Мағжанның табиғат лирикасы



бет10/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#35193
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
1.6 «Тоқсанның тобы» дастаны
1927 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Тоқсанның тобы» поэмасы жарияланады.
М.Базарбаев: «Мағжанның ең соңғы ірі туындыларының бірі – «Тоқсанның тобы». Бұл поэмада ақын жаңа өмір жолына үңіле қарап, оған шын көңілімен ден қойғанын мойындайды. Бүкіл халықтың жаңа тұрмыс құруға бет алғанын, өзі де оған қосылатынын айтады. Тоқсан деп көпшілікті жүздіктің онын емес, тоқсанын қолдаймын дейді» [1, 30 б.].
1927жылы поэмада қосымша ретінде Шаймерден Тоқжігітұлының «Тоқсан тобы туралы» деген мақаласы басылды. Онда Мағжанның бұрынғы жолы партия жолынан басқа болғанмен айта келіп, «Бір ғана «Тоқсан тобын» жазғанмен, Мағжанның тоқсан жағына шыққанын әйгілеп, жариялап айқайлауға да болмайды. Мағжан қазақ еңбекшілерінің ақын-жыршысы болды деп қуануға да болмайды», – деп түйіндейді [7, 412 б.]. Және бұл мақаланы партиялық тапсырмамен жазғанын да ескертеді. Бұдан сол кездегі көркем шығармадан бастап, мақалаға дейін партиялық нұсқаумен жазылып отырғанын аңғарамыз. Тіпті, Мағжанның бұл поэмасына Голощекиннің өзі де пікір білдіріпті. Оны Ш.Тоқжігітұлы мақаласында келтіреді: «Бұл туралы өлкелік партия комитетінің хатшысы Голощекин жолдас конференцияда не деді? «Қазақстанның октябрь мерекесіндегі күйі» деген кітабында не деп отыр: «Қазақ ақыны ұлтшыл Жұмабайұлы ауылда не боп жатқанын көргеннен кейін «Тоқсан тобы» деген өлеңді былай жазады:

Тоқсаннан сонау он аулақ,


Сонау оннан мен аулақ,
Мен тоқсанмен біргемін.

Мінекей, Октябрь төңкерісінің екпіні, Кеңес құрылысының күйімен патшалық дәуірдің тепкісінде езіліп, шала-жансар боп қалған қазақ жұртының көзге түскен халге жетуі, өсуі қандай сыңарезу байшыл ақындарды да ойға түсіріп, бағытын өзгертіп отыр» [7, 416 б.].


Осы секілді пікірлерден жиырмасыншы жылдардағы әдеби сынның саясат құралы болғанын аңғарамыз. Мағжанның «Тоқсанның тобы» поэмасы социалистік реализм әдісімен жазылған. Ақын амалсыз кедейге жатпайтын ондарды былай бейнелейді:

Кімдер жоқтан бастайын,


Қысқа қайырып саспайын,
Танаудан тізіп санайын.
Жалпы айтқанда, жоқ жауыз,
Жатып сорар жалмауыз,
Еңбекші момын маңайын.
Пара алатын арбалар,
Атымен обыр ұлық жоқ.

Мұндағы жалмауыз бен ұлық – ақ патша және оның ел билеушілері.


Сары обырдың серігі:


Жеті басты жебірі,
Қарғылы құтпан болыс жоқ.
Буаз бие қарынды,
Пара алмаса, арынды,
Баяғының биі жоқ.
Ұлыққа тамақ табатын,
Арсалаңдап шабатын,
Ауылнай атты күшік жоқ.
Үйірлеп малай жалдайтын,
Жалдамайтын, жалмайтын,
Еңбексіз обыр сасық жоқ.
Көлемі күйек сәлделі
Ишан атты пасық жоқ.
Түкірік жағып көзіне
Жұртты улайтын сөзімен
Өгіз көзді молда жоқ, –

деп бүкіл би-болыс, бай, молдаларды ұнамсыз етіп көрсетеді. Алдыңғы өлең, поэмаларына бұл шығармасы қарама-қайшы келеді. Мысалы, «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында:


Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы,


Алыста елестейсің заман қайран, –

деген болатын.Ал тоқсан дегені – кедейлер қауымы.


Бұл жиында кімдер бар?


Жалпы еңбекші, жарлы бар.
Тап талтүсте таланып,
Тірі күйі тоналып,
Соғым болған сорлы бар.

Сөйтіп, Мағжан да қолдан «үстем тап» пен «езілуші тап» жасайды. Өзінің көпшілік жағында екенін білдіреді.


Ұзын сөздің түйіні –


Бұл тоқсанның жиыны.
Жүзден тоқсан түгел бар.
Жүзден тоқсан – еңбекші.
Он тоқсанға көнбекші.
Көнбесе жаныштар жігер бар,
Жырладым елді жалпылап.
Жасырман, жүзді жоқтадым,
Тоқсанға енді тоқтадым,
Толғанып, ойлап талқылап, –

деп, бұрынғы жолдан шығып, заман ыңғайына бейімделгені, мойынсұнғаны аңғарылады.





Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет