Мағжанның табиғат лирикасы



бет9/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#35193
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
1.5 «Жүсіп хан» поэмасы
«Жүсіп хан» поэмасы әзербайжан жазушысы С.Ф.Ахундовтың (1812-1878) «Алданған жұлдыздар» повесінің негізінде жазылған.
Поэмада екі ханның екі түрлі хандығы қарама-қарсы суреттеледі. Біріншісі – Аббас хан,

Елін бақпай, тақ баққан,


Бар жұмысы – тек жатқан
Алтын сарай ішінде.
Әйел жиған үйірлеп,
«Әйел» деген күбірлеп,
Өңінде де, түсінде.
Арамтамақ Аббас хан,
Өз құлқына тап басқан,
Уәзір жиған өзіндей.

Осы жолдардан Аббастың қандай адам екені белгілі. Сол Аббас ханға балшысы он күннен соң өлім кеп тұрғанын хабарлайды. Хан жұлдызшының басын алмақ болады. Жұлдызшы жұлдызды алдаудың, жолын ойлайық деп құтылады. Хан төңірегіндегілер амалын таба алмайды. Сонда жұлдызшы ханға орнына уақытша біреуді хан қоюды ұсынады. Уәзір, қазы, қолбасы, жендеттер әр түрлі сылтаумен бас тартады. Сонда балшы базарда ер жасайтын Жүсіп дегенді қояйық дейді. Жүсіптің хан болғандағы өмірі:


Үлде-бүлде киінді,


Семірді, жеді, тойынды.
Үйренді тақтың тәртібін.
Көні кепкен сұр кедей,
Біраз күн сөйтіп ләм демей,
Басқаннан соң қарқынын
Бастады Жүкең бір істі:
Ел билеуге кірісті.
Жақтап жарлы, жалшыны.
Сыпырғандай тезекті
Өңшең залым кезептен
Еңбекші елді аршыды.
Уәзірді жер аударды.
Қазының басын алдырды.
Машайығын, молдасын,
Қойқаңдаған қолбасын
Абақтыға салдырды…
Елді сорған сұмдардың
Қырықтырды басын түймедей.
Байларды айдап жиғызды,
Тұмылдырық кигізді.

Жүсіп бұқара қамын ойлаушы болса да, оның мына қантөгісі құптарлық іс емес. Мағжан Жүсіп бейнесі арқылы сталинизм дәуірін әшкерелеп отыр. Поэманы жазған жылдары ақынның өзі ескішіл, байшыл ақын атанып, қуғынға ұшырай бастайды. 1924 жылы Мәскеуде қазақ жастары Мағжан шығармаларын теріске шығарған қаулы қабылдап, Қазақстанға жібереді. Қаулы 1925 жылы 14 қаңтарда «Еңбекшіл қазақ» газетінде жарияланады. «Жүсіп хан» поэмасы да сол жылы «Шын ертек» деген атпен осы газетке шығады.


Ақын Жүсіп бейнесі арқылы сол кездегі Кеңес өкіметі саясатын сынап отыр. Жүсіп кедей болса, Кеңес өкіметі де кедей, жұмысшылардан құрылды. Жүсіп байларды тұмылдырықтаса, елді сорғандардың басын түймедей қырықтырса, Кеңес өкіметі де қазақ байларын кәмпескелеп, жер аудартып, халыққа қарсы қойды, «халық жауы» деп талай азаматтарды құрбан қылды.
Сөйтіп, оныншы күні таңында Аббас хан маңындағылар Жүсіп ханды өлтіріп, Аббас хан қайтадан тағына отырады.
Р.Нұрғали: «…Жүсіпханда» тұлға мен тобыр, мансап пен ұждан диалектикасы бар», – дейді [2, 102 б.].



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет