Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану


Рационалды-сыни парадигма



бет4/4
Дата29.01.2022
өлшемі314,19 Kb.
#115897
1   2   3   4
Байланысты:
Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.
603048, 499361, Өзен, 8 cынып БЖБ, 8 cынып БЖБ, Документ (4), Документ (4), Әлемдегі саяси қақтығыстар, 208802, қоршаған орта 2020-2021, үйірме 9 сынып, Хаттама жас маман тест 2018, Абайлаңыз балалар жоспары 22, Бала құқығы -адам құқығы ақпарлама (Автосохраненный)
Рационалды-сыни парадигма саяси өзара әрекеттесудің табиғатын оның ішкі құрылымдарының, қатынастарының, институттары мен механизмдерінің әсерінен түсіндіруге бағытталған.Осылайша, жоғарыда қарастырылған саясатты түсіндірудің маңызды тәсілдері саяси өмірдің күрделілігі мен поливариантын көрсетеді. Сонымен қатар, парадигмаларда бейнеленген әлеуметтік құрылымның әртүрлі суреттері саяси ойдың дамуының жалпы параметрлері мен шекараларын көруге мүмкіндік береді.

Саяси шынайылықтың субъективтік детерминділігі саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінде саяси шынайылықтың субъективтілігі проблемасы сипаттамаларының қамтылуы керектігін көрсетеді. Сол себептен саяси қатынастар субъектісі туралы мәселе саясаттанудың басты мәселесі болып табылады.

Бұқара халықтың, таптардың, әлеуметтік және этникалық топтардың, тұрақты және уақытша ассоциациялардың, индивидуумдардың субъект – субъектілік қатынастардың әр түрлі деңгейдегі жүйелерінің субъектілері екендігі белгілі. Саяси ұйымдар, саяси іс — әрекет құралдары мен әдістері түрінде қоғамда жинақталған саяси мәдениетті оларды саяси іс — әрекет процесінде жүзеге асырады. Бұл реттегі субъектінің жүріс – тұрысы саяси мәдениетті игеру деңгейіне байланысты. Саясаттанудың ғылым ретіндегі маңызды міндеті саяси тұйықтық, оқшаулануды (мысалы, біздің қоғамның кеңес өкіметі тұсындағы саясимәдениетінің дамуында болған) терістеумен қатар, адамзаттың бүкіл саяси тәжірибесінің негізінде саяси мәдениет жүйесінің үздіксіз дамуына көмектесу.

1.Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция. Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің (саяси шынайылықты тұтастық ретінде) саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек аталмыш функцияның бар екендігін анық көруге болады. Сондықтан даДсаяси шынайылықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің жалпытеориялық, методологиялық негізі ретінде көрінеді.

2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады. Бірақ, саяси оқиғалар ситуативті және субъективті болғандықтан саяси шынайылықты тану — өте күрделі әрі қарама-қайшылықты процесс, Ситуативтілік саяси ақиқат үшін нақтылықтың жоғары дәрежесінің тән болуынан және саяси проблемалардың шешімінің алдын ала берілмейтіндігінен көрінеді. Сондықтан да, жалаң пікірлерді басшылыққа алуға болмайды, керісінше дәл осы зерттелініп отырған жағдайды, оның мазмұнын бар байлығымен ашу қажет. Субъективтілік саяси оқиғалардың саяси қатынастар субъектісінің шығармашылық әлеуетіне, оның саяси мәдениетті игеруіне, оның еркіне, мақсатқа ұмтылысына, саяси интуициясына, шынайылықты сезінуіне тәуелділігін бейнелейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет