«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Тақырып 12. Халықаралық сауда және



бет41/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
Тақырып 12. Халықаралық сауда және

сауда саясаты.

1.Халықаралық сауда: мəні, факторлары, теориялары.

2. Мемлекеттің сауда саясаты: протекционизм жəне еркін сауда.

3.Сауда саясатындағы тарифтік жəне тарифтік емес шектеулер.

4.Қазақстанның халықаралық сауда жүйесіндегі алатын орны.

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

Фритретерство саясатынын ең алғаш А. Смит өзінің «Абсолютті артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады», - деп жазған.Оның еңбңгін Д.Рикардо жалғастырды.Ол өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар» теориясында елдер арсында сауда сауда абсолютті артықшылықтар болмаса да тиімді болатынын көрсеткен. «Салыстырмалы артықшылықтар» теориясы бойынша елдер басқа елдерге қарағанда ,белгілі-бір өнімді тиімді әрі аз шығынмен өндіре алады және сол тауарды сыртқа шығарады ,-деп көрсеткен.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:

1. халықаралык еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;

2. экономикада жана салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкіге біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алмадияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.

Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еурода халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапопияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлардан тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-теңдігі жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалык форумның баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндікгері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриялды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішінде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадаға дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді.


12.1 кесте.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет