Мамандығы: 1201000 – Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану Біліктілігі



бет9/15
Дата08.09.2017
өлшемі3,39 Mb.
#30293
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15



Ескерту:ЖБП– Жалпы білім беретін пәндер; ЖГП– Жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП - Әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – Жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП –білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу оқыту формасына, мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқаларға байланысты өзгертіледі.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№______бұйрығына 220-қосымша


«1201000 – Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы

бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклы және кәсіптік практика бойынша білім бағдарламасының мазмұны (белгіленген деңгей, жоғарылатылған деңгей)


Цикл белгілері

Пәндердің, практиканың негізгі тараулары және атаулары

Білімдерін, істерін және машықтарын қалыптастыру

Қалыптасты-рылған құзыреттердің коды

ЖБП. 00

Жалпы білім беру пәндері

ЖГП. 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП.01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі:

Қазақ (орыс) тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша терминология. Кәсіби бағдарлы мәтіндерді аударудың (сөздікпен) техникасы. Кәсіби қарым -қатынас.



Білімдер:- қазақ (орыс) тілінің синтаксисін;

-кәсіби қатынасты;



Іскерліктер: -мамандық бойынша терминологияны пайдалануды;

- кәсіби бағдарлы мәтіндердің (сөздікпен) техникалық аударуын пайдалануды.



БҚ 1-7

КҚ 2.4.2


КҚ 2.4.3


ЖГП.02

Кәсіби шет тілі:

Мамандық бойынша терминология. Кәсіби бағдарлы мәтіндерді (сөздікпен) аударудың техникасы. Кәсіби қарым – қатынас.



Білімдер:- кәсіби қатынасты;

- негізгі сөздер мен терминдерді;



Іскерліктер: - мамандық бойынша терминологияны пайдалануды;

-кәсіби бағдарлы мәтіндерді (сөздікпен) техникалық аударуын пайдалануды.



БҚ 1-7

ЖГП.03
Қазақстан тарихы:

Қазіргі әлемдегі Қазақстан Республикасының орны және ролі.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс. Аркаим – әлемдік өркениеттің ошағы. Орта ғасырлы Қазақстан. Қазақстан тарихындағы монгол кезеңі. ХҮІ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси тарихы. Патша үкіметінің Қазақстандағы құлдық саясаты. Қазақстан ХХ ғасырдың басында, азаматтық қарама – қарсылық кезеніңде. Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан. Ұлттық – азаттық қозғалыс. Ақпан төңкерісі және патша үкіметін құлату. Қазан төңкерісі, азаматтық соғыс және шетелдік интервенция. Кеңес үкіметінің орнатылуы және оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Казармалық социализмінің құрылуы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. Индустрияландыру және күшпен коллективтендіру және оның қазақ халқы үшін зардаптары. Ауыл шаруашылығын Сталин – Голощекиндік қайта құру моделі. Қазақстандағы шаруалардың көтерілісі. Саяси куғын – сургін. Екінші дүниежүзілік соғыс басталуға дейінгі Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық жағдай. Ұлы Отан соғысы және фашизмді жеңудегі Қазақстанның үлесі. Соғыстан кейінгі кезең және халық шаруашылықты қалыпына келтіру. Тың көтеру. Республиканың дамуындағы интенсификация. Саяси қарама – қарсылықтар (1969, 1979, 1986 ж.ж) Қайта құру кезеңі. Қазқстан – егеменді тәуелсіз мемлекет.

Білімдер:- Қазақстан тарихын;

- қазақ халқының даму жолын;

- көшпенділер өркениетінің пайда болуын;

- Ұлы Жібек жолының дамуы мен оның тарихи маңызын;

- Қазақстанның Ресей құрамына енуін;

- XVII-XVIII ғасырларындағы жоңғар жапқыншылықтарына қарсы ұлт – азаттық күресін;

- XX ғасырдың 20-80 жылдардағы көтерілістері мен қозғалыстарын, қарсы тұруларын;

- XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдениетін;

- қазақтардың әлемдік құрылтайын;

- 1986 жылдағы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларын;

- тамыз бүліктері мен оның құлауын;

- ҚР – ның Мемлекеттік тәуелсіздігін;



Іскерліктер: - қысқаша тарихи – археологиялық әңгіме құруды;

- көшпенділердің мал шаруашылығының пайда болу себептерін ашуды;

- алғашқы мемлекеттік бірлестігін сипаттай алуды;

- қоныс аудару саясатының басты мақсаттарын анықтай алуды;

- көтерілістің жеңіп шығу себептеріне талдай жасай алу;

- ЖЭС – тың, ұжымдастырудың мәнісін ашуды;

- 20 – 30 жылдардағы этнодемографиялық жағдайларды. Репрессиялар мен жер аударуларды;

- картамен жұмыс жасай білуді;

- қазақ диаспораларының пайда болуының себептерін ашуды

- Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі кезеңдердегі Қазақстанның рөлінің қандай болғанын ашу.



БҚ 1-7

ЖГП.04

Дене тәрбиесі:

Маманды дайындаудағы дене тәрбиесінің ролі, оның салауатты өмір салтындағы маңызы. Дене тәрбиесінің әлеуметтік – биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Өзін – өзі жетілдірудің денелік және спорттық негіздері. Кәсіби –қолданбалы дене дайындығы.



Білімдер:-дене тәрбиесінің әлеуметтік – биологиялық және психикалық – физиологиялық негіздерін;

Іскерліктер:

-дене тәрбиесінің салауатты өмір салтын қалыптастыруды;

-өзін – өзі денелік және спорттық жетілдіруді.


БҚ 1-7

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ӘЭП.01

Мәдениеттану:


Мәдениеттің мәні мен маңызы: мәдениеттанудағы негізгі мектептер, концепциялар мен бағыттар, дүниежүзідік және ұлттық мәдениетінің тарихы. Дүниежүзілік және ұлттық мұраны сақтау. Жергілікті өлкетану мен мәдени мұраны пайдалану.

Білімдер:- мәдениет мәселелерін ұғындырудағы негізгі концепциялар мен бағыттарды;

- әр түрлі мәдениеттердің қазіргі өркениетке қосқан жалпы үлесі мен ерекшеліктерін.



БҚ 1-7

ӘЭП.02

Философия негіздері:


Философия пәні, әлемдік философиялық ойдың негізгі кезеңдері. Адам табиғаты және оның қалыптасу ойлары. Адам және Құдай. Адам және ғарыш. Адам, қоғам, өркениет, мәдениет. Жеке бостандық және жауапкершілік. Адам тану және қызметі. Ғылым және оның рөлі. Адамзат алдындағы көкейтесті мәселелері.

Білімдер:- адам өмірінің мәні, дүние жүзінің діни, ғылыми мен философиялық көріністері туралы түсінікті;

- ғылым мен ғылыми танудың рөлі, оның құрылымы, түрлері мен әдістері, әлеуметтік және этикалық проблемалары туралы түсінікті;



Іскерліктер: - рухани және бітімдік, әлеуметтік және биологиялық бастауында адам мінез-құлығын, оның санасының маңызын, саналы мен санасыз мінез-құлығын анықтауды;

- қоғамдағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының адамгершілік нормаларын реттеуді.



БҚ 1-7

ӘЭП.03

Экономика негіздері:


Мақсаттары, негізгі ұғымдары, функциялары, мәні, қағидаттары.

Меншік түрлері мен нысандары, меншікті басқару. Жоспар түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлау. Жоспарларды экономикалық негіздеу мен болжауларды әзірлеудің әдістері. Бизнес-жоспарлау. Экономикалық талдау. Халықтық тұтыну тауарлары мен қызметтері рыногінің жағдайын талдау. Нарықтық инфрақұрылым.



Білімдер:- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;

- шет елдердегі және еліміздегі экономикалық жағдайларды;

- макро және микроэкономика негіздерін, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы;

Іскерліктер:

- өзінің кәсіби қызметінде бағдарлау үшін қажетті экономикалық ақпаратты табу мен қолдануды.



БҚ 1-7

КҚ 1.1.3


КҚ2.3.5

КҚ 2.5.3


КҚ 2.5.4


ӘЭП.04

Әлеуметтану және саясаттану негіздері:

Әлеуметтану ғылым ретінде. Қоғам-әлеуметтік мәдени жүйе ретінде. Әлеуметтік ортақтық. Әлеуметтік және этникалық ұлттық қатынастар. Әлеуметтік процесстер, әлеуметтік институтар мен ұйымдар. Жеке тұлға: оның әлеуметтік рөлдері мен әлеуметтік тәртібі. Саясаттану пәні. Саяси билік пен билік қарым- қатынастар. Саяси жүйе. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси үдерістер.

Экономика негіздері: экономика және оның негізгі проблемалары.


Білімдер:

- заңды түсінудегі әлеуметтік тұғыр туралы түсінікті;

-әлеуметтік әрекеттену, әлеуметтік жіктелу, әлеуметтік құрылым туралы түсінікті;

-реттегіш формаларды, түлғаны әлеуметтендіру процессінің ерекшеліктерін;



Іскерліктер: -әлеуметтік қозғалысты және әлеуметтік өзгеру мен даму факторларын дамытуды;

- биліктің маңыздылығын, саясаттың субъектілерін, саяси қатынастар мен үдерістерді (Қазақстанда және жалпы дүние жүзінде) аңыктауды;

-саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы түсініктерді жасауды.


БҚ 1-7

ӘЭП.05

Құқық негіздері:

Құқық ұғымы, жүйесі, кайнар көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқық жүйесінің ядросы. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы. Жеке тұлға, құқық, құқықты мемлекет. Заң жауапкершілігі және оның түрлері. Негізгі құқық салалары. Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары.



Білімдер:-азаматтар мен адамдардың бостандығы және құқығын, оларды іске асыру тетіктерін;

-кәсіби қызмет саласында құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларды;



Іскерліктер: - маманның кәсіби қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжатты қолдана білуді.

БҚ 1-7

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Өндірісті автоматтандыру және ақпараттар негіздірі:

Ақпарат. Ақпараттарды кодтау. Есептеу жүйелері. Бір жүйеден екінші жүйеге аудару. Формальды математикалық логика. Модельдеу. Операциялық жүйелердің түрлері WORD процесірі, EXCEL кестелері. Алгоритімді түсіну. Түсінудің әдістері мен қасиеттері. Жоспарлау. Графикалық жоспарлар.



Білімдер:

- оқытудың жаңа ақпараттық технологиялардың маңызын білуге,

-маманның компьютерлік сауаттылығын арттыруға;

-операциялық жүйелерге бастапқы мәліметтерін білуді;

-командалардың еңгізілуін және орындалуын білуге;

-жоспарлардың тілдері мен типтеріндегі, каталықтарындағы және т.б. бастапқы мәлеметтерді білуге;

-өндірісті автоматтандыруда, микропроцессерлі техникаларды пайдалануды іске асыруға.

Іскерліктер:

- бағдарламаларды жасап оларды компьютерлерде іске асыру.



БҚ 2

КҚ 2.2.1


КҚ 2.2.2

КҚ 2.2.4


КҚ 2.2.5

КҚ 2.4.1


КҚ 2.4.2

КҚ 2.4.3


КҚ 2.4.4

КҚ 2.6.4



ЖКП 02

Материалтану:

Машина материалдары бойынша негізгі түсініктер; Металдар мен олардың құймалары жайында негізгі түсініктер; Темір, көміртекті құймалар; Шойын мен болатты жылумен өңдеу; Түрлі – түсті металдар мен қорытпалары; Мыс және оның қорытпалары; Алюминий және оның қорытпалары;

Қалайы, қорғасын, мыпрыш, дәнекерлер; балқытуға, пісіруге және металдарды кеуге арналған материалдар; металдарды коррозиядан сақтау; құбырлар және қосынды (фасонды) бөлшектер; антифрикциялық материалдар; метал емес материалдар; пластмассалар;резеңке материалдар; түрпілі (абразивті) материалдар; сұйық отыннын, майлайтын материалдардың және арнаулы сұйықтықтардың мағынасы, түрлері, алынуы және пайдалануы.


Білімдер:

-материалдардың физикалық, химиялық және технологиялық қасиеттері мен сапасын білуге;

-олардың негізгі қолдануларының арасындағы заңдылықтары мен қасиетін жүйелеуге;

-оларды өңдеумен қолдану әдістерін білуге;

-металдарды дәнекерлеу мен пісірудің негізгі мағлұматтарын білуге.

Іскерліктер:

Металдармен, құймалардың қасиеттерімен сапасын айыру, болатпен шойынды жылумен өңдеу, түрлі –түсті металдармен және құймалармен жұмыс істеу, коррозияға қарсы шараларды өткізу, түрпілі (абразивті), пластмассалы, техникалық резеңке бұйымдарымен жұмыс істеу, майлау материалда-рымен және арнайы сұйықтықта-рымен жұмыс істеу.



БҚ 1-7

КҚ 1.1.6


КҚ 2.3.2

КҚ 2.3.4


КҚ 2.3.6

КҚ 2.4.5


КҚ 2.5.1

КҚ 2.6.3


КҚ 2.7.2

КҚ 2.7.3


КҚ 2.7.4

КҚ 2.7.6


КҚ 2.8.4

КҚ 2.9.4


КҚ 2.9.5


ЖКП 03

Қоршаған орта мен еңбекті қорғау:

Еңбек заңнамасы туралы жалпы мәліметтер; кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша жасау және жұмысты ұйымдастыру; еңбек жағдайын талдау, кәсіби сырқат пен жарақаттану себептері, олардын алдын –алу жөніндегі іс –шаралар; өңдірістегі электр қауіпсіздігі, технологиялық процесстердің қауіпсіздігі; өндірістік санитария; өрт қауіпсіздігінің негіздері, өрт сөндірудің техникалық құралдары; өндірістегі өнеркәсіптік экология.



Білімдер:

-кәсіптік қызмет саласында еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің ерекшеліктерін білуге;

-кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың құқықтық және нормативтік ұйымдастыру негіздерін білуге;

- кәсіпорындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру негіздерін білуге.



Іскерліктер:

Кәсіптік қызмет саласында жарақаттануға қауіпті және зиянды факторлардың талдауын жүргізу; ҚР еңбек туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды ресімдеу; экобиоқорғай-тын және өртке қауіпсіздік техникасын пайдалану.



БҚ 1-7

КҚ 1.1.1


КҚ 1.1.2

КҚ 1.1.3


КҚ 1.1.5

КҚ 1.1.6


КҚ 2.3.5

КҚ 2.5.1


КҚ 2.5.2

КҚ 2.5.3


КҚ 2.5.4

КҚ 2.5.6


КҚ 2.6.6

КҚ 2.7.1


КҚ 2.9.2

КҚ 2.9.5


ЖКП 04

Техникалық сызу:

Сызуларға қойылатын талаптар; масштабтар;

жазулары; белгіленуі; жобалаудың негізгі әдістері; сызба геометриясының негіздері; жобалауды өңдеу тәсілдері; бөлшектерді, қосындыларды, жинақтау сызбалардың орындаудың ережелері; жинама сызбаларды жеңілдету, оқу, сызбаларды бөлшектеу; құрылыс сызбаларының элементтері; машина жасау сызбаларының элементтері.


Білімдер:-жазықтықта әр-түрлі денелерімен олардың элементтерін бейнелеудің теориялық әдістерін білуге;

-қабылдаған симаволиканы қолданып, техникалық сызбалардың тәсілдерін білуге;

-конструкторлық құжатттардың біріккен жүйесін білуге;

-техникалық сызбаларының толтыру ережелерін білуге;

-техникалық бөлшектерінің контурларын сызу тәсілдерін білуге;

-жобалаудың жалпы мағлуматтарын білуге.



Іскерліктер: Сызудың көмегі арқылы машиналардың, апараттардың, құралдардың, құрылымдардың кескін бейнесін жасау; жинама сызбаларымен нобайларды оқып білу; геометриялық орналасуларды орындау, сызбаларды толтырғанда стандартты пайдалану; бөлшектердің, эскиздердің, кескіндердің, қималардың сызбалары мен техникалық суреттерін салуды орындау.

КҚ 2.6.3


ЖКП 05

Электротехника:

Электрлі және магнитті желі; тұрақты тоқтың электронды торы; айнымалы тоқтың электронды торы; электр құрылғы; электрлі аспаптар мен құрылғылар; электроөлшеуіш құрылғылар және оларды қолдану; трансфоматорлар; электронды машиналар, оның құрылымы; электростанциялар, жүйелер және электронды қамтамасыз ету; электр беріліс және электроавтоматика.




Білімдер:- электронды машина жасауда өлшемдер еңгізу және техникалық мақсаттар үшін физиканың заңдарын білуге;

- электронды және ионды басқару мен қорғау құралдарын жасауда еңгізу және техникалық мақсаттар үшін физиканың заңдарын білуге;

- электрөлшеуіш құрылғылар жасауда еңгізу және техникалық мақсаттар үшін физиканың заңдарын білуге;

- электр энергиясын алу жолдарын білуге;

- электр энергиясын қайта құру жолдарын білуге;

- электр энергиясын беру жолдарын білуге;

- электр энергиясын бөлу және қолдану жолдарын білуге;

-үш фазалы айнымалы токты және оған тұтынушыларды қосуын білуге;

- автоматика жүйесінде қолданылатын айнымалы және тұрақты тоқпен істейтін электронды машиналарды білуге;

-іске қосу және қорғау аппаратураларын білуге;

- қарапайым электронды құрылғыларды білуге.

Іскерліктер:

Қарапайым электқозғалғыш-тардың басқару кестесін құрастыру; торға трансформатор-лар мен электрқозғал-ғыштарды қосу; қозғалғыштардың айналу бағытын қолдану; технологиялық құрылғыларға электрқозғалғыштарды талдау.



БҚ 2,5,6

КҚ 2.5.2


КҚ 2.5.3

КҚ 2.5.4


КҚ 2.5.5

КҚ 2.5.6


КҚ 2.9.1

КҚ 2.9.2


КҚ 2.9.3


ЖКП 06

Стандарттау негіздері мен метрология:

Стандартизацияның әдістері; стандартизацияның принциптері; қолданыстағы стандарттар; ҚКБС; қондырылуы мен дәлдік шегінің типтік қосылыстарындағы өлшемдер; олардың сызбада белгіленуі; бедерінің қондырылуы; типтік қосылыстардағы ажарлануының орналасуы; көптеген бөлшектердің өлшену әдіс –тәсілдері;




Білімдер:- стандартизацияның әдістерін білуге;

- стандартизацияның принциптерін білуге;

- өнімнің сапасын қамтамасыз ете білуге;

-мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі нұсқауларын білуге;

-автокөліктің сапалы басқару жүйесін білуге;

-техникалық өлшеудің әдіс – тәсілдерін білуге;

- өлшеудің әдіс – тәсілдерін, білуге;

- өлшеу құралдарын дұрыс қолдана білуге;

-заң талаптарын бұзудағы жауапкершілік туралы білуге.

- өнімнің сапасын сапалауын білуге;

- әдіс – тәсілдерін жасанды түрде сапалауын білуге.

Іскерліктер: Мемлекеттік стандарт жүйесінде нормативтік –техникалық құжаттарды қолдануды талдау; қондырылуы талдау; дәлдік шегін талдау; ажарлануды талдау; дайындалған бөлшектердің жұмыс сызбаларында дұрыс белгілеу; бақылаудың жетілдірілген құрал түрлерімен өлшеуді; бөлшектің негізгі өлшемдерін есептеуді.


БҚ 1-7

КҚ 3.3.4



ЖКП 07

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу:

Кәсіби қарым – қатынас; қазақ (орыс) тілінде іс жүргізу; құжаттар, олардың мәні мен құжаттау тәсілдері; құжаттар құрылымы; құжаттарды жинау және сақтау; іс жүргізу технологиясы мен ұйымдастырылуы; істерді қалыптастыру мен ұйымдастырудың тәртібі; офистік және құжаттама жұмысының негіздері.



Білімдер:-құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптарды білуге;

-қызметтік хатты құру әдісін білуге;

-құжаттардың орналасу мен жіктелуін білуге.

Іскерліктер: Мемлекеттік тілде іс қағаздарының үлгілерін рәсімдей білу; мемлекеттік тілде іс қағаздарының үлгілерін құру.


БҚ 1-6

КҚ 2.4.2



ЖКП 08

Сауда экономиканың негізі:

Экономика және оның проблемалары; микро – макроэкономика; ресурстар; кәсіпорынның экономикалық қызмет негізі; антимонопольді реттеу; ел экономикасының структурасы; финанстар; несиелік процесстер; жұмыссыздық; экономикалық өсудің проблемалары; қазақстандық экономиканың проблемалары; әлемдік өнімдер тауары, қызмет,

валюта; бизнес негізі.


Білімдер:-экономиканың заңдарын білуге, олардың белгілі жағдайларда қолдануын істей білуге;

-сауда бағасының орнатылу механизмін білуге;

-арнайы экономикалық проблемаларды реттеуді білуге;

-несиелік жүйесін білуге;

-салық жүйесін білуге;

-экономикалық өсудегі проблемаларды білуге.



Іскерліктер: Экономикалық заңдарды іс жүзінде қолдану; кәсіпорынның экономикалық жүйесін анықтау.

БҚ 1-5

КҚ 1.1.3


КҚ 2.2.4

КҚ 2.4.2


КҚ 2.4.3

КҚ 2.4.4



ЖКП 09

Кәсіптік этика және психология:

Этика мораль туралы ғылым. Жоғарғы моральдық құндылық. Адамнын негізгі моральды қасиеттері. Психология пәні және мақсаттары. Жеке психологиялық ерекшеліктері. Коллективтегі жеке тұлға. Жеке тұлға және мамандықты таңдау. Қабылдау және сезіну. Жады және ықылас. Ойлау қабілеттігі және елестеу. Сезім және ерік. Тұлғалар қатынасы. Іштік және сыртқы конфликт. Конфликтен шығу жолдары. Менің даралық қабілетім. Отбасыл конфликтері.



Білімдер:-этиканы және моралды;

-жоғарғы моральды құндылықтарды;

-адамнын негізгі моральды сапасын;

-психология мақсаттарын;

-адамнын жеке психологиялық негіздерін;

-тұлға қатынастары туралы.



Іскерліктер: -коллективте жеке тұлға болу;

-жеке тұлға ретінде мамандықты таңдай білу;

-қабылдау және сезіну қабілеттіктерін артыруын;

-жады және ықылас қабілеттіктерін арттыруын;

-ойлау және елестеу қабілеттігін арттыруын;

-ішкі және сыртқы конфликтерін ескеруін;

-конфликтердең шығу әдістерін таңдауын;

-даралы болуын.



БҚ 1-5

КҚ 1.1.3


КҚ 2.2.4

КҚ 2.4.2


КҚ 2.4.3

КҚ 2.4.4



АП. 00

Арнайы пәндер

Біліктілік: 1201011 – Жүргізуші

АП.01

Автомобильдердің құрылымы:

Автокөліктің жылжымалы құрамы. Автокөлік жылжымалы құрамының классификациясы, негізгі типтегі автомобильдердің құрылымы, жетекші автомобиль жасаушы фирмалар шығарған автомобильдердің ерекшеліктері.

Кіріспе. Автокөліктің мағынасы және ролі. Классификациясы және индексациялануы. Автомобильдің жалпы құрылысы. Қозғалтқыш. Іштен жану қозғалтқыштың жалпы құрылысы және жұмыс процесстері. Қосиінді бұлғақты механизм. Газтарату механизмі. Салқындату жүйесі. Майлау жүйесі. Қоректендіру жүйесі. Электржабдықтар. Электротехника бойынша негізгі мәлеметтер. Ток көздері. Тұтандыру жүйесі. Оталдыру жүйесі. Бақылау және өлшеу құралдары. Қосымша электрқозғалтқыштар жабдықтары. Жарықтандыру жүйесі. Жарық және дабыл беру сигнализациясы. Электржабдықтардың жалпы сұлбасы. Трансмиссия. Трансмиссия жалпы сүлбасы. Ілініс. Беріліс қорабы. Үлестірүші қорабы. Құат беру қорабы. Кардан берілістері. Жетекші белдіктері. Тасымалдау жүйесі. Басқару механизмі. Руль басқаруы. Тежеуіш жүйесі. Шанақ. Қосымша жабдықтар. Еңбек қауіпсіздігі.


Білімдер:

-автомобильдің негізгі бөлшектерін білуге;

-автомобильдің негізгі агрегаттарын білуге;

-автомобиль құрылымының жұмыс істеу принциптерін білуге;

- автомобильдің классификациясын білуге;

-әр – түрлі жылжымалы құрамының қажеттілігін білуге;

-автомобильдерді сақтау түрлерін білуге.

Іскерліктер:

Автомобильдердің ақауларын анықтауды; әртүрлі пайдалану көрсеткіштері жұмысын ажырата білу.



БҚ 5-7

КҚ 1.1.5


КҚ 1.1.6


Каталог: images -> ebiblateka -> 1kaz
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет