Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бес жыл қызметіндегі



бет6/19
Дата25.12.2016
өлшемі6,52 Mb.
#5253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бес жыл қызметіндегі

сот шешімдерімен келіспейтіндігін көрсететін өтініштердің қарқыны

Шағымдардың осы санатындағы өтініш берушілердің көбісі жаза тағайындаудың белгіленген мерзімімен келіспеушіліктерін білдіріп, өздерінің процессуалдық нормаларының бұзылуын көрсетеді. Соттардың объективтік емес қатынасы өтініш білдірушілердің пікірі бойынша кейбір судьялар талап арызда қозғалған айып тағудың, мәселелердің мәніне ұқыпсыз қарайтындыңы, сот процесінде айыпталушылардың, жәбірленуші тараптың дәлелдеріне тиісті баға бермейдтіндігі байқалады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына соңғы екі жыл ішінде келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесі көп шағымдар соттардың шешімдеріне келіспеушіліктермен байланысты екендігін көрсетеді, осыған орай ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының атына сот жүйесіндегі бұзушылықтардың алдын алу және соттарда азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарауын өтініп хат жіберілді.

Өтініш берушілер кейбір өтініштерінде істі сотта қарауға қатысуды, жаза мерзімін өзгертуге ықпал етуді, істі қарауды бақылауға алуды сұрайды. Осындай мысал ретінде Н. (20.06.07 кіріс № 596/02) оның ағасының ісі бойынша сот отырысына қатысу өтініші болып табылады. Авторға оның өтініші тек Уәкіл туралы ережеде белгіленген өкілеттер шегіне сәйкес жүзеге асырылатындығы туралы хабарланды.

Сот қызметіне шағымдар ішінде сот шешіміне келіспеуге байланысты өтініштердің біршама пайызды құрайды.

Айталық, Уәкілге Е. өзінің ұлы Е. мүддесіндегі өтініші (04.05.07 кіріс № 432/02) келіп түсті. Өтініш берушінің ақпараты бойынша үкім шығарған сот Еспосыновтың кінәсіздігі пайымын растайтын куәлер дәлелін сот отырысында назарға алмағандығын айтады.

Ұлы Қ. мүддесі үшін жазылған Қ. (15.06.07 кіріс № 99/02-575 (2) өтініші осындай сипатқа ие. Өтініш иесі Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты үкім шығарған кезде және Көкшетау қаласының құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізген кезде оның ұлының құқықтарының бұзылғанын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 284-бабы 3-бөлігінің тәртібімен осы өтініш Ақмола облыстық сотына жіберілді. «ҚР сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Заңының 1-бабының 3-бөлігіне сәйкес өтініш іс жүргізуден алынды.

Күйеуі Дәурембековтың мүддесі үшін өзінің өтінішінде Д. (28.10.07 кіріс № 992/02) оның күйеуін заңсыз бас бостандығынан айыруға әкеп соқтырған Тараз қаласы полициясының желілік бөлім қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы хабарлайды. Алайда осы іс бойынша үкім шығарылып, Уәкіл туралы ережеге сәйкес өтініш іс жүргізуден алынды.

Азаматтардың сот шешімімен келіспейтіндіктері және өз келісімдерін тергеу барысында құқық қорғау органдары жол берген бұзушылықтармен және дәлелдемені бағалау кезінде, сондай-ақ қолда бар дәлелдемелерді зерттеу рәсімін жүргізген кезде судьялардың жеткілікті назар аудармауына байланыстарын өтініштер шағымдардың келесі тобын құрайды.

Осындай өтінішке мысал Алматы облысы ЛА-155/4 мекемесінде жатқан сотталушы Г. (01.06.07 кіріс № 525/02) шағымы болып табылады. Өтініш иесі Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы үкімімен келіспейтіндігін білдіреді және құжаттар мен сот үкімінің көшірмесін зерттеуді өтінеді.

Уәкілге өз ұлының мүддесі үшін Н. және Х. (15.06.07 кіріс №570/02) жүгінді. Өз өтініштерінде өтініш иелері қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде бұзушылықтарға жол берген, балаларының заңсыз бас бостандығынан айыруға әкеп соқтырған Ақмола облысы Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін көрсетеді.

Г. (07.05.2007 жылғы № 440/02), Э. (06.09.07 № 855/02), М. (10.09.07 кіріс № 864/03) өітінтері осыған ұқсас шағымдар.

Уәкілге келіп түсетін өтініштердің жартысы сот шешімдерін қайта мәселелерімен байланысты. Мысалы, басты сот талқылауы хаттамасының көшірмесімен танысу және оны алу құқығы бұзылғандығына Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесінде жатқан Г. (15.10.07 кіріс № 946/02-962(2)) жүгінді. Өз өтінішінде ол басты сот талқылауы хаттамасының көшірмесін беруден бас тартқан Орал қалалық сотының судьясы Б., Орал қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы А., Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ш. заңсыз іс-әрекеттеріне шағымданады. Осы өтініш бойынша ҚР Бас прокуратурасына сауал жіберілді. Алайда ҚР Бас прокуратурасынан алынған жауапта Г. басты сот талқылауы хаттамасының көшірмесін беру туралы мәселені шешу қылмыстық істі тікелей қараған судьяның өкілеттігіне кіретіндігі жазылған.

Тұрғын үй және жер мәселелсі бойынша сот шешімімен келіспейтіндігі бөлігінде судьялардың іс-әрекеттеріне шағымдар жиі түседі. Д. (07.05.07 кіріс № 441/03), Б. (14.05.07 кіріс № 456/03), Ә. (25.05.07 кіріс № 500/03), Е. (06.06.07 кіріс № 535/03), Л. (04.07.07 кіріс № 640/03), Б. (09.10.2007 кіріс № 947/03), М. (23.10.07 кіріс № 986/03) шағымдары осындай санатқа жатады.

Сот шешімін қайта қарау туралы өтінген өтініш авторларының көбісі алынған жауапқа қанағаттанбай, ешқандай жаңа дәлелдер келтірмей, сол мән-жайлар бойынша шағымдарды қайтадан жібереді. Т. (16.01.07 кіріс № 986/02-58 (3), 14.11.06 кіріс № 2-986/02-1104, 03.10.06 кіріс № 1-986/02), Р. (05.03.07 кіріс № 1045/02-209 (2), 23.10.06 кіріс № 1-1045/02) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына бірнеше мәрте жүгінді.

Өтініш иесінің сотқа жүгінуін талап ететін мәселелер көтерілетін өтініштердің саны жоғары. Мысалы, А. (05.06.07 кіріс № 529/03) КСРО Жинақ банкасында ақшалай салымын қайтарып алуға жәрдемдесуді өтінеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтемақылар мен ақшалай сомаларды өндіріп алу туралы талаптарды қарай сот органдарының құзыретіне жататындығы туралы өтініш иесіне түсіндіріліп, осыған байланысты осы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу ұсынылды.

2007 жылы мүлікті жария ету акциясының өткізілуі мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімдерімен келіспейтін азаматтардан шағымдардың келуіне әкелді.

Осы мәселеге тән өтініштермен. З. (12.01.07 кіріс № 39/03), Б. (12.01.07 кіріс № 40/03), А. (31.01.07 кіріс № 105/03), М. (06.02.07 кіріс № 121/03), Ц. мүддесі үшін С. (02.08.07 кіріс № 744/03), С. мүддесі үшін Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының төрағасы (09.08.07 кіріс № 764/03), Ш. (19.08.07 кіріс № 789/03) жүгінді. Қолданыстағы заңнама сәйкес комиссия мемлекеттік орган болып табылмайтындықтан, оның шешімдеріне тек сот органдарында шағым жасауға болады. Өтініш иелерінің өтініштері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің іс жүргізуіне қабылданған жоқ.

Уәкілдің құзыретіне жатпайтын өтініштердің келесі тобы мемлекеттің қатысуынсыз заңды тұлғалардың әрекеттеріне жасалған арыздар (2,32%).

Мәселен, Уәкілдің атына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несие беруден бас тартқан әрекетіне Ы. арыз жасаған (17.07.07 кіріс № 676/03 хат) несие беруден бас тартудың себебі - өтініш иесінің егде жаста – 71-де болуы. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің түсініктемесіне сәйкес несиелерді берудің тәртібі банкілердің туындауы мүмкін тәуекелдерді ескеретін ішкі актілерімен реттеледі. Осыған байланысты бақылаушы мемлекеттік органдар – прокуратура және қаржы полициясымен заңнама нормаларының бұзылуы анықталмаған.

Осы сипаттағы арыздардың едәуір бөлігі өтініш берушілердің пікірінше өз қызметімен адам мен азамат құқын бұзатын құрылыс компанияларының әрекеттеріне бағытталған азаматтардың өтініштері.

Теміртау қаласының үй тұрғындарының ұжымдық шағымында (21.05.07 кіріс № 480/03 хат) арызданушылар олардың пікірінше, тұрғын үйдің ауласына балаларға арналған көңіл көтеру орталығы заңсыз салынғандығына шағымданады және олардың келісімінсіз жаңа объектінің құрылысы жүргізілуде. Бұл шағым тиесілігі бойынша Қарағанды облысының әкімдігінің жіберілді.

Аталған топтағы шағымдардың ішінде құрылыс компанияларының әрекетіне шағымданған Астана қаласы үлескерлерінің шағымы да бар (04.07.07 кіріс № 639/03 хат). Мұндай шағымдарды қарастыру Уәкілдің құзыретіне жатпайтындықтан, шағымданушыларға олардың азаматттық құқықтарын қорғау тәсілдері түсіндірілді.

Есептік кезеңде жеке тұлғалардың қатынастарына (4,2%) қатысты 29 шағым түскен. Мұндай шағымдарға мысал ретінде И. отбасына қатысты көршілерінің әрекеттеріне арызы (2007 жылғы 17 шілдедегі кіріс № 677/03 хат), М. шағымданушы және азамат Ә. арасында туындаған тұрғын үй мәселесін шешуге ықпал жасауға көмек сұраған (2007 жылғы 23 тамыздағы кіріс №816/02 хат), А. бір бөлмелі пәтердің үлестік меншігін ортақтасып иеленушінің әрекетіне шағымданған (13.02.07 кіріс №147/03 хат) хаттары жатады. Барлық жағдайлар бойынша шағым авторларына олардың құқықтарын қорғау тәсілдері түсіндірілді.

Кейбір шағымдарда адам құқын бұзу туралы ақпарат жоқ, сондықтан олар «басқалар» тобына жатады. Есептік кезеңде осындай 48 шағым түсті (3,7%).

Уәкілге адам құқын бұзу фактісінсіз, тек қана көмек немесе қандай-да бір мәселені шешуге ықпал жасауды сұрайтын шағымдар түсуі жалғасуда.

Мәселен, Уәкілге жазған хатында К. өз анасының «Алтын алқа» орденімен марапатталуына көмек көрсетуді сұрайды (08.01.07 №27/03 хат). Өтініш иесіне көп балаларды марапаттау мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататындығы түсіндірілді. Сол сияқты Б. (2007 жылғы 09 қазандағы кіріс 944/03 хат), Т. (2007 жылғы 01 ақпандағы кіріс №1554/02-108 (2) хат) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалін алу мәселесі бойынша, М. «Күміс алқамен» марапаттауға ұсыну мәселесі бойынша (2007 жылғы 15 ақпандағы кіріс №154/03 хат) өтініштері осыған ұқсас болып табылады. Б. жұмысқа тұруға көмек көрсетуді өтінген (2007 жылғы 05 наурыздағы кіріс № 480/03 хат).

Осындай шағымдар тобының біріне Қ. қашқын ұлын іздеуге көмектесу туралы өтініші жатады (2007 жылғы 11 наурыздағы кіріс №905/02-225 (2) хат).

Бірқатар жағдайларда Уәкілге шағымданушылардың түрлі ұйымдардың заңсыз әрекеттеріне арызданған хаттары келеді, алайда онда олардың құқық бұзушылығына арызданбай, мемлекеттік органдардың қызметіне немесе қызмет көрсетпеуіне шағым жасалады.

Кейбір жағдайларда өтініш иелері жеке тұлғалар арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысты түсінік беруді сұрайды, бұл жағдай да Уәкілдің құзырына жатпайды. Мысал ретінде: П. жалпы саяси қуғын-сүргіннен жәбір шеккендердің мәртебесін алудың мәселесін түсіндіру туралы (2007 жылғы 01 маусымдағы кіріс №523/02 хат), С. заңсыз сотталып, бас бостандығынан айыру орнында болғаны үшін өтемақы төлеу мәселесіне қатысты (2007 жылғы 20 шілдедегі кіріс №694/03 хат), Я. жалпы саяси қуғын-сүргіннен жәбір шеккенді ақтау мәселесіне қатысты (2007 жылғы 20 тамыздағы кіріс № 800/02 хат), С. заңнаманы қолдануды түсіндіруге қатысты хаттары (2007 жылғы 30 қаңтардағы кіріс №101/02 хат) жатады.

Н. кінәлі адамдарды жауапқа тарту мәселесі бойынша хат (2007 жылғы 25 мамырдағы кіріс №502/03 хат) жолдады. Шағым мазмұны бойынша өтініш иесін еш себебін түсіндірместен жұмыстан босатылғандығы және жұмысқа қайта орналасуына ықпал етіп, және осыған байланысты кінәлі адамдарды жауапқа тартуды сұрайды. Көмек көрсету үшін Адам құқығы жөніндегі уәкіл мекемесі бұл шағымды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберді.

Ф. нотариустың қызметіне шағымданған хаты (2007 жылғы 21 мамырдағы кіріс № 479/03 хат) осындай сипатта. Бұл шағым тиесілігі бойынша Республикалық нотариаттық палатаға жіберілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен осы хаттар халықтың құқықтық сауаттылығының, мемлекеттік органдардың құзыреті туралы және оларға өтініш жасаудың тәртібін білу туралы ақпарат таратудың деңгейінің төмен дәрежеде екендігін куәландырады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен сотталған адамдарға кешірім жасау туралы өтініштермен байланысты шағымдар санаты аздап кездеседі.

Есептік кезең ішінде Уәкілге осы мәселе бойынша ұлы Д.Шідербаевтың мүддесін қорғаған А. өтініш (2007 жылғы 09 сәуірдегі кіріс № 337/02 хат) білдірген болатын.

Сотталған адамдарға кешірім жасау туралы мәселені шешу Уәкілдің құзыретіне жатпайтындығын ескере отырып, өтініш иелеріне Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияға өтініш беру тәртібіне қатысты түсініктер беріледі.

Есептік кезеңде басқа мемлекеттік органдарға бағыттап ауыстыру туралы өтінген (0,31%) 4 шағым келіп түсті. Уәкіл қатаң түрде тек өз құзыреті шеңберінде ғана қызмет жасайтындықтан, құқық бұзушылық туралы мәліметтерді құрамайтын хаттар көбінесе қараусыз қалады.

1.3. Оң нәтижелі сипаттағы шағымдар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережелермен айқындалған өкілеттікті жүзеге асыра отырып, Уәкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандығын қалпына келтіру жөніндегі шараларды қабылдайды.

Есептік кезең ішінде өндіріске 429 шағым (жазбаша шағымдар санының 33,4%) қабылданды, өндіріске 561 арыз (43,6%) қабылданған жоқ, олардың ішінен 471-і (36,6%) құзыретті шектеу себебі бойынша, 90-ы шағымда құқық бұзушылық қаралмауына байланысты (7%). Баяндаманы дайындау сәтінде шағымдардың бір бөлігі – 93 арыз - өндірісте және 16 шағым қарауда болды.

2007 жылы 78 шағым (өндіріске қабылданған шағымдардың жалпы санының 18,1%) оң нәтижемен шешілді. 24 жағдайда (5,6%) өтініш берушінің құқықтары жартылай ғана қалпына келтірілді.

Уәкілдің шағымдармен жұмыс нәтижесінің динамикасы мынадай кестеде берілген.


Сауалдарды қарау нәтижелері





2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

Адам құқықтарын бұзу анықталмағаны

110

40%

247

55%

372

61%

211

25%

242

56,4%

Сауал жіберілген мемлекеттік органмен құқықтары қалпына келтірілгені

50

18%

89

20%

159

26%

162

31%

78

18,1%

Өтініш берушінің құқықтары жартылай ғана қалпына келтірілгені

55

20%

28

6,2%

63

10%

28

5%

24

5,6%

Істің оң қаралуы Уәкіл ұсынымының әрі оның мүддесінің нәтижесі болып табылады. 31 жағдайда азамат құқықтарын бұзуға кінәлі адамдардың жауапкершілікке тартылуы туралы ақпарат алынды. Көбіне ішкі істер органдарының (9 жағдайда), сот орындаушылары (5), прокуратура (1), кедендік бақылау (1), қылмыстық атқару жүйесі (1), қаржылық полиция (1) лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар әртүрлі жауапкершілік түрлеріне мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тартылды. Атап айтқанда, Алматы қаласының № 4 қалалық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік істер қозғалды және Текелі қалалық ауруханасының қызметкерлеріне сөгіс, қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар қолданылып, жұмыстан босатылды.

Алматы қаласының арнайы мектебінің директорының міндетін атқарушы, «ҚСҚ оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тараз қаласының қарттар және мүгедектерге арналған интернат үйінің директоры лауазымынан босатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуы нәтижесінде сот шешімін орындаудан қашқаны үшін ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің сауалы бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекцияларымен еңбек заңнамасын бұзғаны үшін екі ЖШС басшысы мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бөлімде оң нәтижеге қол жеткізілген анағұрлым үлгілік өтініштер келтірілген, олар шағымдарды тексергенде оң нәтижеге жеткен мемлекеттік органдардың атаулары бойынша жүйеленген.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Есептік кезеңде прокуратура органдарымен шағымданушылардың құқықтары қалпына келтірілген жағдайлар қылмыстық істі қозғау, тоқтату немесе бас тартуға байланысты болды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен бірлесіп әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау органдары, қылмыстық атқару жүйесі, кедендік бақылау органдары, медицина және құрылыс ұйымдарының қызметкерлерімен бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

Л. өз шағымында (2006 жылғы 12 желтоқсандағы кіріс №1255/02 хат) ұлының «Ц.» АҚ-да қызметтік міндетін өтеу кезінде жұмыс орнында қаза табу фактісіне байланысты дұрыс тергеу жұмысының жүргізілуіне 6 жыл бойы қол жеткізе алмай келе жатқанын хабарлайды.

Сауалды Уәкілдің қарауы нәтижесінде Қарағанды облысының прокуратурасымен өтініш берушінің ұлының қаза табуына әкелген өндірістегі бақытсыздық жағдай фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату бойынша қаулысы жойылды, іс қосымша тергеу жүргізілу үшін Қарағанды облысының ІІД-ге жіберілді.

Қылмыстық істің былығуына жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік өндіріс қозғалды. ҚР Бас прокуратурасының ақпараты бойынша Теміртау қаласы ІІБ ТБ аға тергеушісі К. қатысты ескерту түріндегі шара қолданылды. Теміртау қаласы ІІБ бастығының орынбасары Д. және Теміртау қаласы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы О. басқаруындағы қызметкерлердің қылмыстық істерді тергеу жүргізуіне дұрыс бақылау жасалмағандығы көрсетілді және олар осындай фактілерге жол бермеу туралы қатаң ескертілді.

Ж. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ақша қаражаттарын ұрлау фактісін тергеу бойынша құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне шағымданған (2007 жылғы 10 қаңтардағы кіріс №30/02 хат). ҚР Бас прокуратурасы Уәкілдің сұранымы бойынша осы істің жағдайларын тексерді, оның нәтижесінде қылмыстық ізге тісу органы тергеу жұмысы кезінде істің жан-жақты шынайы зерттелеуін қамтамасыз етпегені анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс тергеу жүргізу үшін Астана қаласының ІІД тергеу басқармасына жіберілді. Сарыарқа аудандық ІІБ анықтау бөлімінің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік өндіріс қозғалған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына М. «Күміс алқамен» марапаттауға ұсыну мәселесі бойынша шағымы (2007 жылғы 15 ақпандағы кіріс №154/03 хат) түсті. Бұл шағым бойынша ҚР Бас прокуратурасының атына сауал жіберілді. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде Есіл аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғаларының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» ҚР Заңының талаптары бұзылғандығы анықталды. Осыған байланысты Ақмола облыстық прокуратурасы облыс әкімінің атына М. «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапаттау бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс жолдады.
П. өз әйелі В. мүддесін қорғап, Семей қаласының прокуратура және денсаулық сақтау қызметкерлерінің әрекетіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілге шағым (2006 жылғы 10 қазандағы кіріс №1007/02 хат, 2006 жылғы 17 қазандағы кіріс №1007/02-1132(2) хат, 2006 жылғы 06 желтоқсандағы кіріс №1007/02-1232(3) хат) жолдады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде Семей қаласы прокуратурасының жеке кәсіпкер В. үстінен ҚР Бас прокуратурасының алдын ала келісімінсіз тексеріс жүргізгендігі анықталды. Тексеруден кейін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы арқылы жіберілген өтінішті ҚР Бас прокуратурасы бұл мәселені қарауды уәкілетті орган ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет сапасына бақылау жасау комитетінің аумақтық органына тапсыру қажеттігін көрсетіп, қабылдамады. Тексеру барысында белгіленген шағымдарды қарау тәртібінің бұзылуы, прокурорлық тексеруді тағайындау және жүргізудің негізсіздігі, заңсыз әкімшілік өндірісті қозғау туралы шағымда көрсетілген фактілер расталды. Осыған байланысты әділет кеңесшісі К., Семей қаласы прокурорының орынбасары 2-ші сыныпты заң қызметкері Т. қатаң сөгіс, Семей қаласы прокурорының көмекшісі 3-ші сыныпты заң қызметкері И. сөгіс жарияланды.

Германияның азаматы Р. өз арызында Қарағанды облысының Кедендік бақылау департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданады (2006 жылғы 29 қарашадағы кіріс №1169/02 хат). Қарағанды облысының Кедендік бақылау департаменті бастығы орынбасарының 2006 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен өтініш беруші ӘҚБК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10300 теңге айып салынды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша жүргізілген ҚР Бас прокуратурасының тексерісімен Қарағанды облысының Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары Т. ӘҚБК-нің 646-бабының талаптарына қарамастан № 51800-780/06 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы қарастырып, құқық бұзушылық құрамын ӘҚБК-нің 425-бабына ауыстырып, әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы шығарған. Бұл жерде Т. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы қайтару туралы ұйғарымды шығармаған.

Тексеріс нәтижелері бойынша әкімшілік айып салу туралы қаулының күші жойылып, «Әуежай-Қарағанды» кедендік бекетінің маманы С. және «Әуежай-Қарағанды» кедендік бекетінің аға инспекторы Ә. сөгіс жарияланып, департамент бастығының орынбасары Т. қатаң ескертілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Б. Текелі қалалық ауруханасының қызметкерлерінің өз міндеттеріне немқұрайлы қарағандығы туралы шағымданды (2006 жылғы 16 қарашадағы кіріс №1124/03 хат). Себебі қате қойылған диагноздың кесірінен қажетті медициналық көмек көрсетілмегендігі салдары өтініш беруші баласының өліміне соқтырды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы нәтижесінде прокуратура және денсаулық сақтау органдарымен тексеріс жүргізілді. Қылмыстық істің жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дәрігер Ш. ҚР ҚК 114- бабы 1-бөлімі бойынша сотқа тартылды. Қосымша тергеу жұмыстарын және де сарапшылардың шешіміне жаңа сұрақтар қойып, кешенді соттық-медициналық сараптама өткізу қажеттілігіне байланысты Текелі қалалық сотының қаулысымен қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына А. пікірі бойынша ұлы А. қатысты заңсыз қылмыстық іс қозғалғандығы туралы шағым (2007 жылғы 29 мамырдағы кіріс №498/02-510 (2) хат түсті.

А. 2005 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанға экстрадицияланып, Тараз қаласының № 13 тергеу изоляторында ұсталды. Өтініш берушініің ақпараты бойынша оны ауыстыру барысында ол пенитенциарлық мекеме қызметкерлерінің тарапынан күштеп зорлауға ұшыраған. Соның нәтижесінде оның денсаулығы күрт төмендеп, емделуді талап етеді. Ағымдағы жылдың мамыр айында Жамбыл облысының Сарысу аудандық сотының судьясы істі қосымша тергеуге жіберді.

Қылмыстық істі қосымша тергеудің және тұтқындалған А. жедел емдеу қажеттілігіне байланысты өтініш беруші «қамау» түріндегі бостандығын шектеу шарасын «ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» немесе басқа жеңілдетілген шараға ауыстыруды сұрады.

Осы істің жағдайын тексеруді Уәкілдің сауалы бойынша ҚР Бас прокуратурасының жүргізген тексерісі нәтижесінде Көлік прокуратурасының Оңтүстік Шығыс аумақтық бөлімшесі А. қамаудан босатылуы қылмыстық істің анық және жан-жақты тергелуіне бөгет жасамайтындығын ескеріп, «қамау» түріндегі бостандығын шектеу шарасын «ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» шектеу шарасына ауыстырды.
Астана қаласының ҮЕҰ және бірқатар саяси партиялар басшыларының ұжымдық шағымында (2007 жылғы 27 сәуірдегі кіріс №417/03 хат) құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтар көрсетілді. Шағым мазмұнына сәйкес С. жетекшілігіндегі «Т.» ЖШС рұқсат қағазынсыз 32 нысанда мансард қабаттарының құрылысын бастағаны көрсетілді. Аталған іс бойынша жіберілген заң бұзушылықтарды жою туралы сот шешімі қабылданды, алайда кәсіпорын сот орындаушылардың талабын орындамады, нәтижесінде ҚР ҚК 327-бабының 1-бөлімі бойынша кәсіпорын басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке Уәкіл сауал жіберді. С. қатысты жүргізілген ҚР ҚК 327-баптың 1-бөлімі, 362 баптары көзделген қылмыстық іс тергеу нәтижелері бойынша Астана қаласы Алматы аудандық сотына жіберілді.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына адвокат Б. түскен шағымда (2007 жылғы 19 сәуірдегі кіріс №256/02 хат) өзінің клиенті Ж. қатысты біреудің мүлкін тонау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу кезінде тергеу және анықтау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық заңнамасын өрескел бұзғандығы туралы хабарланады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасы бойынша Алматы қаласы прокуратурасының осы істі тексеру барысының нәтижесі бойынша Ж. қатысты қылмыстық қудалау оның кінәсі дәлелденбегендіктен тоқтатылды.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына М. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің хабарсыз кеткен ұлы Б. іздеу бойынша әрекетсіздік танытып отырғандығы хабарланады (2007 жылғы 27 сәуірдегі кіріс №417/03 хат).

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша прокуратура органдарымен тексеру жүргізілді, оның қортындысы бойынша Текелі ҚІІО-ның тергеушісі Б. қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімінің күші жойылып, материл жазбаша нұсқаумен қосымша тексеруге жіберілді.

Б. іздеу бойынша жұмысты тиісті ұйымдастырмағаны үшін Текелі ҚІІД бастығының орынбасары полиция майоры Ц. және Текелі ҚІІД қылмыстық полициясының бастығы Б. сөгіс жарияланды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігімен хабарсыз кеткен Б. іздеу бойынша іс бақылауға алынды.


Өтініш беруші К. өз шағымында күйеуі Ұ. - Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілін өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің дәрежесіне келіспейтіндігін білдіреді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратураға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сауалдар жіберді.

Қылмыстық іспен танысып тексеру нәтижелері бойынша Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің басшылығына бірқатар қосымша соттық криминалистикалық сараптама және тергеу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқау берілді, олардың нәтижесі бойынша Б. әрекеттерін қайта дәрежелеу туралы түпкілікті процессуалдық шешім Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабының 1 бөлімі бойынша қабылданады.

Сонымен қатар аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілді, оның нәтижесі бойынша Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті бастығының №1092 бұйрығымен Сәтпаев қаласы ішкі істер органының бастығы И., бастығының орынбасары Қ. және Жезқазған ПОП бастығы Б. лауазымдарынан босатылды. Сәтпаев қаласы ІІБ КПБ бастығы М., УРД-ға бақылау бойынша топтың аға инспекторы Б. және Жезқазған ПОП КПБ аға жедел уәкілі А. қызметтік әскери тәртіпті өрескел бүзғандықтары үшін ІІО қатарынан шығарылды. Сәтбаев қаласы ІІБ Штаб бастығы Қ. және Сәтпаев қаласы ІІБ жедел уәкілдері А., Б., Қ., С. және Ш. қызметіне толық сәйкес келмеуі туралы ескертіліп Сәтпаев қаласы ІІБ бастығының орынбасары Қ. қатаң сөгіс жарияланды.

Қылмыстық істі тексеру барысы Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің бақылауына алынды.
Г. шағымында (2007 жылғы 26 ақпандағы кіріс №180/02 хат) немересінің денесіне зақым келтіру фактісі бойынша тергеу кезінде құқық қорғау органдарының әрекетсіздік танытқандығы туралы хабарланады.

ІІБ-мен жергілікті жерде іс қозғаудан бас тарту, кейіннен қылмыстық істі тоқтату бойынша көптеген әрекеттер қабылданып жатқан уақытта Ішкі істер министірлігімен ұзаққа созылған хат алмасудан кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жүргізген жұмысы нәтижесінде іс ҚР Бас прокуратурасының бақылауына алынды. Балқаш қаласының ІІБ тергеу бөлімімен осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ы. Г. немересіне денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтiргенi үшін айыптау бойынша қылмыстық іс 2007 жылғы 20 тамызыда балқаш қаласы сотына жіберілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына тұрғын үй құқығын бұзғаны туралы П. шағымы (2007 жылғы 25 сәуірдегі кіріс №408/03 хат) келіп түсті. Осындай шағым бойынша бұрын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына сауал жіберген болатынбыз, және оған өтініш берушінің құқы қалпына келтірілгендігі туралы жауап алынған. Алайда П. қайта шағымданып, оның құқықтарына әлі қысым жасалып жатқандығын атап көрсетті.

Степногорск қаласы әкімінің атына прокуратурамен заңдылықты бұзуды жою туралы 2007 жылғы 24 қаңтарды ұйғарым шығарылған, ол орындалмаған. Өтініш берушінің тұрғын үй құқын күштеп жою фактісін растайтын қолдағы құжаттар негізінде Степногорск қаласының прокуратурасы 2007 жылғы 24 мамырда қалалық сотқа Степногорск қаласы әкімдігінің әрекетін заңсыз деп танып және бұзылған тұрғын үйге бара-бар тұрғын үй ұсыну туралы талап арыз берілді.

Степногорск қалалық сотының 2007 жылғы 26 маусымдағы шешімімен қала прокурорының талабы толық мөлшерде қанағаттандырылды.

Г. жер құқығының бұзылуыны байланысты адвокат Д.К.Байдәулетовтың шағымы (2007 жылғы 30 сәуірдегі кіріс №422/03 хат) бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына хабарласты. Жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша Қарасай ауданы әкімінің атына заңдылықтың бұзылуын жою және айыпты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарым шығарылды. «ГНПЦзем» РМК бас директорының бұйрығымен директор орынбасарына және кейбір қызметкерлерге мұрағаттық материалдарды тіркеу және беру ережесін бұзғаны үшін ескерту жарияланды.


Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Оңтүстік Қазақстан филиалының хатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ИЧ-167/3 және ИЧ-167/9 мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандардың құқықтары бұзылуы туралы хабарлайды.

Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына сауал жіберілді. Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша түзеу мекемелерінде заңның сақталуын қадағалау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған прокуратурасымен тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында ағымдағы жылдың 25 мамырында ОҚО бойынша ҚАЖКБ ИЧ-167/3 мекемесінде дене мүшесіне топтық зақым келтіру болғандығы анықталды. Сотталғандардың түсініктемелі бойынша осы акцияның болуына контингент пен қызметкерлер арасындағы психологиялық ахуал, мекеме әкімшілігінің теріс көзқарасы, талаптардың күшейтілуі, балағат сөздермен даттау, себепсіз ұрып соғу түріндегі ұдайы адам намысын қорлау себеп болғаны анықталғаны.

ИЧ-167/3 мекемесінің қызметкерлері мен сотталғандарға дене мүшесіне зақым келтіру фактісі бойынша мамандандырылған прокуратурамен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабының 4-бөлімі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмысы Оңтүстік Қазақстан Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасына тапсырылды.

Сонымен қатар тексеру барысында сотталғандардың дене мүшесіне топтық зақым келтіру актісін жасауға мекеменің қалыпты қызмет жасауын бұзуға бағытталған сотталғандар әрекеттерінің жолын кесу және алдын алу жөніндегі ОҚО бойынша ҚАЖКБ және мекеменің жедел бөлімшелерінің нашар жұмыс жасауы, сотталғандармен тәрбиелеу және профилактикалық жұмыстардың төмен дәрежеде болуы себеп болғандығы анықталды.

Аталған тексерістің нәтижесі бойынша мамандандырылған прокуратурамен ОҚО бойынша ҚАЖКБ бастығының атына анықталған құқық бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені анықтау туралы ұйғарым енгізілді.

Сонымен қатар ОҚО бойынша ҚАЖКБ бастығының атына мамандандырылған прокуратурамен ОҚО бойынша ҚАЖКБ ИЧ-167/9 мекемесінде жүргізілген кешендік тексерістің нәтижесі бойынша заң бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұйғарым жіберілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Қарағанды облысы бойынша басқармасының АК-159/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Т. мекемеге жетекшілік ететін прокурордың Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуға ұсынудан бас тартуымен келіспеуі туралы шағымы (2007 жылғы 12 қыркүйектегі кіріс №873/02 хат) бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына сауал жіберді, оның нәтижесінде өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуға ұсыну бойынша материалдарды сотта қарауға жіберу туралы мәселе оң шешімін тапты.
Өтініш беруші С. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесімен келіспейтіндігі туралы, сондай-ақ оған Целиноград ауданында жер телімін беру мәселенің ұзақ шешілмеуі туралы, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және кінәлі адамдарды жауапқа тартып, прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды сұрап шағымданды (2007 жылғы 22 қазандағы кіріс № 980/03).

Уәкілдің сауалы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Целиноград ауданы әкіміне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұйғарым шығарып, өтініш беруші, жер телімін алуға арнайы есепке алынды.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына К. шағымы (2006 жылғы 05 желтоқсандағы кіріс №1225/02 хат) түсті, онда ол Ақтау қаласы ІІББ ЖТБ тергеушілерінің кінәлілерді ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлімі, ҚР ҚК 257-бабының 2-бөлімі және ҚР ҚК 103-бабының 3 бөлімімен белгіленгендігіне келіспейтіндігі айтылады.

Уәкіл өтінішінің фактісі бойынша тергеу барысыy Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті бақылауға алды.

Ақтөбе облысы прокурорымен 2006 жылғы 22 желтоқсанда қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша айыптыларға істеген қылмыстары бойынша түпкілікті айыптау тағайындалады.

Айыпталушы Ж. әрекеті ҚР ҚК 103-бабының 3-бөліміне (абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер), ал Ж. – ҚР ҚК 179-бабы 3 бөлімінің «б» тармағына (денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан) қайта қаралды.


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына еңбек мiндеттерiн орындаумен байланысты алған еңбек жарақатына байланысты келтірілген зиянды өтеу бойынша Т. мүддесін қорғаған Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шағымы (2007 жылғы 10 мамырдағы кіріс №450/03 хат) түсті.

Шағымның мазмұнына сәйкес Т. бірнеше мәрте, бүгінгі күні жойылған, «Ш.» АҚ-да 1991 жылғы 1 маусымда болған денсаулығына келтірілген зиянға төлемдердің тоқтатылуына байланысты шағымданған.

Т. берген талап арызын Астана қаласы Алматы ауданының соты талап арызға талапкердің өз талаптарын негіздейтін құжаттардың жоқтығын сылтаулап, атап айтқанда: сотпен бекітілген кредитор талаптарының тізілімі және де кредитор талаптары тізілімін бекіту туралы соттың ұйғарымы жоқ деп қозғалыссыз қалдырған.

Аталған шағым бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Жоғарғы сотына өтініш берушіге жетіспейтін құжаттарын алуға жәрдемдесуін сұрап хат жолдады. Нәтижесінде Т. ҚР Жоғарғы Сотымен қажетті құжаттары жіберілді.


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы

Сот әкімшілігі комитеті
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетімен бірлесіп оң шешімін тапқан шағымдардың көпшілік бөлігі соттардың шешімдерінің орындалмауына қатысты, сондай-ақ өтініш берушілердің құқықтары басқа жағдайларда да қалпына келтірілген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына адвокат Б.Н.Шиннің Т. және басқалардың мүддесін қорғаған шағымы (2006 жылғы 05 желтоқсандағы кіріс №744/03-1225 (2)) түсті. Шағымның мазмұнына сәйкес Астана қаласы Соттар әкімшілігімен Шымкент қаласының Абай аудандық сотының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінен заңсыз ұсталған салықты өндіру туралы 2006 жылғы 31 тамыздағы шешімі орындалмайтындығы көрініп тұр. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің ақпаратына сәйкес, атқару әрекеттері барысында атқару құжаттарында процессуалдық сипаттағы бұзушылықтар орын алғандығы анықталды. Осыған байланысты сот орындаушысыны 2006 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысымен атқару құжаттары сотқа тиісінше ресімделу үшін қайтарылған. Атқару құжаттары қайталап түскен жағдайда, сот актісін дұрыс орындауға тиісті шаралар қолданылатын болады.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына сот шешімінің орындалмауына К. шағым (2006 жылғы 20 желтоқсандағы кіріс №1282/02 хат) жасады. Өтініш берушінің хабарлауынша Астана қаласының Соттар әкімшісінің сот актісінің орындалуына тиісті шаралар қолданбауы. Уәкілдің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігіне жіберілген сауалмен жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша борышкердің жұмыс орны анықталды. Атқару құжаты сол ұйымның бухгалтериясына жіберілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Қ. қызын тәрбиелеу үшін алимент өндіру туралы сот шешімінің орындалмауына Р. шағым (2007 жылғы 10 мамырдағы кіріс №1282/02 хат) жасады. Өтініш берушінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшілігінің Семей аумақтық учаскесіне соттың шешімін орындау бойынша шаралар қолдану жөнінде бірнеше мәрте өтініш жасағанына қарамастан бірде-бір жауап алмаған. Уәкілдің сауалын қарастыру нәтижесінде өтініш берушінің құқы қалпына келтіріліп, өтініш беруші мен борышкер арасында алиментке қарыз есебінен борышкер Жанұзақованың үйіне жөндеу жүргізетіндігі туралы келісімге қол жеткізілген. Өтініш берушінің атқару парағы бойынша ешқандай шара қолданбаған сот орындаушысы М. қызметінен босатылды.
Ж. шағымы да (2007 жылғы 14 мамырдағы кіріс №457/03 хат) осындай сипатта, онда ол Павлодар қаласының Ильичев ауданының ұлын тәрбиелеуге алимент өндіру туарлы шешімінің орындалмауын хабарлайды. Уәкілмен сауал жіберіліп, нәтижесінде өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілген: борышкерге іздеу жарияланып, Павлодар облысы Сот әкімшілігінің сот орындаушысы К. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ Б. алимент өндіру туарлы шешімінің орындалмауына шағымы (2007 жылғы 14 мамырдағы кіріс №457/03 хат) оң шешімін тапты. Сот орындаушысымен Талдықорған қалалық сотына борышкерді ішкі істер органы арқылы іздеу жариялау туралы ұйғарымы жіберіліп, жоғарыда аталған соттың ұйғарымымен борышкер Е. іздеу жарияланды. Осы атқару құжатын орындау кезінде жол берген қателіктері үшін сот орындаушысы Ж. сөгіс жарияланды.
П. шағымы да (2007 жылғы 30 шілдедегі кіріс №733/03 хат) осындай сипатта. Ұлттық орталықтың сауалы бойынша өтініш берушінің құқықтары толық қалпына келтіріліп, борышкерден алименттер толық көлемде өндірілген.
Сонымен қатар, У. мүлкін алған және қолданыстағы заңнама нормаларының бірқатарын бұзған сот орындаушыларының үстінен жазған шағымы (2007 жылғы 12 сәуірдегі кіріс № 457/03 хат) оң шешілген. Уәкілдің араласуы нәтижесінде өтініш берушінің заңсыз алынған мүлкі қайтарылып, құқықтары қалпына келтірілген. Атқару өндірісін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы А. ескерту берілді, Б. толық қызметтік сәйкессіздігі туралы ескерту түріндегі бұрынғы шарамен шектеліп, сот орындаушысы Р. келешекте осындай заң бұзушылықтарға жол бермеуі туралы қатаң ескертілді.
Сондай-ақ Б. Әулиекөл аудандық сотының 2000 жылғы 5 мамырдағы Ж. өтініш берушінің пайдасына 401 805 теңге өндіру туралы шешімінің ұзақ орындалуына жасаған шағымы-да (2007 жылғы 29 маусымдағы кіріс №457/03 хат) оң шешімін тапты.

Өтініш берушінің ісі бойынша бірнеше рет борышкердің мұрагерлерінен қарызды өндіру туралы, және де борышкердің басқа мүлкіне талап қою туралы сот шешімдері шыққан. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің жұмысы нәтижесінде Ж. мүлік үлесінің шегіндегі жылжымайтын мүлкін өндіріп, сот шешімін орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы ұйғарым шығарылды.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына С. Ақмола облысы Сот әкімшісінің Жарқайың аумақтық бөлімінің сот орындаушысының әрекетсіздігіне шағымданған арызы (2007 жылғы 15 маусымдағы кіріс № 582/03 хат) түсті. Ол өз арызында Ақмола облысы аудандық сотының 2006 жылғы 31 тамыздағы сырттай шешімінің орындалуына ықпал жасауды сұрайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жіберілген сауалының нәтижесінде соттың осы шешімі толық көлемде орындалды.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Каталог: publish -> docs -> files
publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
files -> Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан
publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет