МахмұТ ҚАШҒари «диуани лұҒат-ит-түРК»


СӨЗДЕРДІҢ ӨЗ ТҮЗІЛІМІ БОЙЫНША ІЛГЕРІ - КЕЙІН КЕЛУ ТӘРТІБІ



бет6/12
Дата22.12.2023
өлшемі94,7 Kb.
#198538
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
М.Қашқари
Презентация алтвнемес, 6 в 20.09 ксп мир истор, Инструкция пользователя (Онлайн тестирования)

СӨЗДЕРДІҢ ӨЗ ТҮЗІЛІМІ БОЙЫНША ІЛГЕРІ - КЕЙІН КЕЛУ ТӘРТІБІ


Әуелі екі әріпті сөздерден бастаймын да, содан әрі үш, төрт, бес және алты әріпті сөздерге барамын. Ортасы күнді (әріптің қысқа тынысты, созбау белгісі — « * » бар) сөздерді қарақатты (әріптердің өзінен кейінгі әріпке жалғасуы) сөздерден бұрын келтіремін; одан соң ортасы болған сөздерді өз қаракеттерінің тәртібіне сай беремін. Одан кейін, бас жағына (шекесіне) қамза және соған ұқсас әріптер қосылған (қойылған) сөздер беріледі. Одан кейін, бірінші және екінші әріптері арасында әріп қосылған сөздерді ез орнымен қосамын; Одан кейін, үшінші әрпінің соңына әріп қосылған сөздерді тіркеймін. Бұдан басқа, осы сөздердің бас-аяғын назарда ұстаймыз.


Кітабымызда сөздердің өз түзілістеріне қарай ілгері-кейін келу (орналасу) тәртібі де осылай болды. Кітаптың барлық бөлімдерінде есімдер де осы тәртіпте реттеледі.

ӘРІПТЕРДІҢ ІЛГЕРІ - КЕЙІН ҚОЙЫЛУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ


Бұл кітапты «б» әрпімен аяқталатын есімдермен бастаймын. Содан кейін барып қалған әріптерді әліпби ретімен беремін. Бұл ілгерідегі жолына сәйкес және де араб тілінің түзілу тәртібі тәрізді.


Сонымен қатар күллі сөздердің бас-аяғын назарда ұстаймын. Қандай сөздің басында қамза яки Хамзаға жақын әріп болса, жазғанда оны басқалардың алдына шығарамын. Сөздердің арасында «уа» жалғаулығын «vavbi (вавы) otifa (әтифа)» қолданбадық, (көрсетпедік), өйткені түрік тілдерінде оған орын жоқ. Осыны жақсы түсініп алсын.

СИПАТ РЕТІНДЕ АЙТЫЛМАҒАН СИПАТТАР ТУРАЛЫ


Бұл сипаттар (сын есім) түрлі мақсаттар үшін, түрлі сөздерден әртүрлі жолдармен жасалады:


Біріншісі: істеушінің сол іс-әрекетті анда-санда істейтінін білдіретін сипат. Мысалы: «bardbi er (барды ер) — барған ер» деген тұлғадан жасалған «(бардашы ер)— барушы ер (адам)», «keldi er — келген ер» тұлғасынан жасалған « j' «US' keldemi ег (келдеші ер) — келуші ер» дегендерге ұқсас болып келеді. Бұл түрдегі сипаттар айтылмады. Екіншісі: істеушінің (іс-әрекет жасаушының) сол іс-әрекетін дүркін-дүркін, әлденеше қайтара жасайтынын білдіретін сипат Тағы бір мысал: (ол иігіт бізге келгүлүк ерді) — Ол жігіт бізге келкілік еді, (келуге міндетті еді.)» деген де сол сияқты. Бұл сипатты баян етпедік.
Бесіншісі: істеушінің бір іс-әрекетті атқару үстінде екендігін білдіретін сипат. Мысалы: Men evge men (мен евге барығлы мен) — Мен үйге барғалы тұрмын (бара жатырмын.)»;«Men sizge keligli men (мен сізге келіглі мен) — Мен сізге келгелі тұрмын» дегендер тәрізді. Бұларды да сипат қатарында айтпадық.
Мұндай сипаттардың бәрі тек етістіктен жасалған. Әртүрлі етістіктерден сол мәнде осы әдіспен түрлі сипаттар туындайды. Бұлар кітапта келтірілмейді.
Істелген іс, оның үстіне болғанын білдіретін сипаттар мен ерекшеліктері де көрсетіліп отырмады.
Егер қағиданың қалай қолданылатындығын және бұл сөздердің халық тілінде қалай кездесетіндігін көрсету қажет болса, сол қағидаларға (ережелерге) тоқталғанда айтып өтеміз.
Бірлік, көптік, салыстыру, асыру, кішірейткіш , септеу және түрлену және басқа мәселелері сөз болмады. Сол үшін бөлек бір кітап жазып, оған « Түрік тілінің асыл жәуһарлары» деп ат қойдым. Тәңірдің бұйрығымен осы ережелер сол кітапта айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет