Масс медиа (бұқаралық ақпарат құралдары) фильм, музыка, ауызекі немесе жазбаша түрдегі ақпараттардың теледидар, телефон, газет-журнал, радио арқылы таралуы



Дата20.04.2022
өлшемі62,57 Kb.
#140128
Байланысты:
Сексен Асемай Әлеуметтану 2 СӨЖ
АРНАЙЫ ЖОСПАР, Райымбек Аружан ИББ 1 срс, Seksen Asemai Plans and dreams

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті « Экономика және бизнес жоғарғы мектебі »
Кафедрасы « Қаржы »

СӨЖ
Тақырыбы: Масс медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері
Орындаған: Сексен Әсемай Ыбраймқызы
Тексерген: Арын Дүйсенкүл Абызбекқызы


Алматы, 2021ж
Масс медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері

Масс медиа (бұқаралық ақпарат құралдары) – фильм, музыка, ауызекі немесе жазбаша түрдегі ақпараттардың теледидар, телефон, газет-журнал, радио арқылы таралуы. Бұл термин ғылымға ХХ ғасырда енгізіліп, әлем елдеріне таныла бастады. Масс медиа қолданысқа енгеннен бастап көптеген салалар дамып, жаңадан мамандықтар ене бастады, заманымыз технологиялар заманына айналды. БАҚ адам өміріне көптеген өзгешеліктер енгізді. Ол өзгешелікке тоқталмай тұрып, бұрынғы қазақ өміріне көз жүгіртсек. Қазақ елі орта ғасырларды малмен күн көретін, жыл мезгілдерінде әр өңірге көшіп жүретін, салт дәстүрді қатаң ұстанып, ұлттық киім киетін ел болатын. Ал, қазірде Қазақстан дегенде көз алдымызға биік-биік ғимараттар, бизнес, технология саласында жұмыс жасайтын және батыс үлгісінде киінетін адамдар елестейді. Біздің осыншалықты өзгеруіміздің басты себебі масс медианың біздің өмірімізге келуі деп ойлаймын.


Бұқаралық ақпарат құралдары ең алдымен адамдардың мінездеріне қатты әсерін тигізуде. Менің ойымша БАҚ – ның оң да теріс те әсері бар. Бірінші оң әсеріне тоқтала кетсем, қазір интернет желісі арқылы керекті барлық мәліметтерді табуға болады. Үйренемін, білемін деген адамға ешқандай шектеу жоқ. Интернет арқылы кез-келген тілді, кез-келген мамандықты меңгеруге болады. Өзім жайлы айтатын болсам, телефонды қолдана отырып ағылшыннан біраз білімімді тереңдеттім, ұлттық біріңғай тестілеуде де онлайн оқу арқылы дайындалып, жоғары балл жинадым. Қолөнерге кішкентай кезімнен қызығатынмын, телефонды, теледидарды қолдана отырып бірнеше заттарды істеуді, түрлі заттарды тігуді де үйрендім. Яғни, қызығатын заттарыңды үйден шықпай ақ үйреніп, тереңірек білім алып, сол арқылы табыс табуға да болады. Бұл масс медианың ең үлкен пайдасы деп айта аламын. Оның пайдасымен қатар зиянды жақтары да өте көп. Қазірде теледидарларда көрсетіліп жүрген фильмдерде, сериалдарды зорлық-зомбылық мәселесі еш шектеусіз көрсетілуде. Ұрып-соғу, ұрлық-қарлық, темекі шегу секілді зиянды заттарды қолдануды да ашық көрсете береді. Бұл енді өсіп келе жатқан жасөспірімдердің мінез-құлқын өзгертуде. Жастар өзгешеліктерге ұмтылатын, қайталауға тырысатын жас буын. Олар көргенін істеуге бейім келеді. Теледидардан көргенін қалыпты деп санап, қайталауы әбден мүмкін. Қазірде мектепте бір-бірін ұрып, ақша талап етеді, темекі шегіп, ішімдік ішетіндері де табылады. Тіпті жақында мектеп ішінде атыс жағдайы болды деген жаңалықты да естідік. Өкінішке орай, қазіргі жастардың арасында өзіне қол жұмсау актілері де көптеп таралуда. Яғни, бұның бәрі масс медианың зиянды тұсы деп айтуға болады.
Сонымен – қатар масс медиа адамдардың өмір сүру салтына, киім үлгісіне, музыка мен фильм жанрларына да айтарлықтай өзгерістер алып келді. Жоғарыда айтып өткендей бұрынғы кезеңде қазақ халқы тек мал шаруашылығымен айналысу арқылы күн көрген. Кейіннен масс медианы қолдану арқылы көптеген мамандықтарды меңгерді, жаңа технологияны меңгеріп, сол салаларда табыс таба бастады. Көптеген адамдар өзінің бизнесін ашып, басқалары технологияны меңгеру арқылы қызығатын саласында жұмыс істеп бастады. Қазірде түрлі робат секілді технологияларды өздері ойлап табатын деңгейге жетті. Киім үлгісіне келетін болсақ, қазірде қазақтар батыс үлгісіндегі киімдерді көп қолданады. Күнделікті өмірде ұлттық киімдерді киген адамдарды кездестіру өте қиын, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Қысқа киімдер сәнге айналып, екінің бірінен сондай киімдерді көруге болады. Бұл қазақтың болмысын өзгертті десек те болады. Сонымен, қазірде кино саласы мен ән саласы да айтарлықтай өзгеріске ұшырап отыр. Бұрынғы кезеңде қазақилықты көрсететін, тарих баяндалған кинолар түсірілсе, қазіргі кездерде батыс үлгісіндегі кинолар көптеп таралуда. Ал ән саласында Q-pop жанры пайда болып, тіпті қазақтың болмысына жат әндер айтылуда. Олардың киім кию үлгісі де тым ерекше. Ұл болса да сырға тағып, шашын түрлі түске бояп жүретін жастарымызды да көрудеміз. Бұл қазақтың болмысын, ұстанымдарым түбегейлі өзгертті. Бұл масс медианың ең жаман тұсы деп санаймын.
Масс медиа өзінің бизнесін бастаушы адамға да үлкен мүмкіншіліктер береді. Яғни өзіңнің бизнесіңді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамалап, тұтынушы тартуға болады. Және де үйде отырып та жұмыс істеп, табыс табуға көптеген мүмкіндіктер жасалған.
Қорытындылай келе, масс медиа қолданысқа енгелі бері адам өмірін түбегейлі өзгертті. Оның жаңсы жақтары мен жаман жақтарын талдау арқылы пайдасы мен зиянын да ажыратып алдық. Яғни, масс медиа арқылы адам өзіне керектінің барлығын ала алады. Кез-келген ақпараттан хабардар болып, кез келген саланы меңгере алады. Енді оны қай жағынан қолдану адамның өзіне байланысты деп ойлаймын. Табысқа жеткен, ғылымға түрлі жаңалық алып келген адамдардың бар құпиясы масс медианы дұрыс қолдана алғандығында. Ал, ішімдікке салынған, қылмыс жасаған адамдардың бар кінәсі масс медианы жаман жағынан қолданғанында. Яғни, жетістікке жетуіміз де, күнә жасауымыз да масс медианы қалай пайдаланғанымызға байланысты деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет