Мамандыќ коды: 1504000



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі63,5 Kb.
#123159
  1   2
Байланысты:
тест Сүйеуова Б
Абай, Документ

Мамандық коды: 1504000
Мамандық атауы: Фермер шаруашылығы
Біліктілігі: Автомобиль жүргізушісі
Пәні: Автомобиль құрылысы, техникалық қызмет көрсету


Тест тапсырмалары
(Білім алушылардың теориялық білімдерін бағалау мақсатында)

1. ГАЗ-53 автомобильіне І техникалық қызмет көрсету қашан жүргізіледі?


а) күн сайын; ә) 500 км соң; с) 3000 км жүрген соң; д) 8000 км жүрген соң; е) 1000 км жүрген соң.

2. Майлау жүйесін қандай мақсат үшін қолданады?


а) қозғалтқыштың барлық бөлшектерін маймен қамтамасыз етеді;
ә) цилиндр ішіне жану қоспасын шығару қызметін атқарады;
с) цилиндр ішіне жану қоспасын даярлау қызметін атқарады;
д) цилиндр ішіндегі жүретін процестерді иінді-шатунды механизмен бірлесе отырып іске асырады;
е) қозғалтқыш бөлщектерінің аралығындағы үйкеліс күшін азайту қызметін атқарады.

3. Аккумулятордың кернеуі қандай құралмен тексеріледі?


а) ватметр; ә) амперметр; с) вольтметр; д) термометр; е) ариометр.

4. Автомобильдердің түрлері қандай?


а) автобустар, жүк машинасы; ә) жүк машинасы, автобустар, көтергіш крандар; с) спорттық көліктер; д) жүк машинасы, жүргінші көлігі, арнаулы автомобильдер;
е) басқару механизмдері, жүргінші көлігі, арнаулы автомобильдер.

5. Автомобильге техникалық қызмет көрсетудің және оны жөндеудің мақсаты?


а) автомобильдің техникалық байқаудан өтуі;
ә) автомобильдің қозғалысы;
с) автомобильді жұмысқа қабілетті жағдайында ұстау;
д) автомобильді күрделі жөндеу;
е) автомобильді жарамды және жұмысқа қабілетті жағдайында ұстау.

6. Автомобильге алғашқы техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?


а) 240 мотосағаттан кейін;
ә) 960 мотосағаттан кейін;
с) күзгі- қысқы және көктемгі, жазғы кезеңде;
д) 60 мотосағаттан кейін;
е) күн сайын (ауысым сайын).

7. КамАЗ- 5320 автомобильіне №1 техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?


а) күзгі- қысқы және көктемгі, жазғы кезеңде;
ә) күн сайын (ауысым сайын);
с) 9000 км;
д) 12000 км;
е) 4000 км.

8. №3 техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?


а) №2 техникалық қызмет көрсету;
ә) күн сайынғы (ауысым сайын) техникалық қызмет көрсету;
с) маусымдық техникалық қызмет көрсету;
д) алғашқы техникалық қызмет көрсету;
е) ағымдағы, күрделі жөндеу.

9. Май сүзгілерін неше мото/сағаттан кейін жуады?


а) 560 мото/сағат
ә) 960 мото/сағат
с) 660 мото/сағат
д) 760 мото/сағат
е) 860 мото/сағат

10. Кривошипті- шатунды механизмнің атқаратын қызметі қандай?


а) поршеньді иінді білікпен жалғау;
ә) иінді білікке күш беру;
с) жұмыстық циклды жүзеге асыру;
д) иінді біліктің айналмалы қозғалысын поршеньнің ілгерілмелі қозғалысына келтіреді;
е) поршеньнің ілгері- кейінді қозғалысы иінді біліктің айналмалы қозғалысына келтіреді.

11. Автомобиль қозғалтқыштарында майлау жүйесінің қандай түрі қолданылады?


а) майлаудың аралас жүйесі;
ә) қысыммен майлау жүйесі;
с) аралас және бүркумен;
д) жоғары қысымды;
е) бүркудің майлау жүйесі.

12. Механикалық трансмиссияның құрылысы?


а) алдыңғы белдік, рама, артқы белдік;
ә) жетекші білік, жүріс бөлігі;
с) ілініс муфта, дифференциал, ступица, рама;
д) ілініс муфтасы, беріліс қорабы, кардан берілісі, артқы мост;
е) рама, рессора, амортизатор, ступица.

13. Атқаратын орнына қарай поршень сақинасының орналасу жолы қандай?


а) қатуға қарсы;
ә) компрессорлы және майлағыш;
с) нығыздағыш және майлағыш;
д) бір қатарлы;
е) газ қысымы.

14. Қазіргі автомобильдердің қозғалтқыштарын майлау қандай әдістермен пайдаланылады?


а) шашырату арқылы;
ә) өз ағынымен;
с) қысыммен шашырату арқылы, өз ағынымен;
д) қысыммен және өз ағынымен;
е) қысыммен және шашырату арқылы.

15. Автомобиль шиналарын сақтау кезінде қалай орналастыру керек?


а) көлденең;
ә) перпендикуляр;
с) белгілі бір бұрышпен;
д) тік;
е) еңісті.

16. Автомобильге техникалық қызмет көрсетудің және оны жөндеудің мақсаты қандай?


а) автомобильді пайдалану;
ә) автомобильдің техникалық байқаудан өтуі;
с) автомобильді жарамды және жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау;
д) автомобильді күрделі жөндеу;
е) автомобильдің қозғалысы.

17. Салқындату жүйесінің атқаратын қызметі?


а) қозғалтқыштың тиімді (оптималды) температурада жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
ә) автомобильдің салонын салқындату;
с) қысқы кезеңде оталдыруды жеңілдету;
д) қозғалтқышты жылыту;
е) қозғалтқышты салқындату.

18. Амортизатордың атқаратын қызметі қандай?


а) қаңқаның беріктігін төмендету;
ә) қаңқаның беріктігін жоғарылату;
с) тербелістерді басу;
д) жүріс бөлігін бекіту;
е) қаңқаға күштің әсерін жеткізу.

19. Газ тарату механизмінің атқаратын қызметі қандай?


а) жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады;
ә) ауа немесе жанғыш қоспаны керек мезетте цилиндрлерге енгізіп, пайдаланылған газдарды
шығарады;
с) цилиндрлердегі тактілердің өту тәртібін қамтамасыз етеді;
д) клапандарды уақытында ашып тұру;
е) цилиндрлердегі жұмыс циклының өту тәртібін қамтамасыз етеді.

20. Күн сайынғы техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?


а) техникалық қызмет көрсету №2- ден кейін;
ә) жұмыс уақыты басталар алдында;
с) техникалық қызмет көрсету №3- ден кейін;
д) жұмыстың аяғында;
е) жұмыс уақыты басталар алдында және жұмыс уақытында.

21. ГАЗ- 53А автомобильінде қозғалтқыштың қай түрі орнатылады?


а) ЯМЗ- 240
ә) Д- 240
с) ЗМЗ-53
д) А- 41
е) Д- 144

22. Автомобильдер қолданылуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?


а) жүк, жолаушы және арнаулы;
ә) жүк, жеңіл және арнаулы;
с) жеңіл;
д) жүк және арнаулы;
е) арнаулы.

23. Автомобильдің ток көзі?


а) катушка;
ә) контактылы реле- реттеуіш;
с) шоғырлағыш батареяда;
д) генератор және аккумулятор;
е) аккумуляторда.

24. Автомобильдің электр жабдықтары жүйесінде аккумулятор батареясының қай түрі


қолданылады?
а) сілтілі;
ә) қышқылды- қорғасынды;
с) күкірт қышқылды;
д) темір, никельді;
е) қорғасынды сілтілі.

25. Автомобиль аспасында серіппегіштің рамаға соғылмауы үшін қандай жабдық болады?


а) резеңке;
ә) басқарушы тартпа;
с) синхронизатор;
д) резеңкелі буфер;
е) амортизаторлар - бәсеңдеткіштер.

26. Автомобильдер қандай уақытта жарамды деп саналады?


а) жөндеу талап етілмесе;
ә) отын шығысы нормаларға сәйкес келсе;
с) майдың төменгі шығысы болса;
д) нормативтік- техникалық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келсе;
е) пайдалануға жарамды болса.

27. Мезгілдік техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?


а) 6 айдан кейін;
ә) 4 айдан кейін;
с) жылына 2 рет;
д) жылына;
е) жылына 1 рет.

28. Автомобильді пайдалану дегеніміз не?


а) жоспарлы;
ә) МТА-ның қамтылуы;
с) МТА-ның сақталуы;
д) тұтынушылық қасиетін жүзеге асыру процесі;
е) ақаусыз күйін ұстау процесі.

29. Автомобильдерді сақтау кезінде қандай талаптар орындалуы тиіс?


а) шығуға әрқашан дайын болу;
ә) жеделдетпе қауіпсіздігі;
с) өртке қарсы қауіпсіздік;
д) қолайлы шығу;
е) техникалық жай-күйі.

30. Автомобильдің негізгі бөліктері?


а) шасси, рульді басқарғыш, қозғалтқыш;
ә) шина, тежеуіш;
с) қозғалтқыш, шасси, трансмиссия;
д) қозғалтқыш, жүріс бөлігі, қосымша жабдықтар;
е) астау, қозғалтқыш (двигатель), шасси.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет