Массаалмасу процестер



Дата08.02.2022
өлшемі20,67 Kb.
#119802
Байланысты:
6 дәріс (1)
еңбек
  1. Массаалмасу процестер


Массаалмасу процестерінің теориялық, негіздері
Массаалмасу процесінің жіктелуі: абсорбция, адсорбция, экстракция, ректификация, кептіу, еру, кристалдау. Массберіліс және массаберу. Диффузия процесінің мағынасы. Диффузионды процестің қозғаушы күші. Молекулалы және турбулентті диффузия. Диффузионды кинетикалық негізгі зандары. Молекулалы диффузияның жылдамдығы мен коэффициенті. Турбулентті диффузияның жылдамдығы мен коэффициенті. Молекулалы диффузияның дифференциалды тендеуі. Конвективті диффузия. Шекаралык, қабаттың негіздері. Массаалмасудың ұқсастық, критерийлері мен критериалды теңдеулері. Массаөткізгіштік. Таралатын заттың берілуінің кинетикалық заңы. Таралатын заттың қатты фазадан сұйық, фазаға берілі процесінің физикалық мағынасы. Жылу және диффузиялы процестердің ұксастығы. Жылу мен заттің берілуінің аналогиясы. Өнімдерді жылумен өндеу кезіндегі массаалмасу процесінің заңдылықтары. Массаалмасу процестерін қарқындату.

Абсорбция процесі


Абсорбция процесінің физикалык, мағынасы, абсорбцияның қолдану облысы. Абсорбент пен абсортив. Сорбция және десорбция процестерінің изотермалары. Тура және қарсы ағындағы абсорбция процесі. Изотермиялық емес абсорбция. Көпкомпонентті қоспаның абсорбциясы. Процестерді графикпен бейнелеу. Генри заңы. Абсорбция процесінің қозғаушы күші. Абсорбция процестерін графикалық әдіспен есептеу. Абсорбер аппаратынының түрлері, оларға қойылатын талаптар. Тамақ өндірісіндегі десорбция процесінің физикалық мағынасы мен қолдану облысы.

Адсорбция процесі


Адсорбция процесінің физикалық мағынасы. Адсорбция түрлері. Тамақ өндірісінде адсорбция процесінің қолдауы. Тамақ өнімдерінің өздігінен адсорбциялануымен күресу. Адсорбент пен адсорбтив. Адсорбенттің адсорбциялы қасиеттері. Процесін талдау, материалды баланс тендеуі. Процесс жүргізуге арналған аппаратар. Адсорбциялы аппаратты есептеу.

Экстракция процесі


Процесінің физикалық мағынасы мен қызметі. Экстракциялау теорясының негіздері. Қатты өнімнің экстракциясы. Экстракцияланатын заттың ішкі қабаттан диффузиялануы (ішкі диффузия). Экстракцияланатын заттың сыртқы беттен ерітіндіге ауысуы (сыртқы диффузия). Ішкі және сыртқы диффузияның жылдамдықтары; процесті қарқындату жолдары. Термодиффузияның экстракцияға әсері. Сұйыктық экстракция. Экстракцияның материалды балансы, экстракция процесі жүретін аппараттар. Экстракторларды есептеу нобайы.

Ректификация


Процестің физикалық мағынасы. Бинарлы және көпкомпонентті қоспалар. Айдау түрлері. Айдау процесінің теория негіздері мен заңдары. Бусұйыкты тепе-теңдік. Экстракциялы ректификация. Азеотропты ректификация. Көпкомпонентті ректификация. Дефлегмация. Дистилляция мен ректификация жүргізетін аппараттар. Ректификация бағанының табақтарының санын есептеу. Ректификация аппаратының материалды және жылу балансы. Молекулалы дистилляция. Процестің физикалық негіздері. Бөлу дәрежесі. Процесті жүргізу аппараттары. Аппараттарды есептеу нобайы.

Кептіру


Процестің жалпы сипаттамасы. Ылғалсыздандыру әдісі. Тамақ өндірісінде кептіру процесінің маңызы мен мақсаты. Ылғалды материалдің қасиеті. Ылғалдың материалмен
байланыс түрі: химиялық, физика-химиялық және механикалық. Еркін байланысқан ылғадық. Материалдың тепе-теңдік ылғалдығы. Алынатын ылғал. Кептіру механикасы. Процестің қозғаушы күші. Ылғал- және термоылғалөткізгіштік. Кептіру процесінің физикалық мағынасы: ылғалдың материалдің ішінен бетіне берілуі, бутүзілу, будың материал бетінен қоршаған ортаға ауысуы. Процесінің қисық сызығы мен жылдамдығы. Ылғалды ауаның диаграммасы. Процестің сипаттамасын физикалық әдіспен бейнелеу. Қолданылатын әдістері. Кептіру түрлері: табиги және жасанды. Жасанды кептірудің негізгі турлері: конвективті, түйісулі, радиациялы, сублимациялы. Негізгі түрлерінің ерекшеліктері мен қолдану облысы. Тамақ енімдерін кептіруте арналған негізгі аппараттар және олардың жұмыс принципі. Конвективті және камералы, таспалы, барабанды, псевдосұйылу қабатында кептіретін кептіргіш. Бүркігіш кептіргіштер: форсункалы және дөңгелекті. Түйісулі және білікті кептіргіштер. Сублимациялы кептіргіштер. Кептірудің материалды және жылулық баланстары. Есептеу негіздері. Кептіру процесін қарқындату әдісі мен энергия сыйымдылығын төмендету.

Еру


Еру және ісіну процестерінің физикалық мағынасы мен қызметі. Қаныққан ертіндінің концентрациясы. Газдардың сұйықта еруі. Генри және Рауль заңдары. Сұйықтардың өзара еруі. Температураның еруге әсері және ерудің критикалық температурасы. Қатты заттардың сұйықтарда ерігіштігі. Концентрацияланған және су қосылған ерітінділер. Еріткіштер мен еріген заттар. Еру процесін аппараттар. Ісіну (гидратация) процесі. Өнімдердің ісіну кезіндегі көлемінің езгеруі және процесіндегі реологиялық қасиеттері. Ісіну процесін қарқындату.

Кристалдау


Теориясынің негіздері, қолдану облысы. Полиморфизм. Тепе-теңдік қисық сызығы. Кристалдардың пайда болуы және өсуі. Массалық кристалдау. Процестің кинетикасы. Кристалдау процесінің материалды, жылу баланстары және әдістері. Жоғары қаныққан ерітіндіні салқындату арқылы алу, және еріткішті буландыру. Экстрактивті кристалдау. Кристалдау процесі аппараттар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет