«Малдардың биологиялық ерекшеліктері және өнімділігі»


Ірі қара малдың өнімділігі



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,91 Kb.
#96803
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама малдардың биологиялық ерекшеліктері және өнімділігі

Ірі қара малдың өнімділігі. 1.Сүт өнімділігі. 2. Ет өнімділігі.
Біздің еліміздің ауыл шаруашылығының негізгі міндеті халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті шикізатпен барынша толығырақ қанағаттандыру үшін ет, сүт және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді одан әрі арттыра түсу болып табылады. Елімізде ет және сүт сияқты құнды азық-түлік өнімдерін беретін мал шаруашылығын өрістетуге көп көңіл бөлінеді. Бұл саладағы қызметкерлер сүт өндіруді арттыруда едәуір табыстарға жетті. Біздің еліміз жан басына сүт өндіруде дүние жүзінде бірінші орын алады және АҚШ-тан 1,3 есе, Англиядан 1,5 есе асып түседі. Ет өндіруде ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығының ара салмағы үлкен орын алады. Мал басының өсуі және оның өнімділігінің артуы көпшілік жағдайда төлді аман сақтау мен өсірудің қалай ұйымдастырылатынына байланысты. Сайып келгенде сүт пен ет өндірудің дәрежесі соған қарай анықталады. Қазіргі заманғы мамандырылған ірі кәсіпорындар мен кәдімгі фермалардағы табыннан шығарылатын сиырлар жыл сайын жаңа, барынша жоғары өнімді малмен алмастырып отырады. Сүт өндіру бағытындағы мал шаруашылығын интенсивтендіру жағдайында табын толықтыруға арналған жоғары өнім беретін төлдерді өсіру табында ұдайы толықтыру жөніндегі шаралар жүйесіндегі маңызды буынның бірі болып табылады. Сүтті сиырлардың өнімділік сапасы олардың тұқым қуалаушылығына байланысты және оларды өсірудің барлық кезеңіндегі күту және азықтандыру жағдайының ықпал әсерімен қалыптасады. Бұл факторлар ірі қараның ет өнімділігін қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Мал көп өнімді болса, оның шаруашылыққа пайдасы мол болады. Бүкіл зоотехникалық жұмыстың түпкі мақсаты, мал шаруашылық өнімдерін өндіруге қол жеткізу. Зооинжинер бұл мақсатқа малды сан және сапа жағынан жақсартып, оны ұрпақтан ұрпаққа тарату арқылы жетеді. Сондықтан мал шаруашылығы өнімі мен мал өнімділігін шатыстыруға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет