Магистратура



бет4/33
Дата03.06.2020
өлшемі0,55 Mb.
#72132
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Алматы қаласы жастарының демонтративті тұтынуы

Анықтамалар
Бұл диссертацияда тиісті анықтамаларымен сәйкес келесі терминдер қолданылады:

Тұтыну – өндірістік, қоғамдық тұтынудың қорытынды сатысы: өнімді, игіліктерді, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қоғамдық қажеттердің қанағаттандырылуы үшін пайдалану.

Тұтынушы – бұл әрдайым сатып алушы немесе тапсырыс беруші емес, жеке, отбасылық немесе өзге де мақсаттар үшін ғана пайда табу үшін пайдаланылатын өнім немесе қызметтің түпкі пайдаланушысы болып табылатын жеке тұлға, қызметтердің кейбір түрлері барлық тұтынушылар құқықтарын іске асыру үшін жеке келісімшартты міндетті түрде жасаумен қатар жүреді (мысалы, ұшақ билеттерін сатып алу, поезд).

Жастар – белгілі бір әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары, құндылық бағдарлары, қызметті ынталандыру, әлеуметтік ұтқырлық бағыттары, әртүрлі әлеуметтік стратификация қабаттарына ену ерекшеліктері, жастардың жас ерекшеліктерімен анықталатын өмірлік жоспарларды құру ерекшеліктері бар жәнеолардың әлеуметтік- экономикалық жағдай мен рухани әлем қалыптасу жағдайындағы үлкен әлеуметтік топ.

Тұтынушылық мінез-құлық – тұтынушының жеке қажеттедіктері мен тұтынушылық құндылығы, баға және жеке бюджетті ескере отырып, тауарларды немесе қызметтерді таңдауды жүзеге асыратын сатып алушылардың сұранысын қалыптастыру үдерісі.

Тұтынушылық құндылық – тұтынушының тауарды тұтыну немесе пайдалану және оны алу мен қолданудағы шығындардың нәтижесінде қалыптасатын артықщылықтары арасындағы қатынас.

Тұтынушылар қоғамы (англ. consumer society) – жеке тұтыну қағидаты негізінде ұйымдастырылған қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Ол материалдық тауарларды жаппай тұтынумен және құндылықтар мен көзқарастардың тиісті жүйесін қалыптастырумен сипатталады.

Демонстративті тұтыну – тек қана бір мақсатта - қоршаған адамдарға өздерінің байлығын көрсету үшін тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын ысрап шығындар. Тұтынушының тұрғысынан (Веблен бойынша) бұл мінез-құлық жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізуге, қолдауға және көрсетуге көмектеседі.

Веблен әсері – қарапайым тұтынушыларға жоғары бағаға қол жеткізе алмайтын тауарларды тұтыну кезінде пайда болатын демонстрациялық тұтыну. Мұндай тұтыну оны алатын адамның әлеуметтік маңыздылығына (мәртебесіне) назар аударады.

Сноб әсері – басқа тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне жауап ретінде бір тұтынушыға тауарға деген сұраныстың шамасының кері бағытта өзгеруін көрсетеді. Қарапайым сөзбен, басқалар сатып алмайтын нәрселерді сатып алуға тырысады. Оның міндеті - өз ерекшелігін көрсету үшін тобырдан бөлініп шығу. Тауарлардың кез-келген санатына деген сұраныс жоғары болған сайын, осындай сатып алушы сатып алатыны ықтимал төмен.

Конформдылық – әлеуметтік күтулерге сай қоғаммен қабылданған мінез-құлықтық модельдер мен нормаларға бағынумен сипатталатын индивидтің әлеуметтік мінез-құлқы.

Конформизм – әдетте, топтық қысым әсерінен болатын қалыптасқан құндылықтар жүйесін, нормалар, пікірлер тәртібін бейімделгіш, пассивті, критикалық емес түрде қабылдау.



Байғазы – қазақ дәстүрінде алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы.


МАЗМҰНЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет