«Малдардың биологиялық ерекшеліктері және өнімділігі»


Қойдың биологиялық ерекшеліктері



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,91 Kb.
#96803
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама малдардың биологиялық ерекшеліктері және өнімділігі

Қойдың биологиялық ерекшеліктері – бұл қоршаған орта, жағдайында организмнің жауап беру (реакциясы) ерекшеліктері мен белгілі бір мөлшердегі өнімділігін айқындайтын, морфофизиологиялық, қасиеттердің жиынтығы. Мал өнімділігінің генетикалық потенциалын толық пайдалану үшін, осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, оларды азықтандыру, күтіп- бағу керек. Қолда өсірілетін қой малдарының басты ерекшеліктері – әр түрлі жағдайға бейімделігіне және икемделгіне потенциалының өте жоғарлығы. Ол көптеген қой тұқымдарының экологиялық жағдайлары әр түрлі жерлерде – шөл, биік таулы, далалы және т. Б. аймақтарда өсіп, таралуына мүмкіндік туғызады. Қой малдары жайылым жағдайында өсіруге жақсы бейімделген. Жануарлар қоректенетін 800 түрлі өсімдіктің 520-дан аса түрінен қой, 460- мүйізді ірі қара, 416- жылқы малдары пайдаланады. Сонымен қатар қой малдары 146 түрлі жусанның 91, жылқы малдары -39, сиыр малдары – 24 түрімен қоректенеді, ал 181 түрлі солянканың -132, жылқы-48, сиыр-39 түрің қорек етеді. Қой өтпелі кезеңдерге бейімделгіні және далалы шөл, шөлейт, таулы, биік таулы аймақтардың жайылымдарының өсімдіктерін қоректене береді. Бұл тек физиологиялық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар анатомиялық ерекшеліктерімен де сипатталады. Мәселен, қой малдарының басын, бет бөлігі үшкір келіп сүйірленген, тістері қиғаш орналасу өткір, ерні жұқа жылдам қозғалады, сондықтан олар өсімдік тапшы, өсімі жерлерден де азығын тауып жейді. Қой малдары тек қана жайылымның барлық түрін ғана қолданып қоймайды. Сонымен қатар жайылым сапсына талғампаз емес, оған өсімдіктің барлық түрімен: иісі ашты тікенекті, көп бөлігі арамшөпті өсімдіктермен қоректенетіндігі дәлел болады. Бұл тәжірибелік құндылығы жоғары қасиеттернің бірі, яғни ол ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге жарамсыз немесе басқа ауыл шаруашылығы малдары пайдаланбайтын жерлерді пайдалану тиімділігін жоғарылатады. Қойлардың ас қорыту мүшесі қатаң азықтарды жақсы қорытуға және қоректік заттарды жақсы сіңдіруге бейімделген. Бұл ерекшілік қой ішегінің денесінен 30 ретке ұзындығымен байланысты, ал, бұл мүйізді ірі қарада- 20-22 ретке, шошқада -12 ретке, жылқыда-15 ретке ғана ұзын. Сонымен қатар қойлар жайылым малдары болғандықтан жайылымға өте қабілетті. Бұл жағдайда мал асқазаны зор маңызға ие. Ол 4 бөлімнен үлкен қарын, тақия қарын, кітапша қарын және ұлтабардан тұрады. Ұлтабар ғана асқазан безінен асқазан сөлін бөледі.Үлкен қарын, кітапша және тақия қарының без ұлпалары болмағандықтан оларды асқазан алды, ал ұлтабарды – нағыз асқазан деп атады. Асқазан алды қарыны азықтағы қоректік заттардың қорытылуында зор роль атқарады. Әсіресе, қатаң азықтардың үлкен қарында ферменттер мен бактериялардың әсерінен азықтың құрамындағы ұсақ және ірі заттардың ыдырауы өтеді. Үлкен қарында азықтағы қант пен крахмалды 95%-ға және қорытылатын клетчатка -50% дейін ыдырайды. Ал қалған пайдалылыған клечатканың ыдырамай қалған бөлігі асқорытудың келесі бөлімдеріне өтеді. Үлкен қарныдағы көмірсулардың микробиольді ыдырау кезінде ұшқым май қышқылдары түзіледі, әсіресе, сірке қышықылы, сонымен қатар күйістілердің жалпы энергияға қажеттілігінің 40%-дай мөлшерін жабатын, пропионды және майлы қышқылдар түзіледі. Қойлардың ас қорытуындағы азотты заттардың қорытылу ерекшелгі, ол үлкен қарына азық протеині микроорганизмдермен пептидтерге, аминқышқылдарына және биологиялық құндылықтағы бактерияларды белок синтезделеді. Синтезделу үрдісі кезінде біріккен азотты белоксыз аммиак (карбамид) аммоний тұздары және т.б. қосылады. Үлкен қарындағы микроорганизмдер күйіс қайыратын малдардың протеинге қажеттілігін 30%-ға белоктың құрамындағы күкірт түзуші цистин және метиомин аминқышқылдары ерекше қызығушылық туғызады. Үлкен қарында микроорганизмдердің өміршеңдігінің әсерінен В тобындағы витаминде, мен майда еритін К витамині синтезделеді. Сондықтан ересек малдарға арналған, азықтарды бұл витаминде кездеспейді, бірақ олардың алдын алатын мысалы кобальт, В12 витамині синтездеуге қажет. Қой малдарының мүйізді ірі қарадан айырмашылығы май ұлпасына каротинді емес А витаминін жинайды, ал сиыр сары дақтар мен қой майындағы құйрық майының ақ түстілігінен көрінеді. Қойларды азықтандыру және суару кезінде кедергі жағдайлар туып, үзіліс болған жағдайда көптеген қой тұқымдары қалыпты азықтандыру мен күтіп – бағу кезінде өз денесіне, құйрығына жиналған майларын пайдаланады. Қой малдарының өте құнды бұл биологиялық ерекшілігі кез-келген қиыншылық жағдайлардан, әсіресе қыс мерзімінде қардың көп түсуі салдарынан т. Б. себептер туған жағдайдан алып шығуға зор септігін тигізеді. Бұл майдың көп мөлшері құйрық омыртқасын бойлай және құйрыққа жиналады, бұған құйрықты және май құйрықты қой тұқымдары жатады. Бұл қасиет шөл және шөлейт қатаң табиғат жағдайында ұзақ уақыт бойы өсірудің нәтижесінде қалыптасқан. Қой шаруашылығы бұл аудандарда –көшпелі жане жартылай көшпелі және жартылай көшпелі болғандықтан, малдар азық қоры мен су тапшылығына жиі, ұшырап отырады, әсіресе, жаз мерзімінде жайылымның күйіп кетуін, ол қыс мерзімінде қарлы – боран күндерді өткереді. Өсімдік тапшлығына, су жетіспеушілігі континентальді климаттық ылғалдылығын мен температурасының күрт төмендеуі, кей кездердегі ойлы- қырлы жер, жыл бойына жайылымда ұстау және бірнеше жүздеген шақырымға малды айдау, бұл аудандарда тек, қой шаруашылығына басқа салалардың дамуын қиындатады. Оған қой малдарын жыл бойы жайылымда ұстайтын республикамыздың оңтүстік, оңтүстік- шығыс және батыс обылыстарындағы көптеген аудандар жатады. Қойдан – ет, май, сүт, жүн, тондық- мехтың қой терісін, елтірі сияқты әр түрлі өнімдер өндіріледі. Қой малдары 10-12 және одан да көп өмір сүреді, бірақ шаруашылықтың пайдаланылуы 6-8 жылға одан кейін мұндай жастағы малдарды жарамсыздыққа шығарады, өйткені тіс жүйесінің күрт әлсіреунен тістері түсе бастайды, ол жайлыммен басқа азықтарды пайдалануының нашарлауына әкеліп соғады. Сонымен қатар қойлардың табындық түйсігі жақсы дамығандығын оларды топтап ( табындап) ұстаудан көруге болады. Қой үркек мал болғандықтан, оларды жиі өлшем, қарап, ұстаудың қажетті жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет