Мақсаты: а білімділік: тәуелсіз еліміздің тұңғыш ғарышкерлері туралы кеңтүрде мағлұмат беру; ә тәрбиілігі



бет3/5
Дата04.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#109141
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғарыш қырандары презентация

Гагарин Юрий Алексеевич

(9.03.1943 – 27.03.1968)

Тоқтар Әубәкіров

1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. Инженер-ұшқыш атағымен училищені бітірген Тоқтар Қиыр Шығыста жұмыс істеп жүріп, 1-класты әскери ұшқыш атағын иеленді.

1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып, сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Осы батырлығы үшін Т.Әубәкіровтің есімі Гинестің рекордтар кітабына жазылды.

1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет