Мамандығы: 0111000-"Негізгі орта білім беру" Тобы: Қт-ж-17 Тәжірибе жинақтау түрі: Жазғы лагерь Күні



Дата16.06.2020
өлшемі59,82 Kb.
#73702
Байланысты:
9-2
креативный коуч конкурс, СӨЖ Тарих ғылымының функциялары, СӨЖ Тарих ғылымының функциялары

Мамандығы: 0111000-"Негізгі орта білім беру"

Тобы: ҚТ-Ж-17

Тәжірибе жинақтау түрі: Жазғы лагерь

Күні: 09.06.2020ж

Машықтанушы: Жамбыл Аружан


  • Онлайн режимде лагерьдегі балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерімен танысу. Жазғы мейрам жүйелерімен танысу.



Негізгі әдебиеттерге сілтеме:


  1. https://yandex.kz/video/preview/?filmId=8111936138231035112&from=tabbar&parent-reqid=1591018585834527-1403512573678814890400296-production-app-host-vla-web-yp-216&text=Балалардың+тынығу+және+сауықтыру+орталығындағы+кешенді+ұйымдастырудың+сипаттамасы+

  2. https://kz.otyrar.kz/2019/07/balalardyң-zhazғy-demalysyn-ұjymdastyru/

  3. https://yandex.kz/video/preview/?filmId=17584658414665740104&from=tabbar&parent-reqid=1591094026536784-826147173304576799000241-production-app-host-man-web-yp-201&text=Балаларға+арналған+іс-шаралардың+жоспарын+жасаудың+әдістемесі



«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады… Нәресте анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам – бұлар тән құмары, екіншісі – білсем деген, не көрсе, соған талпынып… көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді – мұның бәрі жан құмары… мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім…» Абай.

Адамдарың қорқақ және өжет болуы тек ертегілерде кездеседі. Шындығына келгенде, әрбір адамның бойында қарама-қарсы сезім өмір бойы күресіп жатады. Мысалы, адалдық пен жалғандық, қызғаншақтық пен мейірімділік, жалқаулық пен еңбексүйгіштік, және т.б.

Адам өміріндегі барлық жайттар мінезімен ұштасып жатады. Әр адам өзінің бойында қалыптасқан мінезі арқылы өмірін қалыптастырады. Ал, сол мінез дегеніміздің өзі бөлек бір тақырыпты қозғайды. Бұл – өте күрделі, әліде толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деді: « Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние» 

Жақсы мінез өміріңнің сарқылмас бір байлығы,

Жүректерге шуақ төгер мінездерінің жайлылығы.

Жан әлемін байқататын мінез- адам байлығы,

Өмірменен шалқып ағар бойда мінез арнасы.

«Адамның басына қонған бақытының тұрақты болуы жақсы мінез –құлыққа байланысты» деп Әл-Фараби айтқан.

Мінез – адам бойындағы көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешіліктердің қосындысы. Адамды әр қырынан танытатын – қасиет болғандықтан, адам бойында жақсы қасиеттермен бірге жағымсыз мінездерде болады. Кей адамдар: «Менің туғалы мінезім осындай, бұл мінезімді енді өзгерте алмаймын» – деп теріс пікірлер айтып жатады. Ал, шындығына келгенде, мінез өзгермейтін тума қасиет емес.

Мінез – белгілі бір адамға тән  мінез-құлықтың өзгерісімен, адамдарға, жұмысқа т.б. деген қарым-қатынасымен сипатталатын жеке адамның қалыптасқан ерекшеліктері.

«Жаман  мінез-құлық  рухани  кесел». Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданылатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек. Адамның  белгілі  бір  мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында  бір  мінез — құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына  себепші  болатын нәрсе әдет болады, ал әдеп деп, мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі ұзақ уақыт қайталануын айтамын. Жақсы мінез-құлықтың өзі де әдет арқылы келетін болғандықтан, біз әдеттене келе біздің  жақсы мінез-құлқымызды тудыратын және сондай-ақ оңбаған мінез-құлқымызды тудыратын нәрселерді де әңгіме етуіміз керек Әр  адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

2.

Мазмұны



Алғы сөз
Жаз айларында оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары
Қазақстандық елжандылық тәрбиесі - Ынтымақ пен достық кепілі
Әдеби-музыкалық қонақ үй
Өлең – жырлар
Ұлттық спорт, өнер, білім
Пайдаланған әдебиеттер

Алғы сөз
Қазақ халқы - талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.


Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой-санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған,ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі – құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке-шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.
Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жүргізілетін тәрбиелік шаралары үшін ұсынылып отырған әдістемелік жинағымның септігі тиер деген ойдамын.

Жаз айларында оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:


- балалардың жас ерекшелігін;
- психологиялық ерекшелігін;
- денсаулығын;
- ұлттық ерекшелігін;
- аймақтық ерекшелігін;
- діл (менталитетті) ерекшелігін;
- жыныстық ерекшелігін;
- қабілет - мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.

Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:

- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;
- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруге;
- азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыруға;
- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші - ұстаздың басты міндеті.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде оны орындау және түзетуді бақылау – жоспардың нақтылығы.

Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:
- лагерь орналасқан жердің, елдің даму перспективасы;
- қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары;
- лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық жоспарынан;
- лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға қойылады;

Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл:

- ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;
- лагердің дәстүрлігі;
- лагердің профилдері (жас тілшілер, туристер, спортшылар т.б.);
- мұғалім - ұйымдастырушылардың жеке қызығушылықтары;
- тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;
- лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.

Жазғы мектеп лагеріндегі тәрбиешілер жұмысты ұйымдастырудың төмендегіше ретін ескеруге міндетті:


а) күнделікті жоспарды құру;
ә) топтың күнделігін жүргізу;
б) ұйқыдан тұрғанға дейінгі 15-20 минуттық тәрбиешілер лездемесіне қатысу.

Топ аттары, ұрандары


Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшеліктеріне сай іріктеліп алынады.

Топтардың аттары «Жұлдызша», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Жалын», «Қыран», «Болашақ», «Мұрагер», «Балдәурен», «Жас толқын» т.б. деп атауға болады.

Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары:

- Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,


Өнегелі ұл-қызбыз.

- «Балдырғанбыз»- балдаймыз,


Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық - думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз. 3
- «Ақ көгершін»- бейбітшілік ұланбыз,
- Жақсылық, жақсы үнге ұранбыз. т.б.с.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет