Математика секциясы



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі302 Kb.
#94613
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Сандардан құралған сақиналардың сиқыры»
6сынып ктж инклюзив, Сәкен Сейфуллин1
2.3. Кемел сандар кереметтері
Кемел сандар – керім сандар. Алайда әсем нәрселер аз да сирек қой. Сондықтан бұлардың саны да онша мәз емес.
Никомах
«Кемел сан», «достас сан», «жай сан», «құрмалас сан», «жүп сан», «тақ сан», «табиғи (натурал) сан», «некелік сан», «ұрғашы сан», «еркек сан» т.с.с. сан аталымдар, ғылымға Пифогордың зерттеулері мен сабақтары арқылы б.з.б. 6-5 ғасырлардан бері қарай кеңінен ене бастаған. Пифогордың анықтамасы бойынша: Кемел сан деп өзінің барлық мүмкін бөлгіштерінің қосындысына тең болатын санды айтады.
Мәселен, 6, 28 сандарын кемел сандар деп айтуға болады. Өйткені 6=1+2+3, 28=1+2+4+7+14. 6 және 28 сандарының осындай ерекшелік қасиеттеріне әу бастан кемелдік немесе кереметтік мағына беріп қараушы адамдар, көбінесе, дүние жаратылымын діни оқу тұрғысынан түсіндірушілер болған. Олардың ойынша: «Бір Алла бүкіл әлемді 6 күнде жаратқан», «Аспандағы Ай Жерді 28 тәулікте шарлап шығады». Сондықтан 6 мен 28 сандары көне де қасиеттері соларға ұқсас сандардың баршасы Құдайдың өзі қалап жаратқан кемел сандар қатарына жатуы тиіс. Математикалық тұрғыдан алғанда, кемел сандардың басты «кереметі» олардың жай сандармен тығыз байланыста болып келуінде және кемел сан аталыны есептеп табу ережесін бір қалыптаманың қауызына сыйғызып айтуға болатынын дәлелдеуде жатыр. Осындай ережені ғылыми математиканың атасы Евклид (б.з.б. 330-275жж.) алғаш дәлелдеген. Соны сендер қайталап көріңдер.
Математиканың басқа ғылымдармен байланысын атап айту керек. Ал тарихпен қандай байланысы бар? Тарих толығымен даталардан және соған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін математикалық ойлау қабілеті керек. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады. Әдебиетпен байланысы: көз алдыңызға логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіріңіз. Егер ол бір шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды оңай еске түсіріп, шығарманың атын еске түсіре алады. Бейнелеу өнерінде де математиканың бар екенін көруге болады. Леонардо да Винчи Ф санын «Алтын қима» деп атады және осы санды ол өзінің суреттерін салғанда пайдаланды. Ренессанс дәуірінде суретшілер өздерінің суреттерінде үш өлшемді әсер жасау үшін математиканы қолданған. Ежелгі Грекия сәулетшілері Афиныдағы Парфенолды тұрғызу кезінде алтын тік төрт бұрыштарды пайдаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет