер үшін оқу тобы ұжымындағы 
микроклиматтың өзектілігі зор, өйткені бір оқу 
тобында оқитын студенттер бір-бірімен жиі 
араласуына тура келеді. Әсіресе, студенттік 
топ ұжымының бірінші курс студенттері үшін 
маңыздылығы үлкен, себебі алғашқы күндерден 
бастап топтағы студенттердің өздерін қалай 
қарсы алып, қабылдайтыны білім алушылардың 
университеттік ортаға бейімделуіне тікелей 
ықпал етеді. Бірқатар авторлар еңбектерінде сту
-
денттерге университетке бейімделу үшін көмек 
қажеттігін, тобында достық және жағымды 
көңіл-күй болуы жоғары білімге әлеуметтік-
эмоционалды бейімделуге үлкен ықпал ететінін 
зерттеулер көрсетінін айтады (Harvey, 2006: 3).
Студенттердің бейімделу процесінің өту 
барысында олардың оқытушылармен немесе 
басқа студенттермен өзара түсініспеушілігінің 
орын алуы қатты әсер ететіні белгілі. Бірінші 
курс студенттерінің топ ішінде достық, жақсы 
қарым-қатынас орнағаны туралы ойымызды 
тағы дәлелдейтін фактор бұл – студенттердің 
арасында оқытушылармен немесе топ ішіндегі 
басқа студенттермен конфликт жағдайларының 
орын алмағаны туралы 84% респонденттердің 
жауабы дәлелдейді. Оқу жылы басталғалы кон
-
фликт жағдайы болды деп жауап бергендердің 
(16%) барлығының дерлік басқа студенттермен 
түсініспеушілікке келгені (15%) анықталды. 
Бірінші курс студенттерінің университеттік 
ортаға бейімделу кезеңінде мектептен кейінгі 
білім беру жүйесінің сонымен бірге, студенттік 
өмірдегі күнделікті тіршілік жағдайларын 
қабылдау, үйренісу жүреді. Жоғары оқу ор
-
нымен байланысты бұл оқудағы, күнделікті 
студент тік өмірдегі жағдайларды бірінші курс 
студен ттеріне кураторлары, эдвайзерлері таныс-
тыруы қажет. Студенттердің жоғары мектеп 
жүйесіне бейімделу кезеңіндегі академия лық, 
психологиялық және күнделікті пробле ма-
ларды шешуге университет тарапынан көмекте-
сетіндердің бірі – кураторлар, эдвайзерлер. 
Жоғары оқу орны мен студенттер арасындағы 
өзара қарым-қатынастар жүйесін үйлестіруші, 
модератор кураторлар болып табылады (Ключ
-
никова, 2016: 58). Топ кураторы бірінші курс 
студенттерінің мектептегі өмірден, оқыту 
жүйесінен ерекшеленетін жоғары оқу орнындағы 
білім беру формаларына, студенттік өмірге 
бейімделу процесіне тығыз араласуы қажет. Ол 
жаңадан келген студенттерге студенттік тобы
-
на қосылуына көмектесіп, олардың құқықтары 
және міндеттерімен таныстырып, оқу процесін 
ұйымдастырылуы туралы түсіндіруі керек. 
Куратор тобындағы білім алушылардың 
ағымдағы оқу үлгерімін үздіксіз тексере оты
-
рып, студенттердің ата-аналарымен жүйелі 
түрде талқылауы қажет. Студенттердің ата-ана
-
ларымен өзара әрекеттесу білім алушының оқу 
үлгерімін тиісті деңгейде ұстап қана қоймай, 
бірінші курстың студенті үшін қолайлы, үй 
жағдайын жасауға көмектеседі. Бірінші курс 
студенті үй (ата-аналар) – университет – студент 
– куратордың ажырамас байланысын сезінеді, 
бұл бейімделуге және жалпы оқу үлгеріміне 
жемісті әсер етеді (Ключникова, 2016: 59).
Біздің зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі 
қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің ку
-
раторларымен қажеттілік туындаған жағдайда 
күнде, аптасына 2-3 рет хабарласып тұратыны 
туралы айтты. Кураторларымен мүлдем хабар
-
ласпайтын студенттер жоқ екені анықталды. 
Сонымен бірге, кураторлар, эдвайзерлердің 
бірінші курс студенттерінің университеттік 
ор таға әлеуметтік интеграциясындағы түпкі-
лікті рөлін респонденттердің өздерінің жоғары 
мектепке бейімделуіне әсер ететін фактор-
лар дың ішінде өзектілердің бірі ретінде анық-
тағаны да дәлелдейді. Жалпы алғанда, бірінші 
курс студенттерінің университеттік ортаға 
бейімделуіне әсер ететін тобындағы басқа сту
-
денттер, оқу жағдайы, оқытушылар, студент-
тің өзінің жеке қасиеттері сияқты негізгі бес 
фактор ретінде кураторлардың көмегін де 
респонденттердің 24% маңызды деп есептейтіні 
анықталды.
Бірінші курс студенттерінің оқу процесіне 
бейімделуі сыртқы және ішкі факторларға 


156
Бірінші курс студенттерінің жоғары білім беру жүйесіне бейімделуі (қашықтықтан оқыту контексінде)
байланысты. Бірқатар авторлар жоғары оқу 
орнындағы білім алу процесіне әлеуметтанулық, 
педагогикалық және психологиялық факторлар 
әсер етеді деп есептейді. Өз кезегінде, жоғары 
оқу орнына әсер ететін сыртқы факторлар – 
әлеуметтанулық (жасы, т.б.) және педагогикалық 
(оқытушылардың педагогикалық шеберлігі, оқу 
ортасы, т.б.) деп қарастырса, ішкі факторлар бұл 
– психологиялық факторларға индивидуалды-
психологиялық және әлеуметтік-психологиялық 
факторлар (мотивация, бірінші курс студентінің 
жеке бейімделу әлеуеті, т.б.) болып табылады 
(Мильковская, 2007: 28).
Респонденттерге оқу жағдайы, универси
-
тетте бұ рыннан таныстарының болуы және осы 
уни верситетте бұрын оқу курстарға қатысуы, 
грантқа ие болу және шәкіртақы, уни верси-
теттік ортадағы ғылыми бәсекелестік, кура-
торларының көмегі, оқытушылар ықпалы, 
тобындағы басқа студенттермен өзара қарым-
қатынасы, студенттің жеке қасиетттері сияқты 
өздерінің университеттік ортаға бейімделуіне 
әсер ететін факторлардың ішінен негізгі үш 
факторды таңдау ұсынылды. Нәтижесінде 
бірін ші курс студенттерінің университеттік 
ортаға бейім делуіне әсер ететін негізгі бес фак
-
тор ретінде тобындағы басқа студенттермен 
өзара қарым-қатынас 62%, оқу жағдайы 47%, 
оқытушы лардың көмегі 30%, студенттің өзінің 
жеке қасиеттері 30%, кураторлардың көмегі 
24% болып анықталды. Көріп отырғанымыздай, 
бірінші курс студенттеріне кураторларының 
көмегі ма ңызды, яғни бірінші зерттеу гипотеза
-
сы дәленденді.
Алғашқы оқу жылы студенттерінің жоғары 
оқу орнына бейімделуіне әлеуметтік ортасы 
факторларының, яғни кураторларының, оқы-
ту шыларының, басқа студенттердің ықпалы 
зор. Соның ішінде, әсіресе, бірінші курс 
студентінің тобындағы басқа студенттермен 
өзара қарым-қатынасы өте қатты әсер ететіні 
сөзсіз. Бұны біздің зерттеу нәтижелері бойын
-
ша, респонденттердің 62%-ның университеттік 
ортаға бейімделу процесіне әсер ететін негізгі 
фактор ретінде тобындағы басқа студенттер
-
мен өзара қарым-қатынас ықпалын таңдауы 
көрсетеді. Бірінші курс студенттерінің оқу ор
-
нына бейімделу процесінің өту барысы мен 
нәтижесі оқу тобының ұжымы тарапының 
қабылдауы мен көмек беруіне де байланысты. 
Студенттік ұжым бірінші курс студенттерінің 
жаңа оқу жағдайларына бейімделуінде негізгі 
рөл атқарса, кейін білім алушылардың кәсіптік 
дайындығы сапасына ықпал етеді. Студенттер 
үшін топ ішіндегі қарым-қатынас, атап айтқанда, 
олардың оқу тобы ұжымының жылы шырай
-
мен қабылдап, достық ниет білдіруі маңызды. 
Әсіресе кеше ғана мектеп оқушысы болған 
жастарға, өздерінің студенттік оқу жылын енді 
ғана бастаған жастар өзінің топтас студенттерінің 
қолдауы мен көмегін, кеңестерін қажетсінеді. 
Бұл ең алдымен, бірінші курс студенттерінің 
көпшілігі бірдей жаста болғандығына байланыс-
ты барлығының дерлік ағымдағы уақыттағы 
көзқарастарында, құндылықтарында, талпы
-
ныстарында сәйкестіктер көптеп кездесуіне 
байланысты. Осыдан келіп топ ішіндегі сту-
дент тердің бірін-бірі түсінуінде, өзара әрекет-
тесуінде кедергілер, түсінішпеушіліктер кез-
дес пейді деуге болады. Сонымен қатар, бір 
топтағы студенттердің өтетін оқу пәндері бір, 
оқу тапсырмаларын орындау кезінде топтық 
жұмыстар көптеп қарастырылады, оқу ізденісі 
кезінде білім алушылар бір-біріне көмектесуіне 
мүмкіндік бар. Осымен бірге, студенттер 
оқытушылармен, куратормен қарым-қатынаста 
жас айырмашылықтарына, оқытушы деген лауа-
зымына байланысты өздерінің құрдастарымен, 
достарымен араласқандай қарым-қатынас жасай 
алмайды. 
Осылайша, студенттік өмірде тәжірибесі жоқ 
жастар өздерінің оқу тобындағы студенттердің, 
кураторларының, оқытушылар ұжымының 
қолдауы мен өздерінің тұлғалық қасиеттері және 
білімдері мен дағдылары арқылы университеттік 
ортаға неғұрлым тез әрі толыққанды бейімделуіне 
мүмкіндік алады.
Студенттердің жоғары мектеп жүйесіне 
бейімделу процесін талдау үшін олардың 
болашақ мамандығын неліктен таңдағанын 
анықтау өте маңызды болып табылады. Өйткені 
кураторлар өз тобындағы студенттерінің осы 
мамандығын таңдау мотивтерін анықтағаннан 
кейін, олардың өздерінің болашақ кәсіп түріне 
қызығушылығын арттыруына мүмкіндік ала
-
ды, қоғамды одан әрі дамыту үшін өз кәсібінің 
шеберіне айналуы үшін оқуға, университет 
өміріне белсене араласуға ынталандырады. 
Осыған байланысты біздің зерттеуімізде бірінші 
курс студенттерінің мамандығын таңдауына 
әсер еткен негізгі факторды анықтау ұсынылды. 
Зерттеу нәтижесі респонденттердің болашақ 
кәсіп түрін таңдауына бала кезінен осы кәсіп 
түрімен айналысуды армандауы 42%, қоғамға 
пайдалы болу 35%, мемлекеттік грант негізінде 
білім алу 19% әсер еткенін көрсетті. Осылайша, 
куратор-эдвайзерлер тобындағы студенттерінің 
әрқайсысының мамандығын таңдау мотивтерін 


157
А.К. Болысбаева
анықтап, әрі қарай бірінші курс студенттерінің 
университеттік ортаға, жоғары білім беру 
жүйесіне бейімделу процесін қалай нәтижелі, 
студенттерге қолайлы жағдайда өткізетіні тура
-
лы шешімдер қабылдай алуына көмектеседі.
Бірінші курс студенттерінің жоғары оқу ор
-
нына бейімделу процесінің қандай дәрежеде 
жүріп жатқанын анықтау үшін олардың жоғары 
білім жүйесінің академиялық жағдайларына, 
оқу процесінің ұйымдастырылуына, универ-
си те ттегі әлеуметтік ортасына, яғни оқыту шы-
лармен, кураторлармен, топтағы студент термен 
жұмыс жасауға қаншалықты үйреніскені ту
-
ралы мағлұмат алу маңызды. Сол себепті рес-
понденттерден пәннің оқу-әдістемелік кеше-
німен (силлабуспен, дәрістер тезистерімен, 
практикалық сабақ тапсырмалары сияқты 
құжат тармен), оқытушылармен және топтағы 
студент термен жұмыс жасауға, оқу процесінің 
ұйымдас тырылуына, қашықтықтан оқытуға 
қаншалықты дәрежеде үйреніскені туралы 
сұрақ қойылды. Респонденттердің 90% пәннің 
оқу-әдістемелік кешенімен жұмыс жасауды 
және жоғары білім беру жүйесінде оқу проце-
сінің ұйымдастырылуын, яғни дәріс және се
-
минар сабақтарының, студенттердің өзіндік 
жұмысының ережелерін толық меңгергені 
туралы айтты. Сонымен бірге, бірінші курс 
студенттерінің 95% өзінің тобындағы басқа сту
-
денттермен бірлесе жұмыс жасауда ешқандай 
қиыншылықтар жоқ екенін айтты. Студенттердің 
университеттегі әлеуметтік ортасының бірі 
– оқытушылармен және кураторымен қарым-
қатынас жасауда ешқандай қиыншылықтар жоқ 
екендігін респонденттердің 92% көрсетті. Панде
-
мия салдарынан орын алған қашықтықтан оқыту 
бойынша дәріс, практикалық сабақтардың өту 
ережелеріне респонденттердің 86% үйреніскенін 
айтты. 
Зерттеу нәтижесінде студенттердің маман-
дығын таңдау мотивтерінің олардың жоғары 
оқу орнына бейімделуіне тікелей әсер ететіні 
анықталды. Өйткені қоғамға пайдалы болу 
және бала кезінен осы кәсіп түрімен айналысу 
үшін осы мамандықты таңдаған сауалнамаға 
қатысқан бірінші курс студенттері пәннің оқу-
әдістемелік кешенімен жұмыс жасауға, оқу 
процесінің ұйымдастырылу (дәріс, практикалық 
сабақтар, студенттің өзіндік жұмыстары) 
ерекшеліктеріне, тобындағы басқа студенттер
-
мен және оқытушылармен бірігіп жұмыс жасауға 
тез үйренісіп, бейімделгені анықталды. Демек, 
зерттеу жұмысының екінші гипотезасын, яғни, 
жастардың мектепте оқуы барысында болашақ 
мамандығын таңдауы, болашақ кәсіп түрін ар
-
мандап, ол туралы хабардар болуы бірінші курс 
студентінің жоғары оқу орнына толыққанды, тез 
бейімделуіне көмектесетінін зерттеу нәтижелері 
дәлелдейді.
2020-2021 оқу жылы бірінші курс студенті 
атанған жастардың жоғары білім беру жүйесіне, 
жоғары оқу орнына бейімделу процесінің 
ерекшеліктері болды. Бұл қоғамда пандемия 
салдарынан орын алған қашықтықтан оқытумен 
байланысты. Жоғары оқу орындарындағы оқу 
процесінің ұйымдастырылуы мектептегіден 
ерекшеленетіні сөзсіз, сонымен бірге онлайн 
фор матындағы оқыту университеттегі білім 
беру процесіне өзіндік ерекшеліктерін қосады. 
Қашықтықтан оқыту кезінде дәрістердің, 
практикалық сабақтардың онлайн форматын 
студенттердің барлығына түсінікті, жұмыс жа
-
сауына ыңғайлы, әрбір пәннің теориялық және 
практикалық міндеттерін толық орындайтын 
етіп ұйымдастыру өте маңызды болып табыла
-
ды. Бұл, әрине оқытушылардан шығармашылық, 
үлкен жауапкершілік қажет етеді. Бірқатар 
авторлардың еңбектерінде онлайн оқытудың 
маңызды 
ерекшеліктерінің 
бірі 
ретінде 
қолданылатын педагогикалық тәсіл көрсетіледі 
(Means, 2013: 8). Сонымен бірге, бұл тұста, 
педагогикалық дизайн түсінігінің өзектілігі арта 
түсті. Бірқатар зерттеушілердің еңбегінде он
-
лайн-курстарды жобалаудағы педагогикалық 
дизайнның ерекшеліктері көрсетілген. Автор
-
лар онлайн оқытуды жүзеге асырудың балама 
нұсқаларымен қоса оқыту курстарын жобалау
-
да ескеру қажет негізгі дизайн ерекшеліктерін 
ұсынған. Олардың ішінде оқыту үлгісі мен игеру 
қарқыны, педагогикалық технология, оқытушы 
рөлі, студент рөлі, кері байланыс сияқты басқа 
да сипаттамалар бар (Means, 2014:27).
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ЖОО-дағы 
оқу процесін ұйымдастырылуы мектептегіден 
көптеген ерекшеліктері болады. Алайда бірінші 
курс студенттерінің тек жоғары білім беру 
жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне ғана емес, 
сонымен бірге, қазіргі таңда қолданыстағы 
қашықтықтан оқыту форматына да үйренісіп, 
бейімделуі қажеттілігі туындап отыр. Әрине 
2020-2021 оқу жылында бірінші курсты бастаған 
студенттер мектепте де қашықтықтан оқыту фор
-
масымен танысып, біраз тәжірибе жинақтады. 
Осылайша, мектепте қашықтықтан оқыту бой
-
ынша алған тәжірибелерімен қоса, универси
-
тетте оқытушылар тарапынан студенттерге он
-
лайн форматында білім алу бойынша консуль
-
тациялар, таныстырулар өткізу нәтижесінде 


158
Бірінші курс студенттерінің жоғары білім беру жүйесіне бейімделуі (қашықтықтан оқыту контексінде)
бірінші курс білім алушыларының жоғары білім 
беру жүйесінің ерекшеліктеріне үйренісуін 
қамтамасыз етті. Бірінші курс студенттері үшін 
қашықтықтан оқыту формасының қаншалықты 
ыңғайлы екенін анықтау үшін респондент
-
терге сұрақ қойылды. Нәтижесінде зерттеуге 
қатысқандардың 54%-ына онлайн форматының 
өте ыңғайлы екені анықталды. 
Студенттердің университеттік ортаға тез 
әрі толыққанды бейімделуі үшін әлеуметтік ор
-
тасымен қатар, өзінің кәсіптік және тұлғалық 
қасиеттерінің маңызы зор екені белгілі. Өйткені 
студенттердің жоғары оқу орнына бейімделу 
процесінің сәтті өтуі үшін университет тара
-
пымен қатар, білім алушының өзі де бар ынта
-
сымен талпынуы қажет. Студенттердің жоғары 
оқу орнына, білім беру жүйесіне бейімделуінің 
сәтті немесе сәтсіз болуы олардың тұлғалық қа-
сиеттеріне де байланысты. Жоғары оқу ор нын-
дағы ережелерге үйренісу үшін студенттің шы-
дам дылығы, алғырлығы, коммуникативтілігі 
сияқты тұлғалық қасиеттерімен қатар, өзінің 
маман дығы бойынша оқу пәндерін сәтті игеруге 
қа жетті білімдері мен дағдыларының болуы да 
маңызды. 
Жастар студенттік өмірде жетістіктерге 
қол жеткізу үшін өзінің оқу міндеттерін сапалы 
орындауына қажетті кәсіби құзіреттіліктерін 
ғана емес, сонымен бірге, жеке қасиеттерін 
(коммуникациялық дағдылары, өз бетімен 
және топпен жұмыс жасау және т.б.) қалып-
тастырып, дамытып отыруы қажеттігін 
көрсетеді. 
Зерттеуге 
қатысқан 
респонденттерге 
студент тердің бейімделу процесіне неғұрлым 
нәтижелі ықпал ететін кәсіптік және тұлғалық 
қасиеттерді таңдау ұсынылды. Нәтижесінде жа
-
уап бергендердің басым көпшілігі бірінші курс 
студентінің коммуникативтілігі, тез тіл табыса 
білуі (65,41%), тәрбиелігі, өнегелігі, алғырлығы 
сияқты тұлғалық қасиеттердің де (45,91%), өзінің 
мамандығын бастапқы уақытта тез әрі сәтті 
игеруге қажетті теориялық және практикалық 
білімдердің болуы (33,96%), өз бетімен және 
топпен жұмыс жасай білу (33,96%) сияқты 
қасиеттердің университеттік ортаға бейімделуде 
маңыздылығын көрсетті (1-сурет). Зерттеу жұ-
мы сының үшінші гипотезасының, яғни студент-
тердің алғашқы оқу жылында жоғары оқу ор
-
нына бейімделуіне коммуникативтілігі мен 
алғырлығы сияқты тұлғалық қасиеттерінің әсері 
зор екені дәленденді. 
Бұл студенттің кәсіптік және тұлғалық 
қасиеттерін респонденттердің университеттік 
ортаға бейімделудегі негізгі факторлар ретінде 
таңдауының көптеген себептері бар. Біріншіден, 
бірінші курс студенттері бастапқы уақытта 
басқа студенттерді де, оқытушыларды да та
-
нымайды, сондықтан, неғұрлым қысқа уақыт 
ішінде университеттегі әлеуметтік ортасымен 
тез табыса алуы қажет. Бұл кейін студенттер то
-
бында, әрі оқытушылармен қиыншылықтарсыз, 
кедергілерсіз өзара әрекеттесуіне көмектеседі. 
Бірінші курс студенті үшін алғашқы оқу жылы 
көптеген жаңашылдықтар, яғни мектептегі 
өмірден ерекше студенттік өмір, кейбір сту
-
денттер тұрғылықты мекен-жайын ауыстырып, 
жатақханаларда тұра бастауы мүмкін, сонымен 
бірге, оқу процесіндегі айырмашылықтар бола
-
ды. Сондықтан да, алғырлық сияқты тұлғалық 
қасиеті бірінші курс студентінің жоғары білім 
беру жүйесіне тез бейімделуіне көмектесетіні 
сөзсіз. Сол сияқты, өзінің мамандығын бастапқы 
уақытта тез игеруге қажетті теориялық және 
практикалық білімдердің болғандығы да 
маңызды. Жаратылыстану ғылымдары саласы 
бойынша студенттердің адаптация процесін зерт
-
теген бірқатар авторлар бірінші оқу семестрінде 
білім алуға бейімделуіне академиялық фак-
тор лардың ықпалын қарастырған. Олар сту-
денттердің жоғары оқу орнында жетістікке 
жетуі үшін таңдаған мектеп пәндері бойынша 
ғана емес, барлық жаратылыстану ғылымдары 
саласы бойынша осыған дейін мектепте алған 
білімдерінің жоғары болуы маңызды екенін 
дәлелдейді (Birzina, 2019: 358).
Жастардың қазіргі заманғы талаптарына 
сәйкес, өз мамандығы бойынша жоғары теория-
лық және практикалық білімінің болуы және 
алғырлығы, тәрбиелілігі, инновациялық әлеуеті, 
коммуникативтілігі, мобильділігі, өзге ріс терге 
икемділігі сияқты тұлғалық қасиет терінің бо
-
луы студенттердің жоғары білім беру жүйесіне, 
кейін еңбек нарығына бейімделуін жеңілдететіні 
сөзсіз. 
Алғашқы оқу жылынан бастап студенттердің 
университет қабырғасында өзін қолайлы, сенім-
ді сезініп, жетістіктерге жетуі үшін олар дың 
жоғары оқу орнына бейімделу әдістері нің 
неғұрлым тиімді түрлерін анықтаған маңыз-
ды болып табылады. Бұл сұраққа жауап беру 
үшін зерттеуге қатысқан студенттерден өз-
деріне неғұрлым тиімді үш бейімделу әдістерін 
көрсету ұсынылды. Нәтижесінде респон дент-
тердің көпшілігі үшін консультация 65,41%, 
тренинг 50,94%, тәлімгерлік 46,54% сияқ-
ты әдістердің нәтижелілігі анықталды (2-су
-
рет). Көріп отырғанымыздай, зерттеу нәтиже-


159
А.К. Болысбаева
лері жұмысымыздың төртінші гипотезасын, 
студенттердің университеттік ортаға бейімде-
луіне тиімді әдістердің бірі – тәлімгерлік екенін 
дәлелдейді. Зерттеу нәтижесінде анықталған 
тиімді бейімделу әдістерінің әрқайсысын 
толығырақ қарастырып өтсек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет