Мамандығы: «Электр энергетика» Оқу жылы



бет7/12
Дата27.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#150945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ИЭВ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС . ЭЭ
Дәріс 9. Этика. Құндылықтар философиясы, СӨЖ5 Гурбангелдийев Шатлык, 44
Жұмыстың мақсаты: электронды осциллографтың құрылысын оқып үйрену және электр тізбегінде айнымалы кернеудің параметрлерін электронды осциллографпен өлшеуде тәжірибелік шеберлікті жинақтау.


Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Техникалық сипаттау жазбасы бойынша осциллографтың алдыңғы панелінде орналасқан басқару органдарының тағайындалуымен, қосылуымен және бақылауымен танысу.


2. Осциллографты қосыңдар және осциллографтың алдыңғы панелінде орналасқан басқару органдарының тағайындалуын, қосылуын және бақылауын анықтаңдар.
3. Айнымалы кернеудің параметрлерін электронды осциллографты пайдалана отырып өлшеу. Айнымалы кернеудің параметрлерін өлшеу бойынша эксперименттің электрлік қосылу сұлбасы 8.1-суретте келтірілген.
3.1. Тізбекті жинаңдар (8.1-сурет)
3.2. Экспериментте пайдаланылатын «Сеть» блоктарының ауыстырып қосқыштары қосылып тұрғанына көз жеткізіңдер.
3.3. А1 кернеу генераторының арнайы формалы блогында «АМПЛИТУДА» тұтқасын мүмкіндігінше (тірелгенге дейін) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңдар (минималды шығыстық кернеу). А2 мультиметрінің ауыстырып қосқышын айнымалы кернеуді өлшеу диапазонына қойыңдар.
3.4. Арнайы формалы кернеу генераторының (блок А1) «ФОРМА» ауыстырып қосқышын синусоидалы кернеудің сәйкесті қалпына қойыңдар. «АМПЛИТУДА» және «ЧАСТОТА» реттеу тұтқаларымен қандай да бір туынды шаманы және генератордың шығысында синусоидалы сигналдың жиілігін анықтаңдар.



8.1-сурет.


3.5. Осциллографтың «ВОЛЬТ/ДЕЛ.», «ВРЕМЯ/ДЕЛ» және «УРОВЕНЬ» қалыптастыру тұтқаларымен осциллографтың экранында синусоидалы сигналдың 1…2 периодтарының қозғалыссыз кескінін алыңдар.


Вертикал бойынша сигналдың максималды сермелуін сигнал экраннан шығып кетпейтіндей етіп қойыңдар.
«ПЛАВНО» тұтқаларының (X және Y аймақтарында) екеуі де мүмкіндігінше (тірелгенге дейін) сағат тілінің бағытына бағыттас етіп («КАЛ.»қалпына) бұрылуы керек.
3.6. Осциллографтың экранындағы торды пайдалана отырып, миллиметрмен сигналдың минимумнан максимумға дейін толық сермелуін (сигналдың екіеселік амплитудасын) және сигналдың периодының ұзақтылығын өлшеңдер.
3.7. «ВОЛЬТ/ДЕЛ.» ауыстырып қосқышының қалпы бойынша сигналдың екіеселік амплитудасын , сигналдың амплитудасын және оның әсерлік (әрекеттік) мәнін есептеңдер.
«ВОЛЬТ/ДЕЛ.» ауыстырып қосқышы бойынша анықталған сезгіштік осциллограф экранындағы шкаланың ең үлкен бөлігіне сәйкес, яғни 5 мм тең.
Есептеу формулалары:


= =

3.8. Сигналдың периоды Т мен жиілігін есептеңдер. Х ( ) осі бойынша кескіннің масштабын «ВРЕМЯ/ДЕЛ» ауыстырып қосқышының қалпы бойынша анықтаңдар. Ауыстырып қосқышының қалпы бойынша анықталған масштаб шкаланың 1 үлкен бөлігіне сәйкес, яғни 5 мм.


Есептеу формулалары:


= =

3.9. Сигнал жиілігінің анықталған шамасы мен А2 мультиметрінің көрсетуінен алынған сигналдың кернеуінің әсерлік мәнін слыстырыңдар. Мультиметрде айнымалы кернеудің өлшеу шектігі мен сигнал жиілігінің өлшеу шектігін (ауыстырып қосқыштың қалпы - «Hz» шектіктерін) біртіндеп қою керек.


Өлшеу және есептеу нәтижелерін 8.1-кестеге енгізіңдер. Сигналдардың кернеуі мен жиілігін анықтау кезіндегі салыстырмалы қателікті келесі формулалар бойынша анықтаңдар:


, .

8.1-кесте.



Осциллографпен өлшенген

Мультиметрмен өлшенген

































мм

B/бөл

мм

мс/бөл

В

В

мс

кГц

В

кГц

%

%



































4. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңдар. ______________________________


_____________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет