Материалтану



бет10/25
Дата29.01.2018
өлшемі3,47 Mb.
#35768
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

4.4 Тапсырма
4.4.1 Әртүрлі дәрежеде (ε,%) деформацияланған жездің қаттылығын өлшеп, кестені толтыру.

4.4.2 Өлшеу нәтижесі бойынша «HRB- ε,%» координаталарында график тұрғызу.

4.4.3 Деформацияға дейінгі және деформациядан кейінгі жездің микроқұрылымдарын салу.

4.4.4 Жездің қайту және қайта кристалдану температураларын анықтау. Жездің балқу температурасы Тпл = 1223ºκ.

4.4.5 Қайта кристалданғаннан кейінгі 5,10,30%-ға деформацияланған жездің микроқұрылымдарын салу.

4.4.5 Атқарған жұмыс бойынша жалпы қорытындысын беру.


4.1- кесте. Деформацияланған жездің қаттылығы


Деформациялау дәрежесі, ε,%

0

5

10

30

Қаттылығы,

HRВ















4.5 Бақылау сұрақтары
4.5.1 Салқын және ыстық деформация деген не?

4.5.2 Тойтару, оның металдар мен қорытпаларға көрсетер әсері.

4.5.3 Металл мен қорытпалардың беріктігін нығайту тәсілін атаңыз.

4.5.4 Металдың пластикалық деформацияға жатық болуының себебі



4.5.5 Талшықты құрылым және деформация текстурасы ұғымдары бірдей ме?

4.5.6 Пластикалық және серпімділік деформацияларға түсініктеме беріңіз.

4.5.7 Тойтарылған металдың беріктігі не себепті нығайады?

4.5.8 Қайту, және оның металдардың құрылымына, қасиетіне тигізер әсері, тәжірибе жүзінде қолданылуы.

4.5.9 Қайта кристалдану және оның металдардың құрылымына, қасиетіне тигізер әсері, тәжірибе жүзінде қолданылуы.

5 Зертханалық жұмыс «ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ ФАЗАЛЫҚ ӨЗГЕРУІН ТЕМІР-КӨМІРТЕГІ ДИАГРАММАСЫ БОЙЫНША ОҚУ»


5.1 Жұмыстың мақсаты
5.1.1. Темір-көміртегі қорытпаларындағы фазалық өзгерістер мен құрылым құраушыларын оқып, игеру.

5.1.2 Ұсынылған мәліметтерді зертханалық жұмыстарда қолдана білу.


5.2 Теориялық мәліметтер
Темір-цементит диаграммасы бойынша темір-көміртекті қорытпаларды баяу қыздыру және суыту процестері арқылы оның ішкі құрылымында өтетін фазалық өзгерулерді көруге болады. Темір-көміртекті қорытпаларды қыздыру немесе суыту кездерінде бір фазалы феррит, аустенит, цементит құрылымдары және екі фазалы құрылымдар – перлит пен ледебурит түзілуі мүмкін.

Феррит (Ф)- көміртегінің альфа-темірдегі ену қатты ерітіндісі. Кристалдық торы көлемдік центрленген куб (КЦК). Төмен температуралы (9110С-тан төмен) ферриттің құрамында 0,02%-ға дейін көміртегі ериді, ол α-феррит деп белгіленеді, ал жоғары температурадағы (15000С) ферритте 0,1% көміртегі ериді де, δ-феррит деп белгіленеді. Бөлме температурасында ферриттің құрамындағы көміртегі 0,006% тең. Оның беріктігі в≈ 300МПа; аққыштық шегі т≡ 120МПа; қаттылығы НВ800-1000МПа жуық; созымталдығы көтеріңкі, δ ≡ 50%, ψ ≡ 86%.

Аустенит (А)- көміртегінің гамма–темірдегі ену қатты ерітіндісі. Құрамындағы көміртегінің ең үлкен мөлшерде еруі 2,14% (11470С). 7270С температурада еру мөлшері 0,8%. Кристалдық торы-беттік центрленген куб (БЦК). Аустенит созымтал, беріктік шегі мен қаттылығы ферриттен жоғары (НВ1700-2200МПа).

Цементит (Ц) – темір мен көміртегінің химиялық қосылысы (Fe3C). Құрамындағы көміртегінің мөлшері 6,67%. Кристалдық торы – атомдары тығыз орналасқан күрделі орторомбалық тор. Цементит өте морт және аса қатты (НВ~6500МПа), созымталдығы төмен. Жоғары температурада ыдырап кетуіне байланысты балқу температурасы болжамды, соңғы зерттеулер бойынша 12500С. Цементитте көміртегі мүлдем ерімейді, Цементит тұрақсыз қосылыс болғандықтан, сыртқы әсерлерден ыдырап, графит түрінде темір мен көміртегіне бөлініп, шойынның құрылымының қалыптасуына өз әсерін тигізеді.
Перлит (П) - феррит пен цементиттің эвтектоидтық қоспасы. Перлит- баяу суытылған аустениттің (7270С-та) ыдырауынан туындаған өнім, құрамындағы көміртегінің мөлшері 0,8%. Қаттылығы НВ1200МПа.

Ледебурит (Л) - аустенит пен цементиттің эвтектикалық қоспасы, 11470С-та түзіледі. Құрамындағы көміртегінің мөлшері 4,3%. Қаттылығы НВ4000МПа.

Темір-цементит диаграммасының көмегімен темір-көміртегі қорытпасын суыту кезіндегі фазалық өзгерістерді қарастыралық.




Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет