«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Экономикалық өсу теориялары



бет39/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
2 Экономикалық өсу теориялары. Неоклассикалық және кейнстік модель

Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс фактор-ларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен кебейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы — халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Соңдықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл – ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әәлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады. Сондай – ақ, меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді, адам капиталының рөлі жоғарылайды. Басқаша айтсақ, бағдарламада көрсетілгендей жоғары индустриалды сатыға өту үшін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету қажет.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл – ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Жалпы экономикалық өсудің түрлі модельдері (неоклассикалық, кейнсиандық, неокейнсиандық, институционалдық) бар екндігі белгілі. Неоклассикалық модельдің зерттеу объектісі экономикалық өсу факторлары, яғни, еңбек, капитал, ресурстар, ғылыми техникалық прогресс (ҒТП), уақыт, экологиялық, ақпараттық фактор, адам капиталы болып табылады. Ал, Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік – экономикалық алғышарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек технико – экономикалық параметрлердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалық емес, сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік және неокейнстік бағыт экономикалық өсудің алғышарттарын жасайды, яғни дағдарыстан қалай шығу керек, дамушы елдердің жүргізетін саясаттарын қарастырады.

Неоклассикалық және неокейнсиандық модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан, олар ұқсас методологияға негізделген. Институционалдықтың олардан өзгешелігі сапалық басқа теориялық негіздерге сүйенеді.

Бірқатар зерттеушілер артта қалушылықты институционалды шарттармен байланыстырады, соның ішінде, ұлттық білім беру мен кәсіби даярлау жүйесінің дамымағандығы. Шынында да, артта қалған экономика ұлттық білім беруге, кәсіби даярлауға және кадрларды қайта даярлауға жеткілікті қаржы бөле алмайды. Жалпы және арнайы білім беру жүйесінің дамымағандығы білікті мамандардың төменгі деңгейін сипаттайды. Ол өз кезегінде еңбек өнімділігінің деңгейіне кері әсер етеді, оның әлсіз өсу қарқыны экономиканың артта қалуының басты себебі болып табылады.

Экономикалық өсудің қазіргі заманғы негізгі модельдері басқа да кез келген модельдер сияқты дағдарысты ұғым болып табылады. Ашық айтсақ әдебиеттерде өндірістік функцияның әр түрлі модельдерін кездестіруге болады және оның саны әрдайым артта түсуде. Мұнымен қатар макроэкономикалық өндірістік функцияны пайдалануға мүмкін болатынын және оның мәнін түсіндіретін, базалық, жай модельдерде жеткілікті.

Экономикалық өсу теориясын дайындау дайындау негізінен үш экономист: Г. Фельдман, Р. Харрод және Е. Домардың еңбегі екенін атап айтқан жөн.

Домар теориясына сәйкес экономикада нақты табыстың өсімі тепе – теңдік түрде болады. Бұл жағдайда қолда бар өндіріс қуаты толық пайдаланылады, мұның өзі қор сақтау нормасына және капиталдың шекті өнімділігіне немесе капитал қайтарымдылығының өсіміне (∆K/∆V) тура пропорционалды келеді.

Инвестиция және табыс, тұрақты бірдей қарқынмен өседі.

Е. Домар моделі өсу теориясы ролін атқаруға ұсыну үшін жасалмаған. Бұл тек кейнсиандық қысқа мерзімдік тепе – теңдік жағдайын неғұрлым ұзақ мерзімге созуға талпынған ұсыныс еді және бұл жағдай дамушы жүйе үшін қандай болуға тиісті, соны көрсетпек болған. Р. Харрод арнайы экономикалық өсу моделін жасап, және оған инвестицияның акселератор ұстанымы және кәсіпкерлік күту негізінде экдогендік функциясын кіргізді, ал Домар инвестицияның экзогендік формасын ұсынған болатын.

Акселератор принципі бойынша кез келген табыстың өсуі (кемуі) капитал салымын өсіреді (немесе кемітеді), былайша айтқанда табыстың өзгеруіне пропорционалды болады.

Көбінесе екі осы модельді бір Харрод – Домар моделіне біріктіреді. Осы екі модель де мынадай бір қорытындыға келеді: өндірістің белгілі техникалық жағдайында экономикалық өсу қарқыны жинақталудың шекті бейімділік шамасымен анықталады, ал динамикалық теңдік жұмысқа толық қамтылмаған жағдайда іске асырылады. Домар және Харрод модельдері Кобба – дуглас моделіне қарағанда біздің экономикаға жақын. Өсудің негізгі факторларының бірі сұраным мен ұсыным сияқты модельде өнеркәсіптегі инвестиция болып табылады, ла мұның өзін Қазақстанның экономикалық жағдайында толық пайдалануға болады.

Бірақта осы модельдерде де нақты жағдайға келмейтін бірнеше қайшылықтар бар. Мәселен, Домар моделінде былайша айтылады: экономикалық өсуді қолдау үшін елдегі өндірістік қуаттар толық пайдаланылуы керек. Ал, біздегі қазіргі жағдайда өнеркәсіп кәсіпорындарының біразы тиімді жұмыс істемейді. Сондықтан да бұл модель біздің нақты жағдайды дұрыс көрсетпеуі мүмкін.

Сондай – ақ, Домар моделінде “еңбек нарығында ұсыныс басым болуы керек” делінген. Бұл біздің нақты жағдайға сәйкес келеді. Өйткені, қазіргі кезде шындығында да еңбек нарығында жұмысшы күші жеткілікті, бірақ мәселе сапа туралы және кәсіби жөнінде болатын болса, онда кейбір күдік туатыны жасырын емес. Ал, Харрод моделінде мына жағдай міндетті түрде болуы керек: “егер жоспарланған ұсынымның өсу қарқыны кепіл -діктегіден ауытқитын болса, онда жүйе тепе – теңдіктен алшақтайды”. Біздің жағдайда ұсынымның ешқандай өсу кепілдігін айтуға да болмайды. Өйткені, инфляция, биржадағы валюта курсы -ның әрқашанда ауытқушылығы, бағаның өсуі және т.б. Сондықтан да жоспарланған ұсыным өсімі кепілдегіден әрдайым алшақтай бермейді, ал мұның өзі бұл модельді біздің нарық жағдайында қолдануды қиындатады.

1920 – 1950 жылдары Харрод және Домар модельдері нақты экономикалық өсу үрдістерінде байқалады, бірақ одан кейінгі кезең -дердегі даму бағытын талдауда Р. Солоудың неоклассикалық моделі неғұрлым табысты пайдаланылды.

Нобель сыйлығының лауреаты Р. Солоу өндірістік функция аппараты негізінде макроэкономикалық өсу модельдерін дайындау елеулі роль атқарады. 1956 жылғы ол ұсынған модель макроэконо -микалық өндірістік функция негізінде көптеген зерттеулердің пайда болуына себеп болды.

Харрод – Домар модельдерімен салыстырғанда Солоу моделі макроэкономикалық үрдістердің қасиетін неғұрлым анық сипаттай -ды, өйткені, оның мынандай ерекшеліктері бар:

- модельдің өндірістік функция сызықтық емес және шекті өнімділіктің кему заңын қамтып көрсетеді;

- негізгі капиталдың істен шығуын, тозуын ескереді;

- еңбек ресурстарының динамикасын және техникалық дамуын сипаттап және оның экономикалық өсуге әсерін анықтайды;

- тұтыну деңгейін ең жоғарғы сатысына жеткізу міндетін шешуге мүмкіндік береді. Солоу моделінің негізгі шарты мынандай:

- өндірістік функция мына түрде V = F(K,L); көлемнен тұрақты қайтарымдылық болады, былайша айтқанда F(ZK ∙ ZL) = ZF(K,L). Шектеулі өнімділік факторы жағымды, бірақ азайтады да. Капиталдың шығу көлемі W, жалпы көлемге пропорционалды: K : W = bk ; мұнда b - шығу (тозу) бірқалыптысы.

- қорлану бірқалыптылығы (инвестиция) а - тұрақты, инвестиция - j = av;

- табыс V, тұтыну мен инвестицияға бөлінеді: V = C + j;

- жұмысқа қамту саны L тұрақты n қарқынмен өседі;

- еңбексақтағыш техникалық прогресс g қарқында, былайша айтқанда шартты түрде жұмыстан босатылған жұмыскерлерге керісінше жүргізіледі: бір жұмыскердің тұрақты тиімділігі g қарқынмен өседі.

Жоғарыда келтірілген шарт бойынша өндірістік функцияны еңбек өнімділігіне У = VL және оның капитал мен қарулануына k = KL былайша айтқанда y = f(k) тәуелді деп қарауымызға болады. Және мына қатынастарды да пайдалана отырып:

V = F(K,L) = LF(K/L,1) = LF(K) осы қорытындыны айтуға болады.

Солоу моделі біздің жағдайдың шындығына жақын келеді. Онда ҚР – да кездесетін барлық факторлар ескерілген. Бірақ, мұнда да кейбір қайшылықтар жоқ емес. Мысалы, модельде былай айтылған: қамтылған жұмысшылар саны тұрақты қарқынмен өсіп отыруға тиіс, ал бідің нақты өмірде қарқын өзгермелі болып келеді және оған қоса жұмысқа қамтылған жұмысшылар саны өспеуі де мүмкін немесе керісінше азаюы да ықтимал.

Тағы бір маңызды маңызды сәйкес келмеушілік былайша, еңбек сақтағыш техникалық прогресс біздің елде енді ғана білініп келеді. Кобба – Дуглас моделінде айтылған ескерпелердей “техникалық прогресс” түсінігін біздің отандық емес, шетелдік ғылым және техниканың өсуі, ал бізде тек импорттық технология көрінісі ғана бар деп айта аламыз.

Өткен ғасырдың екінші жартысында экономикалық дамудың неоклассикалық моделі пайда болды. Бұл модельдің негізгі ерекшеліктері барлық экономиканың дамуына “импульс” беретін салалар кешенін құру болды. “Зор дүмпу” теориясы өкілдерінің бірі - А. Хиршманның “балансты емес экономикалық өсу” концепциясын қарауға болады. Осы теорияға сәйкес экономикалық өсу диспропорциясы мемлекетті инфрақұрылымдардың дамуына инвестиция салуына мәжбүр етеді, былайша айтқанда: көлік, жол, құрылыс және т.с.с. салаларға. Бұл концепция Қазақстан саясатында қаралады. Қаралып отырған осы теорияның кемшілігі мынада: қуаты толық пайдаланбай, шығынның өсуі нәтижесінде болатын жаңа диспропорциялардың пайда болуында екенін айтқан жөн.

Р. Лукастың экономикалық өсу моделі еңбек өнімділігінің өсуін, инвестицияны адам капиталымен байланыстырады. Мұнда өндіріс көлемінің икемділігі бұл факторға қатынасы - 0,4 – ке жетеді, былайша айтқанда адам капиталына жұмсалған қаржының 10% - ға артуы өндіріс көлемінің өсімін 4% - ға өсіреді. Осы талдауда экономикалық өсу икемділігін бағалау НИОКР – ге қатынасымен алынған. Мұның өзі 0,06 – 0,1. Бұл теорияның кемшілігі әртүрлі елдердегі өсуі қарқынына дифференциялау жасағанда, оған дәйекті түсінік берілмеген.

Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-тендігінің шарттарын анықтауға болады.

Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретіңде қарастырылады.



Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың Кейнстік өсу үлгісіне қатынасы Кейнстік өсу үлгісі және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол — капитал.

Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуінің шартында пайда болады.

Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады.

Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-тендік тұрақсыз болуы мүмкін.

Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.

Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.

Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, кесіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.

Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сұраныс ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.

Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін азайтады.

Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай қорьпынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.

Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод «табиги» өсу қарқынын енгізеді. Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.

Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағаңда неоклассикалық өсу үлгілері көптеген шектеулерден айырылып, макроэкономикалық үрдістердің ерекшеліктерін дәл сипаттайды. Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра алмайтындығында екендігін Р. Солоу өзінің үлгісінде көрсетті. Ол үлгіде Леонтьев функциясының орнына Кобб-Дугластың өндіріс функциясын пайдаланды. Бұл функцияда өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыратын-дығы белгілі. Р. Солоу үлгісіндегі алғышарттар төмендегідей:

- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі

- масштаб өсерінің тұрақтылығы

- ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы

- инвестициялық лагтардың болмауы. Факторлардың бірін-бірі алмастыруы (капиталмен қаруланудың өзгерісі) технологиялық шарттармен ғана түсіндіріліп қоймайды және өндіріс факторларындағы" таза бәсеке нарығындағы неоклассикалық алғышарттарға байланысты болады. Экономика жүйесінің тепе-теңдікте болуы үшін қажетті шарт ол жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі.

Бұл функция өнімділік пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне сәйкес келеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі кеміп отырады. Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капиталдың жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды. Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді, ал ығысуды — азайтады.

Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді. Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес. Үлгіде тұрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады, бірақ өмір деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезеңіндегі жағдайы экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымалыларын үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.

Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық, әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.

Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім қарқынымен өседі, демек тұрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.

Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық, институционалдық байланыстыруға тырысады.

"Ұсыныс экономикасының" тұжырымын ұстағандардың айтуынша, толық жұмыспен қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.

Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.

Айтылған көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда болады, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.

Ерекше ынта туғызатын М. Калецкийдің өсу теориясы. Ол барлық модельдер үшін бірыңғай жағдайдың болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Мына жағдайды ол дәлелдеуге тырысты: әр әлеуметтік жүйе белгілі өсу теориясына және ұлттық табыстың өсу қарқынының сондай бір формуласына сәйкес келеді. Оның осы тәсілінің нәтижесінде арнайы бірінші реттегі маңызы, белгілі қоғамның әлеуметтік жағдайы үшін берілетіндігі өсу теориясын дайындауда ресейлік ғалымдардың еңбегінде ерекше көңіл бөлінген. (А.И. Ноткин, А.И. Анчишкин, Ю.В. Яременко), сондай – ақ отандық ғалымдар (С. Байзақов, А. Есентугелов, С. Қасымов және басқалары) біздің жағдай үшін экономикалық өсудің мәнін ашуға олар таяу қалды десек те болады. Бұл теориялық ой – пікір мұрасын біз қабылдап, қарулануымыз керек, егер біз қандай өсу теориясын табуға тиіспіз деген сұраққа жауап тапқымыз келсе.

Сонымен ұзақ мерзімді экономикалық өсу, тек сандық көлемде ғана емес, сапалық жағынан да жақсаруы керек. Мәселен, жоғары технологияны және инновацияны өндіріске енгізу экологиялық проблемаларды шешу және халық тұрмысының сапасын жақсарту негізінде өндіріс тиімділігін арттыру қажет болады. Сондықтан да Қазақстан экономикасы мемлекттің экономикалық өсу жағдайын дайын жасауға және оны қамтамасыз етуге тиімді араласуын қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет