Массаждың шығу тарихы



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі35,09 Kb.
#89483
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
массаж
массаж, массаж
Сегменталды массаж
Жұлыннан шыққан жүйке талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері, бұлшық ет, ұлпалар т.б.) бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері А.А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде арқаның терісін сипалай отырып осы рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі органдар мен сыртқы терідегі сезімтал аймақтың өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере отырып, анықтап шығады. Сондықтан осындай сезімтал рефлексогендік аймақты ашқан авторлардың құрметіне Захарьин Гед белдеуі не аймағы деп атайды. Көп ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, осы Захарьин Гед аймағы мен ішкі ағзалардың байланысы жұлыннан шыққан бірыңғай жүйке талшықтары және шеткері вегативтік жүйкелер арқылы іске асады Дененің белгілі бір бөлігін деп тері, бұлшық ет, тері астындагы шелді қабат, дәнекер ұлпа, тамырлар, сүйек — барлығы жүйке талшықтары арқылы ішкі ағзалармен байланысты. Сондықтан ішкі органдардың біреуі ауырса, бірден терінің бір жеріне беріледі. Мысалы, жүрек ауырғанда, оның әсері сол жақ иыққа, жауырынға, қолға беріледі. Егер сол жерлерді зер салып қараса, өзіне тән өзгерістері байқалады. Басқа қоршаған жерден гөрі бұл белдеуде электроөткізгіштік қасиет жоғары, терінің, температурасы көтеріңкі, бұлшық еттер қатты ауырып, сіресіп, өте сезімталдық байқалады. Осы анықталған белдеуге массаж жасағанда, науқасқа шалдыққан ішкі органда әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі ағзалардың, әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады. Жұлынның арнайы сегменттері соған арналған. Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулерге колдана отырып, закымданған мүшені қалпына келтіруге болады. Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы жоғары реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен шығармаған дүрыс.
Нүктелі массаж
Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі массаж организмнің биологиялық активті нүктелеріне әсер етеді (2— 10 мм). Клиникалық тәжірибе және эксперименталды зерттеулер нүктелі массаждың әсерінен организмде айтарлықтай өзгерістер болатынын дәлелдеді. Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Оны жылжымалы тобископ деген прибор арқылы оңай анықтауға боладьі. Нүктелі массажды басқаша акупунктура немесе акупрессура деп те атайды. Нүктелі массаж инемен емдеу әдісіне ұқсас, жүйке ұштарын тітіркендіреді. Биологиялық активті нүкте Захарьин-Гед белдеуімен үнемі сәйкес келмейді. Нүктелі массаж жасағанда әр түрлі тәсілдер қолданылады. Оның екі түрі бар: қоздыру және тежеу. Тежейтін нүктелі массаж бұлшық етті босатуға және ауырған жерді басуға бағытталады. Ол үшін бір нүктені—1,5 минут саусақпен нығарлап басып отырып. оң жаққа бұрайды (бұранда кіргізгендей), одан соң керісінше 6ұрап саусақты босатқандай басады. Арасында сәл кідіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет