Математика пәнін қашықТЫҚтан оқыту технологиясы дайындаған: «Жаңа Ғасыр»



бет7/8
Дата04.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#109598
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саменова С.Ж. пед чтение

Қортынды

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақьлауды автоматтандыру, оқушыға өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпденгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды оқушының жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.

АКТ-ны білім жүйесіне енгізуді қолға алатын Республикалық координациялық (үйлесімдік) кеңес ұйымдастыру керек. Ол соңғы кезде көбейіп бара жатқан сапасыз әлектрондық оқулықтар шығаруды азайтып, өз ұсыныстары арқылы оқу орындарындағы істеліп жатқан жұмыстарды дұрыс жолға қоюға мұрындық болар еді. Жақсы электрондық оқулық – информациялық технологиялар аймағындағы білікті мамандар мен педагогтар жұмысының нәтижесі, мұндай жұмысты техникалық жағынан жүзеге асыру біраз қаржы жұмсауды керек етеді.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұлбіліктіліг іжоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.



Математика пәнінен қашықтықтан оқыту технологиясын қолданудың артықшылықтары:

  • Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;

  • Интерактивті әрекеттесу формалары;

  • Сапалы білім алу;

  • Уақытты үнемдеу;

  • Ыңғайлы уақытта оқу;

  • Территориялық шектеулер жоқ;

  • Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет