Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет461/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Сол  сапарымда  Меңтай  прототипінің  негізіне  алынған  кісімен  де  кездестім. 

Менің  келгенімді  естіп,  күйеуімен  екеуі  мейманханадан  ертіп  үйлеріне 

апарып, қонақ етті. 

–  Ағай,  кітабыңызды  оқыдым.  Аяғында  Меңтайды  өлтіріп  тастаған  екенсіз. 

Бірақ тіріден артық етіп суреттепсіз, – деді үй иесі әйел ас үстінде. 

− Ондағы анау Меңтай деген сен емессің бе? – деді күйеуі. 

− Маған да ұқсаңқырайды, – деді әйел. 

– Әй, осы өздеріңнің бірдеңелерін жоқ па еді? – деді күйеуі әзілдеп. 

−  Жоқ  екеніне  көзін  жетіп  отыр  ғой,  −  деді  әйелі  наз-наразылығын  қоса 

білдіріп. 

−  Рас,  рас,  –  деп  күйеуі  әйелінің  арқасынан  қақты.  Романдағы  анық  өз  аты-

жөнімен  алынған  екінші  адам  Тәкен  Майшынов  қазір  Талдықорған 

облысының  Ақсу  ауданында  тұрады.  Жақында  ғана  Еңбек  Қызыл  Ту 

орденімен  наградталды.  Сәуле  деген  ақжарқын  әйелі  бар.  Екеуі  де  сауда 

қызметінде істейді. Үлкен қызы Фарида университетті, одан кейінгісі Халима 

политехникалық институтты бітірді. Өзге балалары институтта, мектепте оқып 

жүр.  Майданнан  қайтқан  эшелоннан  Ербол  оқу  оқимын  деп  Алматыға  түсіп 

қалғанда  мен  үйге  барып  үйленемін  деп  елге  тартқан  Тәкеннің  балалары 

заңды түрде Ерболдың балаларынан бұрын ер жетті. Анау, соғыстан қайтқан 

эшелон ел шетіне кіргенде арсалаңдап, бетіне айран жағып алатыны сияқты, 

осы кітап шыққанда Тәкеннің тағы бір қызығы бар. 

Аудан  дүкеніне  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  түскенде  соның  ішінде  өзі 

де  бар  екенін  білетін  Тәкен  (үйге  бір  келгенде  жазып  отырғанымды  көріп 

кеткен)  он  бес  кітапты  бірден  сатып  алды.  Көп  кітап  құшақтап,  Жансүгіров 

селосын бойлап келе жатқан оған таныстары кездеседі. 




466 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет