Математика пәнін қашықТЫҚтан оқыту технологиясы дайындаған: «Жаңа Ғасыр»


Математикада білімді бейне сабақтар арқылы жеткізудің маңызы



бет6/8
Дата04.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#109598
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саменова С.Ж. пед чтение

Математикада білімді бейне сабақтар арқылы жеткізудің маңызы
Қазіргі уақытта, ақпараттық технология қарқынды дамып келеді, олар педагогикалық кеңістікте терең еніп, білім беруде кеңінен қолданылады. Видео сабақтар – қазіргі заманғы педагогикалық әдістердің заманауи түрі. Бұл әдістің оқушылардың да, ұстаздардың да білім алу жолында алатын орны  ерекше.

Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерінің арқасында мұғалімдер арасында онлайн-сабақ, бейне-конференция, жаңашыл сабақтар қолданысқа ие болыпБүгінде интернет желісіне қосылу үшін көп уақытымызды алмайтын жағдайға жеттік. Интернет желісіне жылдам қосылып, уақытын тиімді қолданып, белсенді жұмыс істеп жүрген замануи мұғалімдеріміз бар екені белгілі. Қазіргі таңда оқушы тек білім тұтынушы емес, білімді өз бетімен оқып, меңгере алатындай жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдануы қажет. Осы қажеттілікті толықтыру мақсатында «Төңкерілген сабақ» әдісін математика пәнінде қолдануға болады.

«Төңкерілген сабақ» білім алушының үйде мұғалімнің алдын-ала жасалған видеосы арқылы жаңа материалды өз бетімен оқып-үйреніп, сыныпта мұғалімнің көмегімен практикалық есептерді шығару процесі. Яғни, үйде – білу түсіну, сыныпта – білімді қолдану көрсету. Мұғалім бұл әдісінде балаларға теориялық материалдан тұратын бейне материалдарды жасайды және оларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, whatsаap арқылы оқушыға жібереді. Оқушылардың үй тапсырмасы – бейнежазбаны көріп, жаңа материалмен таныс болу, ұғыну. Шәкірттер сабаққа келгенде, олар теориялық материалмен танысып, практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен шешуге дайын болады. Дәстүрлі сабақта мұғалім теориялық материалды түсіндіруге сабақтың басым бөлігін жұмсап, қалған уақытты есептерді шығаруға қалдыратын.

Ал «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырумен қатар, әрқашан да оқып-білім алуға ұмтылуға бағыт-бағдар беріп отырады.

«Төңкерілген сабақ» әдісі сабақты өткізудің және білім алушыларды қызықтырудың басқа жаңашыл қыры немесе бағыты екенін әдісті қолданғаннан кейін көрдім. Бір сарынды дәстүрлі сабақтарды өткізе бергеннен, арасында осындай видео үзінділерді қолдануды ұсынамын.

Әрине, әрбір сабақ қызықты өту үшін шәкірттердің дамытатындай жоспарлар құруға тырысамыз. Видео сабақтар дың оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратынына онлайн-сауалнама арқылы көз жеткіздік.


Күрделі материал оқушыларға есте сақтауға қиындық туғызады. Осындай жағдайда мұғалімнің де, баланың да осы тақырыпқа қосымша уақыт бөлуіне тура келеді. Видео сабақтың білім алушыға тигізер көмегі – тақырыпты меңгере алмай қалғандығы жайлы мұғалімге айтып отырмай-ақ өз бетімен жұмыс істеп, өзіне ыңғайлы уақытта видео сабақты қосып көре алады. Ал, мұғалім – осы видео сабақты бір рет қана дайындап қойып, қайта-қайта түсіндіріп отыруға кететін уақытын үнемдейді.

«Төңкерілген сабақ» әдісінің ерекшеліктері:


1.     Сабаққа ауырып не басқа жағдайлармен келе алмай қалған оқушыларға, өткен материалды ноутбук немесе ұялы телефон арқылы жетік меңгеруге септігін тигізеді;
2.     Қабылдау қабілеті баяу оқушыларға осы бейнежазбаны бірнеше рет қарап, қайталап, өз білімін керекті деңгейге жеткізіп алуға көп әсерін тигізеді;
3.     Сабақ өту үрдісінде материалды толық түсінбей қалған жағдайда үйде, көлікте, жалпы интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар жердің барлығында өз қалауынша қосып көре алады. [5]

«Қайталау – оқу анасы» демекші, оқып қайталап отырған ақпаратты жалпы оқушы болсын, адам болсын есте жақсы сақтайды. Егер ақпарат көзі немесе теория бөлімі ауқымды болса, біріншіден, толықтай оқып шығу керек. Екіншіден, негізгі ұғымдарды оқып шығуы керек, ал үшіншіден, тағы да қайталап оқып шығып, бөгде адамға немесе топқа түсінгенін айтып бергені өте қолайлы әдіс. Үш ретті қайталау – қажетті минимум болып саналады. Өзі түсініп, сосын басқаға түсіндіріп жеткізген ақпарат есте жақсы сақталады.

Видео сабақтардың тек оқушыға ғана емес, мұғалімге де тигізер көмегі бар. Түсірілген видео сабақтардан тақырыпты түсіндіру мен сабақ өту процесін көріп, мұғалім өзінің сабақ жүргізу әдістемесіне және оқу процесінде қалай әрекет ететініне талдау жасайды. Өз-өзіне сырттай қарап баға береді, ұсыныс ұсынады, сыншыл дос бола алады. Түсірген видео сабақтарды Youtube каналына салады. Youtube каналындағы сілтемені оқушыларға әлеуметтік желілер арқылы жібереді. Оқушылар келген сілтемемен керекті ақпаратты алып, келесі сабақта сұрақтары болса, қойып немесе тақырыпты меңгеріп келіп отырды.

Басында бұл әдіске балалардың алғашқы реакциялары – таң қалу болды. Кейіннен үйреніп алғаннан кейін тіпті бейнежазбадан үзінді болса, оларға материалды меңгеру оп-оңай екенін айтты. Видео сабақты көргеннен кейін оқушылардың көзқарастары мен ойлары туралы пікірлерін білу мақсатында олардан сауалнама алынады.

Ал сынып жоғарылаған сайын ақырындап уақытын да көбейтуге болады. Ең маңыздысы олар жалығып кетпеуі керек.Үй жұмысының орнына видео сабақты көріп келу берілсе? – деген сұраққаорташа есеппен оқушылардың 87 пайызы «үй жұмысының көлемі азаяды және сабаққа оң әсерін береді» деп жауап берді. Тыңдаушылардың жауабынан видео сабақтар арқылы үй жұмысын орындау қызықты екені байқалып тұр. Мұғалімдерге де балаларға да жақсы әсері болатыны түсінікті болды.     «Видео сабақтың маған тиімді әсері қандай?» деген сауалнамаға оқушылар«Ұмытып қалған жағдайда қайталауға ыңғайлы», «Тақырыпты меңгеруге жақсы әсер етеді», «Бірнеше рет көруге мүмкіндік бар», «Бөлім мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың алдында көрген өте маңызды», «Өзіме ыңғайлы әрі қолайлы жерде қосып көріп, меңгере аламын» деген жауаптар жазды. Мектепте, сабақ беру үрдісінде «оқушы үні» ұстаз үшін маңызды роль атқарады. Сондықтан да осы балалардың сауалнамаға берген жауаптары мен көзқарастарын ескере отырып, мынадай тұжырым жасадым.
Біріншіден, видео сабақты түсірмес бұрын мұғалім сабақ кезеңдерін ойластырып, жоспар мен материалдарды дайындап қоюы тиіс; екіншіден, әрдайым келесі сабақтардың сапасын одан әрі жақсарту үшін сабақтың сапасы туралы оқушылардың пікірін ескеруі тиіс; үшіншіден, жіберілген материал оқушыға түсінікті және сол материалмен ары қарай жеке жұмыс істей алатындай деңгейде қолжетімді болуы керек.

Осы педагогикалық технологияны математика пәнінде тиімді қолдану – білім сапасын артырып қана қоймай, саналы да зиялы ұрпақ тәрбиелеуде болашағы зор екені анық. Уақыт өткен сайын балалардың «қанағаттанарлық» деген бағадан «жақсы» бағасына көтерілгенін байқауға болады.

Сонымен қатар, оқушылардың өзеріне түсіруге тапсырма беріп, мүмкіндік жасап, оларға өз көмегімізді берсек, бұл идея оларға қызықты болады деп ойлаймыз. Бұл әдіс мұғалімнің жеке өзінің шығармашыл дамуына және ақпараттық технологияларды қолдану құзіреттілігін жаңа қырынан көрсете алуына мол мүмкіндіктер ашады. [6]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет