Мазмұны Алғысөз Кіріспе Жемқорлыққа қарсы мәденеиет: түсінік, құрылым, міндеттері мен қызметі


Жанұядағы моральдық-этикалық жауапкершілік



бет15/28
Дата06.02.2022
өлшемі67,43 Kb.
#81220
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
жемкорлык
Арифметика-логикалық құрылғылар. Қосындылағыштар.9-10 дәрістер
2. Жанұядағы моральдық-этикалық жауапкершілік
Ежелгі замандардан бері отбасыны Отан тәрізді ұлы құндылықпен қатар қойып, әлеуметтік ұйысу мен ұрпақ жалғастырудың ұлағатты ұясына балаған халқымыз үшін шаңырақ қай кезде де киелі ұғым, қастерлі түсінік саналған. Сондықтан, бүгінде әлемдік деңгейде отбасының әлеуметтік-мәдени феномен ретіндегі мәнінің басқаша сипат ала бастауы, қазақстандық отбасының
дүниетанымдық таңдауларының өзгеріске ұшырауы біздің қоғамды да алаңдататын құбылыстар.
Мәселен, бір кездері заңнан тыс әрекет ретінде қарастырылып, сол үшін қудаланған жағымсыз құбылыстардың қазіргі уақытта интернетте ашық көрсетілуі немесе әлемнің бірқатар мемлекетінде түрлі құқықтық мәртебелермен біржынысты некелерге, олардың бала асырап алуына рұқсат етілуі сияқты оқиғалардың кездесуі елімізде отбасы институтын дәстүрлі жолмен нығайтуда және жастарға тәрбие беру ісінде әлі де қыруар жұмыстар күтіп тұрғанын аңғаруға болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жеңімпаздарын
марапаттау рәсімінде: «Біріншіден, жердегі өркениеттің бүкіл хронологияс– кез келген қоғамның негізі ретіндегі Адамзат Отбасының Ұлы тарихы. Екіншіден, отбасы – өте ұлы құндылық. Мыңжылдықтар мен ғасырлардан бері отбасы әрбір қоғамның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан моральдық салттардың, ұлттық дәстүрлердің сақтаушысы болып табылады. Үшіншіден, отбасы – өз халқыңа, оның мәдениеті мен тұрмысына деген сүйіспеншіліктің сарқылмас қайнар көзі. Ол ата -аналар, балалар мен немерелер бақытының призмасы арқылы өтетін патриотизм мен Отанның өркендеуіне деген мәңгілік қамқорлықтың қайнар көзі. Ол ұрпақтардың ғасырлық өзара байланысы. Төртіншіден, ХХІ ғасырда жаһандану дәуірі отбасы мен бақытты неке құндылықтарын прогрестің маңызды шарттары етеді. Оны қазіргі заманғы әлемнің барлық табысты елдерінің тәжірибелері айғақтайды» деп, отбасылық құндылықтардың мәнін егжей-тегжейлі ашып көрсетті.
Бала тәрбиесінде әкенің абыройы, асқақ тұлғасы ерекше ықпал етеді. Халқымыздың салт-санасында әкені асқар тауға теңеп, отбасының асыраушысы, ақылшысы, жол көрсетушісі, кез келген жанұялық мәселенің кесімін айтып, шешімін қабылдайтын отағасы ретінде құрметтелгені мәлім. Соңғы уақытта ұл баланың, туғаннан бастап бала бақшада, мектепте, жоғары оқу орнында түгелдей дерлік әйелдер қауымының тәрбиесі мен ықпалында болуы оның бойында нағыз ер-азаматқа тән қасиеттер толық қалыптаса алмауы мүмкін деген ойдамыз. «Құтты білікті» парақтай түссек, «Егер әке ұлына немесе қызына тиісінше көңіл бөлмей, олардың мінез-құлқы нашар болса,оған баланың еш кінәсі жоқ, оған кінәлі – әкесі» деп қадап айтылады. Көне заманда көкейкесті болған бұл мәселе қазір де өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан, бала тәрбиесі еркекке тән емес деген дәстүрлі санадан бас тартып, әкенің жауапкершілігі мен рөлін арттырудың бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік мәні бөлек. Өкінішке қарай, кейбір ер-азаматтардың дүниеге әкелген өз перзенттерін өсіруден, яғни материалдық қолдау көрсетуден бас тартып, жас сәбиді тағдырдың талқысына қалдырып кету оқиғаларының орын алуы да қоғамның өзекті мәселелерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет