МўЌаєали маќатаев атындаєы ІІ облыстыќ аќындар байќауыныѕ ережесі


«ТІЛДАРЫН» үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген



бет4/4
Дата15.04.2022
өлшемі75,5 Kb.
#139431
1   2   3   4
Байланысты:
ФЕСТИВАЛЬ ЕРЕЖЕСІ (2 байқау)
менын жумысым, РК травма 50 сурак, 329336
«ТІЛДАРЫН»
үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген
қала жастарының арасында өткізілетін қалалық байқауы


1. Жалпы ережелер
1. Өту уақыты: 2022 жылдың мамыр айы
2. Мақсаты: а) Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау арқылы тілді меңгеруге деген қызығушылықты одан әрі арттыру.
ә) Тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, қала жастарын өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеуге шақыру.


2. Байқаудың шарттары
Байқауға мемлекеттік тілді жетік меңгерген 18-29 жас аралығындағы қала жастары қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін үміткер алдын ала өзі туралы 3 минуттық қысқа метражды бейнеролик түсіруі қажет. Бейнероликте үміткердің мемлекеттік тілді дамытуға қосып жүрген үлесі, қоғамдағы белсенді рөлі кеңінен ашылып көрсетілуі тиіс.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде қатысушылар ұяшық таңдау арқылы берілген тақырыпта 3 тілде ой толғайды.
Екінші кезең мәтінге ілеспе аударма жасайды.
Байқауға қатысуға өтінімдер №1 қосымшаға сәйкес толтырылады.
Қосымша №1

Қатысушының аты-жөні




Оқу немесе жұмыс орнының атауы, мекен-жайы




Лауазымы, мамандығы




Эл. поштасы




Байланыс телефоны






3. Қорытынды ережелер:
Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен құралады. Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысу туралы өтінім 2022 жылдың 28 сәуіріне дейін қабылданады (қосымшаға сәйкес).
Ұсынылған бейнероликтер «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің инстаграм парақшасына (aqtobe_madeniet_tilder) салынады.
Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
Байқау материалдарын madeniet.tilder@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.
Байланыс деректері:
Мекен-жайы: Актөбе қаласы, Жеңіс даңғылы 31, «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК
Телефон: 8(7132) 41-80-09, 87013048599

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет