Мал азығының түрлері



бет3/3
Дата07.09.2020
өлшемі29,01 Kb.
#77650
1   2   3
Байланысты:
Мал азығының түрлері
Мал асылдандыру, МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Шөп ұны. Жаңа шабылған көк балаусаны жоғары температуралық қондырғыда кептіріп, ұнтақтап дайындайтын азық. 600-800°С бірнеше минутта 12—14% ылғалдылыққа дейін кептірілгенде өсімдіктің ішкі температурасы 90— 100°С жоғары көтеріліп үлгермейді де, шөп ұнында көк шөптің барлық дерлік қоректік заттары мен витаминдері (каротині) толығымен сақталады.

  • Жалпы энергетикалық қоректілігі мен қоректік құндылығы жағынан құнарлы мал азығына кебек түріндегі ұн өндірісінің қалдығы және күнжара мсн шрот түріндегі өсімдік май өндірісінің қалдықтары жатады.

  • Күнжара мен шрот. Майлы дақылдардың майын механикалық түрде престеп сығып шығарғаннан кейінгі қалдығын күнжара деп атайды. Дақыл майының шығарылуын жеңілдету үшін дәнді алдын ала 130°С дейін қатты қыздырады. Және де қаншама қатты сыққанмен күнжара құрамында біршама (7—9%) майы қалып қояды. Ол майды қалдырмай толығырақ өндіру үшін өсімдік май өндірісінде шикізатты бензин секілді түрлі органикалық еріткіштермен өңдегеннен кейінгі қалдығын шрот деп атайды.

    2-кесте . Түрлі дән кебегінің құрамы, %

    Кебек түрі

    «Шикі»

    протеин

    «Шикі»

    май

    «Шикі»

    жасұнық

    АЭЗ

    «Шикі

    күл

    Бидайдың майда кебегі

    15,3

    4,0

    8,5

    54,7

    4,8

    Бидайдың ірі кебегі

    15,4

    3,9

    20,0

    52,5

    5,1

    Қара бидай кебегі

    14,6

    3,0

    6,0

    55,0

    4,0

    Арпа кебегі

    13,9

    3,5

    12,8

    51,1

    4,9

    Жүгері кебегі

    10,9

    3,9

    6,4

    59,2

    2,9

    Күріш кебегі

    7,1

    7,0

    34,0

    33,5

    И,8

    3-кесте. Майлы дақылдар күнжарасы мен шроттың құрамы,



    '

    Кебек түрі



    «Шикі» протеин

    «Шикі»

    май


    «Шикі»

    жасұнық


    АЭЗ

    «Шикі»

    күл


    Күнбағыс күнжарасы

    39,2

    2

    13,0

    22,5

    6,3

    Күнбағыс шроты

    40,5

    3,1

    13,7

    25,5

    6,4

    Соя күнжарасы

    38,5

    7,6

    4,8

    30,7

    5,5

    Соя шроты

    40,0

    2,0 _

    6,4

    28,4

    6,4

    Мақта күнжарасы

    37,0

    8,2

    11,0

    37,9

    5,8

    Мақта шроты

    38,3

    2,0

    13,2

    26,4

    7,0

    Рапс күнжарасы

    33,0

    7,3

    12,0

    31,0

    7,7

    Зығыр күнжарасы

    29.2

    11,2

    9,7

    16,9

    7,2

    Зығыр шроты

    33,3

    1,9

    22,9

    20,0

    6,0

    Кендір күнжарасы

    30,4

    юд

    26,6

    17,9

    7,7

    Кендір шроты

    33,1

    2,1

    29,7

    15,5

    8,6


    Жануар тектес азық. Жануар тектес азықтарға мал азықтандыруда қол- данылатын сүт пен оның өнімдері, ет пен балық өндеу орындарынын қан ұны (кровяная мука), ет ұны (мясная мука), ет-сүйек ұны (мясо- костная мука), сүйек ұны (костная мука), балық ұны (рыбная мука) секілді қалдықтары жатады. Уыз бен сүт, майсыздандырылған, яғни көк сүт (обрат), айран мен сүт сары суы (молочная сыворотка) төл қорегіндегі маңызды азықтар болып табылса, қан ұны, ет ұны, ет-сүйек ұны мен балық ұны мал азығының протеиндік, ал сүйек ұны минералдық (кальцийлік) қосындысы ретінде қолданылады.


    

    Синтетикалық азықтық қосындылар. Бұл азықтық қосындылар тобына қоректік заттары өте жоғары шоғырланған химиялық және микробиологиялық түзу өнімдері жатады. Олардың қатарына синтетикалық мочевина, яғни карбамид, аммоний фосфаты, аммоний суы секілді синтетикалық азоттық қосындылар мен азықтық ашытқы (кормовые дрожжи), L - лизиннің, DL - метиониннің азықтық қосындылары кіреді.

    Минералдық қосындылар. Бұл табиғи шикізаттан өндірілетін азықтық қосындылар мал азығына қосымша минералды заттар көзі ретінде қол- данылады. Оларға ас тұзы, азықтық бор (кормовой мел), азықтық әк (кормовой известняк), ұлу қабыршығы (ракушечник), сүйек ұны, кальций- фосфорлық және кальций-натрийлік азықтық фосфаттар, қызыл топырақ (красная глина), микроэлементтер тұздары мен көп компонентті минералдық брикеттер, түйіршіктер жатады.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет