Материалтану



бет20/25
Дата29.01.2018
өлшемі3,47 Mb.
#35768
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Шынығу қабілеті – болаттың белгілі тереңдікке (мартенсит құрылымының тереңдігі) шынығу қабілеті. Болаттың шынығу қабілеті суыту жылдамдығы мен межелі шынықтыру жылдамдығына (Vкр) қатынасты. Егер үлгінің өзегінде суыту жылдамдығы межелі шынықтыру жылдамдығынан төмен болса (Vохл< Vкр) оның шынығу тереңдігі өзегіне жетпей аяқталады.

Көміртекті болаттардың орнына легірленген болатты пайдаланудың тиімділігі баяу суытқыштарда суыту кезінде шынықтырылған бұйымдардың құрылымында ешқандай шынықтыру жарықшалары немесе деформациялар туындамайды . Сол себепті легірленген болаттарды тек ірі тетіктер ғана емес, сонымен қатар ұсақ өлшемді тетіктер мен бұйымдарды жасауға қолданады.


9.3.2 Легірленген болатты таңбалау реті

Легірленген болаттың таңбасының алдында көміртегінің мөлшерін көрсететін екі орындық сан (жүзден бір бөлігі)- конструкциялық болаттар үшін немесе бір орындық сан (оннан бір бөлігі) – құрал-саймандық болаттар үшін, саннан кейін легірлеуші элементтердің атын көрсететін әріптер, оның жанына мөлшерін көрсететін сан жазылады. Мысалы: 18Х2Н4МА – 0,18%С, 2%Cr, 4 %Ni, ~1 %Mo, A- жоғары сапалы.

Легірлеуші элементтер тізбегі: А-азот, Б-ниобий, В-вольфрам, Г-марганец, Д-медь, Е-селен, К-кобальт, Н-никель, М-молибден, П-фосфор, Р-бор, С-кремний, Т-титан, Ф-ванадий, Х-хром, Ц-цирконий, Ю-алюминий.
9.4 Тапсырма
9.4.1 ШХ15, 110Г13Л, 60С2, Р18, 12Х18Н9Т таңбалы легірленген болаттардың микроқұрылымын салып, құрылымын құраушыларды анықтаңыз

9.4.2 Дәрістегі мәліметтерге сүйеніп жоғарыда ұсынылған болаттар үшін термиялық өңдеу режімдерін тағайындаңыз

9.4.3 Жоғарыда ұсынылған болаттардың қолдану саласын анықтамаларға сүйеніп көрсетіңіз.

9.4.4 Жұмыс нәтижесін 9.1- кестесіне толтырыңыз


9.1- кесте. Жұмыстың нәтижесі




Болаттың

таңбасы

Болаттың құрамы

Микроқұрылымын

салу

Құрылымы бойынша класы

Термиялық өңдеу режімі

Қолданылуы

1

ШХ15
















2

110Г13Л
















3

60С2
















4

Р18
















5

12Х18Н9Т


















9.5 Есеп беру үлгісі




Болаттың

таңбасы

Болаттың құрамы

Микроқұрылымын

салу

Құрылымы бойынша класы

Термиялық өңдеу режімі

Қолданылуы

1

5520Г9АН4



0,55%С

20%Cr


9%Mn

≈1%N


4%Ni



Аусте-

нитті


Суда шынықтыру

(11800С)

+ босату

(7700С)



Автокөлік моторының қақпағы



9.6 Бақылау сұрақтары
9.5.1 Легірлеу деген не?

9.5.2 Болатты легірлеудің мақсаты неде?

9.5.3 Болаттың құрамындағы негізгі легірлеуші элементтерді атаңыз

9.5.4 Легірлеуші элементтердің болаттың қасиетіне көрсетер әсері

9.5.5 Легірлеуші элементтердің фазалық өзгерістерге әсерін

аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасына сүйеніп беріңіз?

9.5.6 Легірленген болатты таңбалау принципі және жалпы таңбалау

ережесінен тыс таңбаланатын болаттарды атаңыз, ажыратыңыз.

9.5.7 Легірленген болаттарды нормальданғаннан кейінгі құрылымы

бойынша класқа бөліңіз.


10 Зертханалық жұмыс «ТҮСТІ ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ МИКРОҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ»


10.1 Жұмыстың мақсаты.
10.1.1 Мыс, алюминий негізді қорытпалардың микроқұрылымдарын оқу, механикалық қасиеттеріне тигізетін әсерлерін білу.

10.1.2 Құрылымдардың суретін схема түрінде салып оларға түсініктеме беру.

10.1.3 Аталған қорытпалардың құрылымын күй диаграммасы бойынша талдау, механикалық қасиеттерінің өзгеру жолын берілген суреттер бойынша оқу

10.1.4 Түсті қорытпаларды таңбалап үйрену


10.2 Аспаптар және материалдар.
10.2.1 Мыс, алюминий негізді қорытпалардан дайындалған ысылмалар.

10.2.2 МИМ-7, МИМ-8 микроскоптары

10.2.3 Металдардың микроқұрылымдары жинақталған фотоальбом

10.2.4 Түсті металдар қорытпаларының күй диаграммалары.


10.3 Теориялық мәліметтер
10.3.1 Алюминий негізді қорытпалар

Алюминийдің беріктігі төмен болғандықтан (σв ≤ 140МПа) конструкциялық материал ретінде қолданылмайды. Алюминий негізді қорытпалар коррозияға төзімді, термиялық өңдеуден кейін беріктігі айтарлықтай жоғары және технологиялық қасиеттері: пісірумен өңделуге қабілетті, әртүрлі механикалық өңдеулерге бейімді, құйылуы т.б. жақсы. Мұның барлығы алюминий қорытпаларын өндірісте пайдалануды болаттан кейінгі екінші орынға шығарады.

Алюминий қорытпаларын класқа екі көрсеткіші бойынша бөледі.

1- технологиялық қасиеттері бойынша:

- деформацияланатын, шалаөнімдер (табақтар, тақташалар, шыбықтар, құбырлар) алу үшін жұмсалады және илемдеу, баспалау, қалыптау жолдарымен дайындалатын соғылмалар мен қалыптау өнімдері. Д, АК, АМ, ВД, В әріптерімен таңбаланады да соңынан қорытпаның нөмірі жазылады (Д16);

- құймалық, фасонды құймалар өндіру үшін. АЛ әріптерімен таңбаланады, соңынан қорытпаның нөмірі жазылады (АЛ2);

2 – термиялық өңдеу арқылы беріктігін тиімді нығайтуға қабілеттілігіне қарай деформацияланатын және құймалық қасиеттері бар қорытпалардың термиялық өңдеу арқылы бөлінуі:

- беріктігі нығайтылатын класс;

- беріктігі нығайтылмайтын класс;
Беріктігі термиялық өңдеумен нығайтылатын деформацияланатын қорытпаларға легірлеуші элементтер ретінде мыс, магний, марганец, мырыш, литий енгізіледі. Бұл элементтер алюминиймен әрекеттесіп шектеулі еритін қатты ерітінді (α) және аралық фаза түзеді, мысалы CuAl2, Mg2Al3, т.б.

Алюминий негізді α қатты ерітіндінің ерекшелігі құрамына енгізілген легірлеуші элементтердің еру қарқынын температура жоғарылағанда елеулі көтереді. Мысалы, мыстың алюминийдегі мөлшері 5,7%-ға жеткенде ең жоғары еруі 20...5480С аралығында 30 есе өседі (10.1-сурет).




10.1-сурет. Алюминий-мыс диаграммасы
Дуралюминдер.

Алюминий мен мыстың қорытпасы


Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет