Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары



Дата18.10.2023
өлшемі14,52 Kb.
#186295
Байланысты:
Әлеуметтік саясат


Әлеуметтік саясат - халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Нарықтық экономикаға көшу кезінде әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басты мәселе - әлеуметтік кепілдікті бекіту. ҚР-нда әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады:
Минималды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы және одан табыс табу.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
1. Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы, қаржының индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көрсетуде бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.
2. Кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді. Өмір сүру минимумыдеп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізделеді.
Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Минималды бюджет мөлшерінің құны тұтыну баға индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны - тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамдарды қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету деген мағына.
3. «Атаулы» әлеуметтік қорғау (яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу). Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен болады.
Осы келтірілген негізгі бағыттар мен қатар, мемлекет кедейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта дайындайды, тұрғындардың жеке топтары үшін әлеуметтік қорғау механизмін жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты тізбегіндегі басты буын халық табысын құру саясаты. “Табыс” деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Экономикалық әдебиетте “табыс” дегенді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өндірілген құнның оны өндіруге жұмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеуметтік топтың немесе жекелеген адамның өндірілген өнімдегі үлесі, оны иемденуі мағынасында түсінеді.
Халық табысының деңгейі мен динамикасын сараптау үшін номиналды қолдағы және нақтылы кірістерінің көрсеткіштері қолданылады.
Номиналды табыс (ИІ) – жекелеген адамдардың белгілі уақытта алған ақшасының саны.
Қолдағы табыс (ДІ) – жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс. Қолдағы бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасына кем болады.
Нақтылы табыс (ВІ) – белгілі бір уақытта қолдағы бар табысқа сатып алған қызмет пен тауарлардың саны, ол баға деңгейінің өзгеруімен түзетіліп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет