Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар: тақырыптың ашылуы; тақырып бойынша ой жүйесі; стилі



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі31,68 Kb.
#86177
түріМазмұндама
  1   2   3
Байланысты:
10-сынып олимпиада тапсырмасы
Былғары бұйымдарына арналған материалдардың классификациясы, ҚМЖ- Алимкулова

Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша өтетін оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау
Бұл пән бойынша олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары өткізіледі.
Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:

  • тақырыптың ашылуы;

  • тақырып бойынша ой жүйесі;

  • стилі;

  • емлелік қателер;

  • тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;

  • мазмұндаманың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұндамада оқушыға қойылатын негізгі талап – тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпында қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның қазақ тілін еркін меңгергенін, қазақша сөз байлығының мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің, ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл – оқушының өзіндік ойлау жүйесінің, ой тереңдігінің куәсі. Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, дұрыс орналасуымен де ерекше бағаланады.
Оқушының қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, мазмұндамаға қоса 1-турда лексикалық-грамматикалық тест өткізіледі. Тест он сұрақтан тұрады. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады. Түзетілген жауаптар дұрыс жауапқа саналмайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары қаламмен белгіленуі тиіс.
Сонымен, бірінші турда мазмұндама бойынша қойылатын ең жоғары балл – 30, тест бойынша – 20. Мазмұндама мен тест тапсырмаларын орындауға оқушыға 1,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 10.30-да аяқталуы тиіс.
Екінші турдың тапсырмалары оқушының өзіндік қабілетін жан-жақты танытуына негізделіп, жартылай ауызша түрде өтеді. Тапсырмаларын орындауға оқушыға 1,5 сағат беріледі Бұл турда оқушы 4 түрлі тапсырманы орындайды.
1. Мәтінмен жұмыста оқушының тілді қатынас құралы ретінде меңгеру қабілеті, ой жүйелілігі байқалады. Бұл тапсырма 20 ұпаймен бағаланады.

  • мәтінге ат қою – 4 ұпай;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтау – 3 ұпай

  • мәтін бойынша жоспар құру (немесе мазмұнын толықтыру) – 3 ұпай;

  • мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру – 3 ұпай;

  • мәтінге қатысты өз ойын білдіру – 7 ұпай

2. Арнаулы тақырып бойынша әңгіме деп аталатын екінші тапсырмада оқушының қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді терең түсінуі, оларды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра білуі, жүйелі түрде қазақша сөз саптауы тексеріледі. Оқушы жауабы ауызша тыңдалады. Бұл тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.
3. Грамматикалық тапсырманы орындау барысында оқушы жазбаша түрде түрлі грамматикалық талдауларды дұрыс жүргізе білуі тиіс. Әсіресе, синтаксистік талдаудың толық болуына ерекше мән беріледі. Бұл тапсырма да 10 ұпаймен бағаланады.
4. Қазақша сөйлеу әуезділігі деп аталатын 4-тапсырмада оқушыға өз өнерін, жеке қасиетін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзінің сүйікті өлеңін немесе прозалық шығармасынан үзіндіні мәнерлеп, тыңдарманға әсерлі болатындай етіп жатқа айтуы тиіс. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.
Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 50 ұпай. Бірінші оқушының дайындығына 20 минут уақыт беріледі, әр оқушымен сұхбатқа 15 минут бөлінеді.
Республикалық қазылар алқасына жіберілген оқушының облыстық олимпиададағы нәтижелері дәлелді болуы үшін, барлық жауаптарын оқушы қағаз бетіне түсіруі тиіс. Республикаға жіберілген жұмыстарда жауаптар толық болмаса, оқушы бағасы кемітілуі мүмкін. Ешқандай қосымша балл қосуға болмайды. Оқушы жауабы қосымша ұпайлармен сүйемелденбей, талаптарға сай бағалануы тиіс.
2 турдың қорытындысы бойынша кем дегенде 85 ұпай жинаған оқушылар олимпиада жеңімпаздары бола алады. I орын біреуден артық болмауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет