Малды генотипі бойынша бағалау



бет2/5
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126923
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
57ac4b1d-6391-4d4f-8d61-438441e007b6
Рк-2.Нуска-3.Оразбек Аида, Рк-2.Нуска-3.Оразбек Аида
Малға генотипіне қарай

баға беру оның жақын туыстарының

өнімділік көрсеткіштері туралы

мәліметтің түсу мерзіміне байланысты

екі кезеңнен тұрады.

Қорытынды кезең –

ұрпағының

сапасына қарай нақтылы

тұқымдық

қасиетін анықтау.

Малдың ата-тегі мен

жанама,

аталас-енелес туыстарының

сапасына қарай болжамды,

ықтимал

тұқымдық құндылығын

анықтау;

Әрбір организм ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамиды,

мұнда ата-енелік организмдердің генетикалық информациясы

арқылы олардың алдыңғы ұрпақтарында болған даму

ерекшеліктері қаланған. Сондықтан жануарларды ата-тегіне

қарай бағалау мен сұрыптаудың асыл тұқымды мал өсіру жұмысында

айтарлықтай маңызы зор.

Ата-тегі бойынша сұрыптаудың малды мүмкіндігінше ерте

бағалау тұрғысынан сұрыптау әдістерінң басқа түрлерінен көп

артықшылықтары бар. Іс жүзінде кез келген малға өзі туғанға

дейін-ақ баға беруге болады. Осының нәтижесінде тұқымдық

құндылығы жоғары төлді дер кезінде асыл тұқымдық мал тобына

бөліп, нашарын жарамсыздар тобына шығарып, оларды өсіруге

арналған шығынды да тиімді жұмсауға мүмкіндік туады.

Малды ата-тегіне қарай бағалау және сұрыптау:

Мал шежіресі деп оның ата-тегі туралы мәліметтері

толық және белгілі бір тәртіппен жазылған құжатты айтады. Шежіресін жасап, бағаланатын малды пробанд деп атайды.

1. Шежіредегі малдарды шартты түрде бейнелеу:

Ата-енелер қатары

Пробандқа туыстық жақындығы

Шартты белгісі

I

Енесі

Әкесі


Е

Ә


II

Енесінің енесі

Енесінің әкесі

Әкесінің енесі

Әкесінің әкесі



ЕЕ

ЕӘ

ӘЕ



ӘӘ

III

Енесінің енесінің енесі

Енесінің енесінің әкесі

Енесінің әкесінің енесі

Енесінің әкесінің әкесі

Әкесінің енесінің енесі

Әкесінің енесінің әкесі

Әкесінің әкесінің енесі

Әкесінің әкесінің әкесі



ЕЕЕ

ЕЕӘ ЕӘЕ ЕӘӘ ӘЕЕ ӘЕӘ ӘӘЕ ӘӘӘ



Селекция тәжірибесінде, шежіреде ата-тегінің пробандқа туыстық жақындығын көрсету үшін төмендегі кестеде келтірілген шартты қысқартулар пайдаланылады.

Зоотехниялық әдебиетте шежіре жасаудың әр түрі кездеседі. Мысалы, көлденең, жанама қабырғалас, тізбекті және т.б. Бұлардың ішінде ең жиі қолданылатыны – көлденең (горизонталды) шежіре кестесі.

Аталған шартты белгілеулер бойынша жасалған шежіре кестесінен мынадай заңдылықтарды көруге болады. Әр көлденең қатардағы мал (ата-енелер) саны алдыңғы қатардағы мал (ұрпағының) санына қарағанда екі есе көбейіп отырады.

Осыған байланысты, кез келген қатардағы ата-енелер санын (N) мына теңдікпен анықтауға болады: N=2n , мұндағы:

N-іздеген қатардағы ата-енелер саны;

n-ата-тек қатарының реттілік нөмірі;

2-тұрақты сан (еселік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет