Марко поло саяхаттарының тарихи-географиялық маңызы


МАРКО ПОЛО САЯХАТТАРЫНЫҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі57 Kb.
#94210
1   2   3
Байланысты:
МАРКО ПОЛО САЯХАТТАРЫНЫҢ ТАРИХИ
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары, АЛИШЕР РОЗМАТ 12-АПТА 2-СҰРАҚ, АЛИШЕР РОЗМАТ 12-АПТА 2-СҰРАҚ, РОЗМАТ АЛИШЕР 1 АПТА женил денгей
МАРКО ПОЛО САЯХАТТАРЫНЫҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Нәлібаев К.Қ.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,
Шымкент қаласы
Kereke@mail.ru.

Марко Поло (1254-1324) – италиялық саяхатшы, 1271-1295 жылдары Орталық Азия мен Қытайда болып қайтқан. Ол Ханбалықтағы (Пекин, Бежин қаласының сол кездегі аталуы) барлық монғол-татарлардың ханы Құбылайдың талабы бойынша 17 жыл қызметінде болып, Қытайдың бүкіл аймақтары мен көршілес жатқан жерлерге сапар шеккен. Еуропалықтардан алғашқы болып, Алдынғы Азия, Орталық Азия және Кытайда туралы толық та, құнды деректер берген («Марко Полоның кітабы») [1].


Олай деуімізге де негіз бар. Себебі еуропалықтар Азиямен, соның ішінде ислам әлемімен күрделі саяси-діни қатынаста болуына байланысты («Крест жорықтары») Орталық Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Кытайда және Жапония туралы бұлыңғыр, қате мәліметтерге ие еді. Мысалы, еуропалықтарды Үндістанға баратын жаңа теңіз жолдарын іздеуге себебші болған: «Үндістанда өзенде судың орнында бал мен сүт ағады» - деген таң-ғажайып қате деректер еді.
Марко Поло саяхаттарының қазіргі кездегі көкейкесті мәселеге айналуының басты себептері мыналар болып келеді. Біріншіден, өкініштісі көптеген студенттер мен оқырмандардың, кейбір зиялы қауым өкілдерінің еуроцентрлік (европацентристік) көзқарасқа табын болып келуі. Екіншіден, география және тарих мамандығының студенттері және бұқаралық ақпарат құралдарында «Плано Карпини, Виллем Рубрук және Марко Поло - Қазақстанды зерттеген саяхатшы-ғалымдар» - деген қате түсінігі болып отыр. Оған дәлел энциклопедиялық шығармаларда былай делінеді: «Рубруквис, Рубрук (Рейсбрук, Виллем) де Вильгельм (1220-1293 жылдар шамасында) фламандық (орта ғасырларда Франция мен Бельгиядағы жасаған ұлыс) саяхатшы және монах (дін басы). Ол 1253-1255 жылдары Монғолияға саяхат жасаған, Константинопольда (Стамбул), Қырымда, Кавказда, Қарақорымда болған. Оның саяхаттары туралы еңбектері 1589 жылы жарияланған [2].
Сол себепті біз Марко Поло саяхаттарының тарихи-географиялық мазмұнын аша отырып, бұл саяхаттың ғылыми мәнінен бұрын, алғаш саяси-экономикалық мәнін ашуға назар аудардық . Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан сонау ХVІ ғасырға дейін өмір сүрген «Ұлы Жібек жолының» біздің заманымыздың VII-VIII ғасырларында Еуропаны шығыстың дәм-татымдық, жібек мата және тамаша зергерлік бұйымдарымен қамтамасыз етуінде дағдарыс кезеңі басталады. Бұған басты себеп Араб халифатының құрылуы мен оның бүкіл Азия саудасына тікелей монополия орнатуы болып келді. Келесі себеп Марко Поло саяхат жасайтын ХІІІ ғасырда дүниежүзілік саяси аренаға монғол-татар езгісі мен «Алтын Орда» билігі орнаған кезең болатын. Сол себепті Еуропа елдерінің королдары өздерінің Ислам әлеміне деген жаугершілік әректінде осы «Алтын Орда» және тағы басқа монғол хандарынан одақтас табуды мақсаты тұтты. Оған дәлел ретінде 1245 жылы Рим папасы IV Иннокентий мен француз королы, «Крест жорықтарына» қатысушы ІХ Людовиктің Плано Карпиниді және 1252 жылы Виллем Рубрукты Қарақорымға (монғол-татарлардың «Ұлы ханының» резденциясы осы аймақта болған) елшілік миссиясымен жіберілуі болып табылады [3].
Марко Поло 1254 жылы Италияның Венеция қаласында оқымысты да, саяхатшы Николай Поло отбасында дүниеге келді. 1269 жылы әкесі мен ағасы Матвей Марко Полоның алғашқы тырнақ алды Константинопольға саяхатында бірге болып, ұстаздық еткен еді [4].
1271 жылы Марко Поло өзінің шығысқа саяхатын бастайды. Оның саяхаты қазіргі Туркия, Армения, Грузия, Ирак, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан жерлері арқылы өтіп, Қытайға Пекинге жеткен.
Марко Полоның Еуразияның Азиялық бөлігінде алғаш аяғы тиген жер Туркия (ол Туркмения деп атаған) болды. Бұл ел жөнінде ол: «Туркменияда үш халық жасайды. Түріктер Мұхаммед (с.ғ.с) ұлық тұтып құрметтейді және шариғат заңдарымен жасайды. Олар таулар мен жазықтықтарда жасап, жайлымдарда мал шаруашлығымен шұғалданады. Бұл жерде жақсы жылқылар мен қашырлар өсіріледі.
Бұл жерде тағы армяндар мен гректер бар. Олар негізінде қала мен қалашықтарда өмір сүріп, сауда мен қолөнермен шұғылданады. Өте тамаша жұқа қызыл түсті кілемдер тоқылады. Бүкіл территориясы монғол-татарларға бағынышты болып келеді» - деп атап кеткен [3].
Осы дерекке негізделе отырып, орта ғасырлардағы Туркия жеріндегі қоныстану географиясы туралы толық қөзқарасқа ие боламыз. Әсіресе қазіргі кездегі Туркиядағы армян және грек диаспорасының қалай қалыптасқаны туралы түсінікке ие боламыз. Сонымен бірге бағзы заманнан Туркия қолөнермен, оның ішінде кілем тоқумен танымал болғанын және сол дәстүрдің қазірде жалғасып келе жатқанын білеміз.
Сондай деректердің бірінде Парсы мемлекетінің ірі қалаларының бірі болған – Балх туралы айтылады. Онда: «Балх қаласы ертеректе өте әдемі де, ірі қала болған. Бұл қала Парсы мемлекетінің шығыстағы ең шеткі нүктесі де болған. Онда кезінде зәулім мәрмәр сарайлар мен тамаша баулар болған. Мұнда Александр Македонский (шығыста Ескендір Зұлқарнайын) ІІІ Дарий патшаның қызына үйленген еді. Қала маңы жабайы табиғатқа ие болып, арыстанға дейін жасайды» - делінген [3].
Бұл деректерге сүйене отырып, біз кейбір тарих және география пәніне жаңалықтар мен толықтырулар табамыз. Біріншіден, тарихта айтылып жүрген Александр Македонский сақтар жеріне келгенде, ауқатты топты өзіне бағындыру мақсатында жергілікті ақсүйектің Роксана (кейбір дереккөздерінде Рокшана) атты қызына үйленеді. Марко Полоның дерегіне негізделіп, одан ертеректе Дарий патшаның қызына үйленгені анықталады. Бұл әрине шындыққа жанасады. Себебі «Әлемдік халық» идеясымен жүрген Александр Македонский өзінің қас жауы болған Дарийге өлгеннен соң ілтипат көрсетуі тарихта дәлелденген.
Екіншіден, Орталық Азия территориясында арыстан жасаған деген мәлімет, екі түрлі жорамал жасауға бағыттайды. Сонда сол кездегі табиғат жағдайлары арыстан популяциясына (таралуына) толық мүмкіндік бере отырып, қазіргі табиғаттан өзгелеу болғаны. Бұл палеогеографиялық деректерде айтылатын табиғат пен климаттың өзгеріп отыратынын растап береді. Немесе адамзаттың табиғатқа жасаған ауыртпашылығының әсерінен арыстан жойылып кеткен. Бұл да ғылыми деректермен расталады.
Орта Азияның биік таулы аймағы Памирді былай сипаттайды: «Вахан (қазіргі Пяндж) өзенінің аңғарымен он екі күн жүріп, тамаша табиғатқа куә болдық. Бұл жерде ең жақсы жайлаулар болып, азып-тозған малды он күн бақсаң семіріп шыға келеді. Аңғар таусылып, Памир атты тау бастау алады. Ол өте биік болып, елді мекендер жоқ. Өсімдіктер дүниесі өте жұпыны болып келеді. Сол себепті азық-түлікті өзіңмен бірге алып жүруге тура келеді»
Қазақстанға таяу болған Орталық Азиядағы Шығыс Түркістан туралы былай дерек келтіреді: «Тұрғындары негізінде мұсылмандар. Бұл жерде яшма және халцедон сияқты бағалы тастар өндіріліп, Қытайға алып барып сатылады. Табиғаты құмды шөл болып келеді. Мұның жау шапқанда өте тиімді жағы да бар екен. Осындай сәтте халық бала-шағасы мен малын айдап құмның ішіндегі шұрайлы аймақтарға жасырынады. Олардың ізін суырып тұрған құм жауып кетеді. Олардың қайда кеткенін жау таба алмайды» [3].
Марко Полоның саяхаттары арқылы Құбылай ханның саяси-әкімшілік басқару саясаты туралы білуге болады. Бұл туралы ол: «Хан Манзи уалаятын өзіне бағындырғаннан соң, оны он тоғыз ұлысқа бөлді. Әр біреуіне вице-император (ұлыс басшысын) тағайындады.
Вице-императорлар әр жылы ұлыстан жиналған салықты (ұлпан) Ханбалыққа алып келіп ғана қоймай, сонымен бірге ұлыста болған өте айтулы саяси оқиғалар мен құбылыстар тұралы мәлімет-есеп тапсыратын.
Ханчжоу уалаятынан жиналатын салықтың түрлері мен мөлшерінің өте көптігі сонша, «тұз салығы» дейтін тағы бар еді. Ханчжоу уалаятынан екі жүз он таман немесе венециялық алтын дукаттан он алты миллион сегіз жүз мың қазынаға келіп түсетін.
Вице-императорлар әр үш жылда ауыстырып тұрылатын» - дейді [5].
Монғол-татарлардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде Марко Поло былай дейді: «Монғол-татарлар қыста жылы жазықтықтағы жайлымды өзен аңғарларларында жасап, жазда салқын-сая таулы, сулы-нулы аймақтарда жасайды.
Үйлері ағаштан жасалған шеңбер тәріздес болып, жіппен байлап тастаған (киіз үй). Ол үйлерді жылдам бұзуға, қайта құрастыруға оңтайлы болып келеді. Үйдің есігі әрқашан оңтүстікке қараған болады.
Арбаларға артылған үйлерді қара киізбен (текемет) орап тастайды. Ол бірнеше күндік жаңбырда да су өткізбейді. Сол арбаларда бала-шағасымен көшіп-қонып жүреді. Әйелдері сауда-сатықпен шұғылданып, ерлеріне қажетті болған заттарды сатып алады. Ерлері болса, үй шаруасын ойламай соғыс та жүргізеді, аңшылық пен саякерлікті кәсіп етеді.Олар жылқының еті мен сүтін (қымыз) көп қөрек етеді.
Өзгелердің әйелдеріне көз салмайды, мұны күнә деп жаман әрекет санайды. Ер азаматтарға шама-шарқысына қарай көп әйел алуына болады. Қалың мал енесіне беріліп, әйел күйеуінің үйіне ештеңе алып келмейді. Ерінің үлкен әйелін басқа әйелдері құрметтеп, ынтымақта жасайды. Сондай-ақ, отбасында аға қайтыс болса, оның әйеліне інісі үйленеді (әмеңгерлік). Тойлары өте ауқымды болып, салт-дәстүрге және сән-салтанатқа бай» [5].
Марко Поло саяхаттарында шығыстың салт-дәстүрлері мен коммуникациялық нысандары туралы да толық мәліметтер келтіреді. Соның ішіндегі жол тораптарындағы қарақшылық және оларғы қарсы күрес туралы тамаша естеліктер келтіреді. Бұл өз кезегінде Таяу, Орта және Орталық Шығыс елдеріндегі саяси құрылымның Еуропаға қарағанда жоғары деңгейде тұратындығын дәлелдейді.
Марко Поло 25 жылдық (соның 17 жылы хан сарайында) сапарынан 1295 жылы ханның рұқсатмен еліне оралады. Ол Оңтүстік-Шығыс Азия, Ява және Суматра аралдары арқылы Үнді мұхитымен еліне оралады.
Өмірде белсенді Марко Поло Италия мемлекеттерінің азаматтық соғыстарына қатысады.1297-1298 жылдардағы теңіз шайқасында қатысып, тұтқындалады. Ол Генуя түрмесінде абақтыда отырады. Сол жерде оның аузынан пизандық (Италиядағы қисайған Пизано мұнарасымен танымал қала тұрғыны) Рустикан бұл саяхаттарды жазып алып «Марко Полоның кітабы» атымен танымал еткен [5].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет