Мамандығы: 6В05303 Физика және астрономия Орындаған


Дамыта оқыту арқылы физика пәніне оқушының қызығушылығын арттыру



бет9/12
Дата08.02.2022
өлшемі71,22 Kb.
#98082
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Курсовая готовая

Дамыта оқыту арқылы физика пәніне оқушының қызығушылығын арттыру
Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады. Қазіргі кезде оқушылардың білімге деген зейіндерін арттыру үшін көптеген жұмыстар ұйымдастырылады.
Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан, физика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрлерін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек.
Мен физика сабақтарында оқушылардың білім деңгейлеріне қарай деңгейлеп дамыта оқыту әдісін қолданғанды жөн көремін. Өйткені, оқушы өзін қызықтыратын нәрселерге ғана көңіл аударады. Физика бұл өте күрделі пән, бұл пән математика, тарих, жаратылыстану пәндерімен тығыз байланысты. Оқушылардың әр тақырыпты меңгеруі әр түрлі деңгейде болады. Сол себепті жұптық, топтық жұмыс бұл пәнге сай келеді. Сабақта есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыруға болады. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының ынтасына да көңіл аударылады. Соңында жаңа материалды ғана емес, ненің ұнағандығын, қандай тәсілдердің қолайлығын да талқыға салып отыру керек. Кейбір кездерде ережелерді, тіпті терминдердің мағынасын үнемі талдап түсіндіріп отыру қажет, оның себебі физикалық терминдерді оқушылар үнемі естіп жүргенімен, өз ойларын түсіндіру кезінде жеткізе алмайды. Мысалы, диффузия – зат молекулаларының араласу құбылысы, деформация – қатты дененің өз пішінін өзгерту құбылысы, заряд – электр тогын тасымалдаушы бөлшек, температура – дененің жылулық дәрежесі т.б.
Оқу үрдісінде оқушыларға бұрын өткенді қайталай отыра, сол материалды үнемі жаңалап отырып, басқа қырынан көрсете білу керек. Өйткені бір айтқанды қайталай берген оқушыларды жалықтырып жібереді. Әрине оқушыны қызықтыру үшін, алдымен мұғалім өз пәнін сүюі қажет. Ал қызығушылық танытқаннан кейін, оны өшіріп алмаудың келесідей амалдарын келтіруге болады: физикалық практикум, салыстырулар, қарама-қайшылықтар, оқытудың әр түрлі тәсілдері, қызықты тәжірибелер, көрнекі түрде ұйымдастырылған жалпылама зертханалық зерттеулер, ойындар (ойын элементтері кірістірілген сабақтар), жарыстар т.б.
Дамыта оқыту әдісінің тиімділігі – оқушыларды жүйелілікке, ұйымшылдыққа, байқампаздыққа, оқыған затты талдай білуге, салыстыру жасауға, негізгіні аша білуге, жинақтап қорытынды жасауға дағдыландырып, білімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Деңгейді саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға әкеледі. Сонымен әр деңгейлік оқыту жүйесінің физика пәнінің сапасын арттырудың бірқатар тиімді жақтары бар. Біріншіден, топтағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады. Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады. Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар, тәртібі мен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін басқа да келесі түрдегідей тапсырмалар беруге болады. Мысалы, әртүрлі тақырыптарда реферат беру, жылдың әр маусымындағы физикалық құбылыстарды бақылап, өзінің ойларын жазу немесе кейбір заңдылықтарға сүйене отырып эксперименттер жасауды үйрету секілді. Мұндай тапсырмалар оқушы бойындағы қызығушылықтарды оятады және жауапкершілікке баулиды. Жауапкершілікті сезіне отырып оқушының ізденімпаздылығы, шығармашылығы дамиды.
Физикалық эксперименттік тапсырмаларды беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі.
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процесі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Тапсырма дұрыс ұйымдастырылса, оқушылардың сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. Берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың жұмыс дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады. Тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді. Физика пәнін күнделікті өмірмен байланыстырып, күнделікті кездесетін кейбір физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіне білуге, білімдерін дамытып, пайдалана білуге келесі түрдегі сапалық тапсырмалар пайдалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет