Маргиналдылық – өз тобынан тыс жалпыға ортақ қабылданған ережелер мен түсініктерден басқа бірегейшілік нормаларын табу, өз тобына тән белгілерден айырыдып дүбәрәсіз күй кешу. Этнос



бет3/5
Дата24.04.2020
өлшемі17,93 Kb.
#64605
1   2   3   4   5
Байланысты:
мб2 алеуметтану

Ақпарат тиімділігі - Қол жеткізілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы байланыс. Көрсетілген сандық сипаттамалары бар қызметке қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін объектінің меншігі

Ақпараттың түрлері – сан, мәтін, графика, бейне, дыбыс, видео.

Прагматизм практикаға негізделген шындықтың және семантикалық маңыздылық өлшемі ретінде философиялық қозғалыс.

Нарықтық экономика - еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады.

Жұмыспен қамту – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш елдегі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің‚ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын шаруалардың‚ фермерлердің‚ елдегі мемлекет емес мекемелерде‚ саяси және әлеуметтік ұйымдарда жеке шаруашылықтар мен қожалықтарда‚ кооперативтерде жұмыс істеушілердің‚ жеке еңбек қызметімен айналысушылардың‚ әр түрлі оқу орындарында өндірістен қол үзіп оқитын жастардың‚ әскери қызметшілердің‚ т.б. жалпы санын сипаттайды. Негізгі жұмыс орны бойынша еңбек ететіндер саны – бастапқы Жұмыспен қамтылу‚ негізгі жұмыстан бос уақыттағы еңбекпен айналысушылар саны – қосалқы Жұмыспен қамтылу түрлеріне бөлінеді.

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.



Ұлт денсаулығытабысты болашақтың негізі, бақытты өмірдің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі еліміздің барлық аумағында сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Генофонд (ген және французша fond — жиынтығы) — бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлі гендердің саны мен құрамы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет