Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет464/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Сұрақ:  Роман  желісіндегі  әр  алуан  махаббат  линияларының  бірінен жазушы 

М.Иманжановтың  «Есеновтың  тағдыры»  дейтін  әңгімесіне  ұқсастық 

аңғарылады. Осы неден? 

Жауап:  Мен  қазіргі  қазақ  жастарының  өмірін  жырлаған  жазушылардан  екі 

адамды ерекше бағалаймын. Олар – Саттар Ерубаев пен Мұқан Иманжанов. 

Біріншісін көре алғаным жоқ. 

Ал  екіншісімен  1954  жылдың  күзінде  бірінші  рет  жақын  танысуымның  сәті 

түсті. 

Қазақстан  комсомолы  Орталық  комитетінің  жолдамасымен  тың  игерушілер 

өмірінен  шығарма  жазуға  Павлодарға  келген  Мұқан  Иманжановқа  серік 

болып  (ол  кезде  мен  Павлодар  облыстық  «Қызыл  ту»  газетінің  редакторы 

едім), тың игеруші жаңа совхоздарды араладым. Бірнеше күнге созылған сол 

сапарда  Мұқан  менің  «Шешен»,  «Қызыл  көрпе»,  «Командировка»  сияқты 

ауызша әңгімелерімді айтқызып, тыңдады. «Сен өзің дайын жазушы екенсің, 

осы  айтқандарыңды  қағазға  түсір»  деп  кеңес  берді.  Ал  қисаң  «Қызыл 

көрпеңді»  маған  бер,  мен  әңгіме  жазайын.  Қимасаң  оны  да  өзің  жаз  деді. 

Әрине жақсы көретін жазушың қолқаласа, оның үстінде жазылмаған әңгімең 

болса,  оны  кім  қимайды.  Алыңыз  дедім.  Жазғандарымды  Алматыға,  тура 

Иманжановтың өзіне жіберуге және уәде еттім. 

Мұқан  менен  алған  сол  сюжетті  «Есеновтың  тағдыры»  деген  әңгіме  етіп, 

«Тыңдағылар»  атты  кітабына  кіргізді.  Мінеки,  Иманжанов  екеуміздің 

арамыздағы 

творчестволық 

достық 

осылай 


басталады. 

Мұқан 


Иманжановтың  тікелей  қамқорлығымен  1956  жылы  «Алыстағы  ауданда» 

деген  атпен  менің  тұңғыш  очерктер  жинағым  жеке  кітап  боп  басылып 

шықты. 



469 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет