Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Тастайбекова Гульназ Самигуллаевна



бет1/2
Дата08.07.2018
өлшемі229,13 Kb.
  1   2
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты

бастауыш сынып мұғалімі

Тастайбекова Гульназ Самигуллаевна

Тәрбиедегі менің көзқарасым

(шығармашылық баяндама)

«Тәрбие басы – тал бесік»

Халық мақалы.

Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнегесінен. «Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» - деп М.Әуезов айтпақшы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектептің ерекше орын алатынын білеміз. Мектеп – өткен мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасындағы дария. Ал, мұғалім сол дариядағы заман талабына сай ағыспен қайық есуші. Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа, озық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы мұғалімдік бейнесін анықтап алса, яғни ескегі мықты болса, қандай болмасын толқындарға қарсы тұрып, жағаға жетеді.

Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен дей тұрғанмен, ерекше тұлға ретінде сынып жетекшіні атап көрсетеміз. Өйткені ол – балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ, баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сынып жетекшіге отбасы мен қоғам ең қымбат азаматтарының тағдырын тапсырып отыр, яғни, сынып жетекшінің еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады.

Тәрбие жұмысы – педагогтардың шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін шешуге бағытталған үйлесімді іс – әрекет. Мектебімізде бүгінгі жағдайда сынып жетекшісінің мақсат, міндеттері жаңаша тұрғыдан қарастырылуда. Әрбір бала – бір тұлға, оны көре білу, бала әлеміне жол табу әр ұстаздың міндеті.

Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге, балаларға ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру, баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтап, оның өмірге деген құлшынысын бірте –бірте қалыптастыру керек.

Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.

Сол мақсатымды ұштай отырып өзімнің педагогикалық еңбек жолымдағы тәрбие жүйесіне аса мән беріп , ой түйгенімді өздеріңе ұсынып отырмын.

Менің балалық шағымнан мына бір сәт есімнен кетер емес. Жүрегіме жылы тиіп, көңіліме болашақтан үлкен зор үміт күттіретіндей жадымда сақтаулы. Олай дейтінім, түнгі бір тыныштықта көз тігіп қарасам, құшағын кең жайған қара қою бархыт түннің сұлулығы сөз жеткізер емес.(түнгі сурет)

Ай,... жұлдыздар,..., темірқазық жұлдызы,... жеті қарақшы,... және шоқжұлдыздар.... .(Ай жұлдыздар , шоқжұлдызы)

Соның ішіндегі мына бір шоқжұлдызы тап менің еңбегімнің бір көрінісін суреттеп-ақ тұрғандай (шоқжұлдызы) . Олай дейтінім, осы 12 санды шоқжұлдызы менің ұстаздық жолымдағы 12 бағытты тәрбие кешені іспеттес. Әр жұлдызы « мені көрдің бе? » дегендей-ақ алыстан жымың қағып, құр еместігін көрсеткендей. Әр қайсысы бір бағытқа ие боп тұрған бұл шоқжұлдызы тегін емес екен. Бағыт берген жұлдыздарды тәрбие саласы деп қарасам өзінің басты мақсаты мен міндеті ұстаз бойында үлкен жауапкершілік бар екенін дәлелдей түскендей. Менің жүргізер тәрбие жұмысының жүйесі мына сызбадан көрінеді.

Мақсатым:

білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, ұлттық үлгіден әлемдік білім кеңістігіне шығу



Ұстаз алдында жеке тұлға тұрғандықтан, оның бойына мына аталғандарды қалыптастыруды қажет етеді.

Сол үшін мына тәрбие бағыттарына сүйенемін.

Өйткені, тәрбие бағыттары тек қана негізгі құжаттар барысында жасақталған.




Жеке тұлға қалыптастыру:



  1. Туған жер

  2. Отан

  3. Жанұя

  4. Адам

  5. Білім

  6. Еңбек

  7. Шығармашылық

Мәдениет


Тәрбие бағыттары:

1.Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

2.Отбасы тәрбиесі

3.Рухани адамгершілік тәрбиесі

4.Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру

5.Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру.

6.Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

7.Экологиялық тәрбие

8.Эстетикалық тәрбие

9.Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

10.Еңбек және экономика тәрбиесі

11. Кәсіби шығармашылық тәрбие

12.Интелектуалды тәрбие



Іске негіз құжаттар :


  1. ҚР конститутциясы

  2. ҚР тәрбие концепциясы

  3. Білім тур заң

  4. мектеп жарғысы

  5. Жинақталған тәрбие бағдарламасы

  6. 2030 бағдарламасы

Сонда ғана

Тәрбие тәлімнің жетістігі

көрінеді.

Яғни,


Рухани ізгілікті жаңару заманына лайықты

өзін-өзі басқара алатын жан-жақты тұлға тәрбиелеуге



болады.


Жұмыс барысында небір кедергілердің кездесері сөзсіз ғой. Жарқыраған шоқжұлдызымды көмкеріп қою қара бұлт түнеріп басатын да кез болады. Әрине, мұндайда адасқанға жол сілтейтін ай сәулесі менің сүйенер тірегім бола білген тәжірибелі ұстаздар қауымы мен әдістеме құралдарым. Солардан алған бар біліміммен ақыл, көмегім нәтижесінде мына аталған азаматтық – патриоттық құқықтық поли- мәдениеттік тәрбие бойынша «Тәуелсіздік – тұғырым», «Желтоқсан құрбандары», «Арайлы Астана», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Туған тілім- ана тілім», Экологиялық тәрбие бағыты бойынша «Табиғатты аялайық», «Сенбіліктің маңызы», «Абаттанған Қазақстан», рухани адамгершілік тәрбие мен әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыттары бойынша «Достық.Татулық» , « Ата дәстүр салтымнан», интеллектуалды мәдениетті дамыту бағыты кәсіби шығармашылық тәрбие бойынша «Ел ертеңімін», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.


Ұлттық тәрбие жүйесі







Аналар үлгісі

Бабалар өсиеті



Әкелер үлгісі







Қыз бала тәрбиесі. Тазалық. Инабаттылық. көріктік

Ұрпақтар сабақтастығы



Азаматтық. Батырлық. Шыншылдық.









Тәрбиелі ұрпақ

негізін құрайды.

Заманауи ағымға байланысты кездескен алай – дүлей соққан жел мен дауылдай кедергіде қашан да жанымнан табылатын жанашыр ата – аналарым жер серігіндей менің жанымда жүреді. Олай дейтінім, өткізілген тәрбиелік шараларда ата-аналарым ат салысады. Тәрбиенің мына бағыты отбасы тәрбиесі мен өзін –өзі тану және өзін өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру бағыты бойынша «Қарттар -асыл қазынам» , «Ана шуағы» , « Әке- асқар тау», т.б. эстетикалық тәрбие бағыты бойынша «Әдептілік – әдемілік» «Әдебіңді әрлей біл», дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша «Толағай сайысы», «Дені сау ұрпақ- ел болашағы», «Күн тәртібіңді реттей білесің бе?», «Дені саудың жаны сау» , еңбек және экономикалық тәрбие бағыты бойынша «Білім шыңы», «Еңбек етсең ерінбей» атты тәрбие сағаттары өз дәрежесінде өтті.

Тәрбиедегі әке мен ананың өзіндік ролі отбасындағы өсіп келе жатқан ұл - қызға берілетін шынайы тәлімнің таза бейнесі.

Жанұядағы


Ана тәрбиесімен



Әке тәрбиесімен





Қыз


Ұл




Инабатты.

Биязы.


Ақылды.

кімді


Адал.

Шыншыл.


Батыр

болып жетіледі.

Осылайша, әр кездескен қиындықты негізгі «үштік»- ұстаз бен ата- ана және оқушы боп жеңе білемін.

Шоқжұлдызының ашық аспанда көзге түсіп бағыт сілтеуі ертеңгі күнге үмітпен қаратады.(күн слайд)

Осындай жұмыстардың нәтижесінде айы оңынан туып, жұлдызы солынан туған өсер ұрпақтың ертеңгі күні шоқжұлдыздай жарқыраған жұлдыздың жақсылығын жалғастырушы жарқын күн ғана .(күн слайд).


  • Нұрын аямай шашқан шұғылалы күн сәулесінен шабыт алып маңдайының жұлдызы жанған шығармашыл шәкірттердің қатары көбейіп келеді. Атап айтсам:



2006-2013 оқу жылдары

- Оқушылардың облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында 9-сынып оқушылары М.Нұржанова – 2-орын, Б.Жақашов – 2-орын, 11-сынып оқушысы Н.Тегісов ынталандыру, Р.Есбағанбетова 3-орынды иеленді.

- Оқушылардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында 11-сынып оқушысы Р.Есбағанбетова мен 9-сынып оқушысы Б.Жақашов ынталандыру; 9-сынып оқушысы С.Батыров – ІІ орынды иеленді.

- «Кенгуру-2006» халықаралық-математикалық интеллектуалдық ойын-сайысында 3-сынып оқушылары А.Әли, А.Тұралина – 3-орын; 5-сынып оқушысы Ж.Мәтбаев 3-орын; 6-сынып оқушысы Б.Тасмағанбетова 3-орынды иеленді.

Облыстық «Жас өркен» балалар шығармашылығының фестивалінде 8-сынып оқушысы Қинаятова Ғалия ІІ орынды иеленді.

- 7-сынып оқушысы Рзабекова Әсемгүл «Жас жол инспекторлар» аудандық байқауының алғашқы көмек көрсету сайысында І орынды иеленді.

- 7-сынып оқушысы Ибрагимова Маржан «Жас жол инспекторлар» аудандық байқауының командирлер сайысында І орынды иеленді.

- 10-сынып оқушысы Салиев Жандос қазақша күрестен республика чемпионатында ІІІ орын; дзю-до күресінен Маңғыстау облыстық чемпионатында ІІ орынды иеленді.

шық - 6-сынып оқушысы Әлинемересі Ләйла аудандық «Жас жол инспекторлар жасағы» байқауында «Жас тілші» номинациясы бойынша І орынды иеленді.

-«Жас ғалым-2007» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында 10-сынып оқушыларыы Жақашов Берік І орын; Нұржанова Мөлдір, Ермағамбетова Зәуре ІІ орынды иеленді.

- 10-сынып оқушысы Әлжанов Берік қазақша күрестен Ақтау қаласының ашық біріншілігінде облыста ІІІ орынды иеленді.

- 10-сынып оқушысы Тайшықов Жандос «ХХІ ғасыр көшбасшысы» облыстық іріктеу сайысында І орынды иеленді.

- 33-ші аймақтық-республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда 10-сынып оқушылары Батыров Сұңғат ІІ орын; Қинаятова Ғалия І орын, Ауданбаева Әсел - ынталандыру

Аудандық үстел теннисі сайысында 10-сынып оқушысы Әбдібеков Аянбек 3-орын; 11-сынып оқушылары Қинаятова Ғалия, Нұрмағамбетов Айбек 3-орынды иеленді.



Жақашов Берік

Бейнеу гимназиясының 2008 жылы бітірген түлегі

«Алтын белгі» иегері

2008 жылы Б.Жақашов ағылшын тілінен өткен облыстық

пәндік олимпиадада – ІІ орын, 2007 жылы республикалық

және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға

қатысып, І орынды иеленді.





Тайшықов Жандос Хасанұлы

Бейнеу гимназиясының 2008 жылы бітірген түлегі

«Алтын белгі» иегері

2008 жылы Ж.Тайшықов облыстық «ХХІ ғасыр

көшбасшысы» атты іріктеу сайысына қатысып,

республикалық ойынға қатысты.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет